Совет–Хан Єаббасов



бет127/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   294
Қоректендіру Соның ішінде, әсіресе ананың психикасына әсер ететін
зорлықсыз сәттерді ескерткенді жөн көрдік. Көбінесе қолдан тамақ
болғаны жөн тандырып отырған ана, құмыраның түбінде қалған
сүттің мөлшерін көреді де, бала тоймай қалды ма екен? – деп қатты мазасызданады да, кейде зорлап ішкізіп жіберуге тырысады. Нәрестені емізуге зорлау, тіпті де болмайды. Әр кезекте құмырасын таусып ішудің шарт емес екенін білу қажет. Ана омырауын түгелдей тауыспаса да, нәрестеге сенетініміз тәрізді мұнда да сенуге тырысқан жөн. Барлығы да өз орнына келеді.


§6. ЕМІЗУДІҢ КҮРДЕЛІ СӘТТЕРІ


«Тіршілік мәні – төзімділік»
Ұждан.

Тіршілік атаулының тылсымы да сол – Жан мен Тәннің


Жан қуаты б і р л і г і қалай қалыптасып, қай сәттен қайтып бастау
Алатынын да жатса керек?! Осыншама күрделі құбылыстың өзін, табиғат шебер соншама қарапайым формуламен шешетіндігін – «жартының бірігіп – бүтінге айналуын немесе аталық және аналық сипаттардың қосылуымен үндестіретінін» - ұғыну аса қиынға түспейді. Тек, осы екі сипаттағы ұ р ы қ т а р д ы ң бірігуінен ғана бастау алатын – тіршіліктің тынысын танимыз. Ендеше, барлық құпияға толы тылсым да, Жан мен Тәннің сипаттары да – осы екі ж а р т ы боп жүрген ұрықтың – бір бүтінге айналуымен тығыз байланысты екен. Күллі тіршіліктің бойындағы Жан қуаты мен Тән құрылысы да – осы сыңарын тауып, бүтінге айналған Ұрықтың ішіндегі мазмұн болып табылады. Сондықтан, тіршілік атаулының төрт құбылысы – түгел болу үшін, тек қана ұ р ы қ т а з а л ы ғ ы н сақтауға ерекше мән беру қажет екен.
Жан қуаты – қашанда тән құрылысын жетелей жетілдіріп отыратынының мысалдары көп. Мәселен, жаңа туған жас баланың алғашқы аптадағы кейбір қылықтарының өзі, кейде тұмса болған аналардың түсінуіне қиын соғып, тіпті мазасыз күйлер кешуіне мәжбүр етеді. Мысалы, Бала әрбір емізу сәттерінде, аузына салған омырауды керенау сорып жатады да, бірер минуттан кейін мүлдем қыбырламай ұйықтап кетеді. Оның тойғанын иә тоймағанын түсіне алмаған анасы, әуресарсаң болып әбігер күйінде қала береді. Егер ол қалғып кеткен бойы, екі-үш сағат ұйықтап оянса, онда жақсы болар еді-ау?! Бірақ, анасы алдынан алып жатқыза берсе-ақ болды, бақырып жылап қайыра оянып кетеді. Міне, бұл жағдайды түсіну анаға онша жеңіл емес. Тәулік бойы бірнеше рет қайталанатындықтан, әбден мазасы кеткен ананың құр сүлдері қалғандай қатты шаршайды. Ол сарыла жүдеп ойланады. Себебін түсінуге тырысады. Бұған дәрігер де тиянақты жауап бере алмайды. Сонда, бұл не?
Өмір тәжірибелеріне жүгінсек, адам тәрбиесі қақындағы психо-физиологиялық жаңа көзқараста айтылатын, ана құрсағындағы кезеңнің тәрбиесіз қалғандығынан екені анықталып отыр. Әсересе, құрсақтағы баланың жан дүниесінің арналары соның ішінде – түйсік пен ішкі бес сезімдерінің – ашылмағандығын байқатады. Өйткені, бала тағы да бірер апта өткеннен кейін, ашығу т ү й с і г і енді ғана ашылғанын байқап, инстинкті түрде ұйықтамауға тырысады. Осындай жағдайда ана сабыр сақтап төзім көрсете алса, барлығы да өз орнына келеді. Ал, күйгелектікке салынса көптеген жайсыз жағдайларға ұшырайды. Сондықтан да, ана атаулы алдындағы нәрестесінің жандүниесін түсінуге баса көңіл бөлулері керек.
Екінші, тағы да бір – осы п с и х и к а ғ а, немесе жан-дүниеге байланысты мәселеге арнайы көңіл аударуға тура келіп отыр. Мәселен, кейбір аналардың омыраулары сүтке толып тұрса да, бірден исініп иімеудің салдарынан жөнді сүт шықпайтындары да болады. Еміп жатқан емшек сүтіне қанағаттанбаған нәрестенің көңіл-күйлері бұзылатындықтан, жиі жылап мазалары кетеді. Егер ол - әр сәт осындай жайсыздыққа тап бола берсе, көп ұзамай ж ү й к е (невроз) ауруына да шалдығады. Сондықтан, анасының емізерде иімеуінің себептерін зерделесек, мұндай жайсыздықтың төркіні тікелей ананың өз көңіл-күйіне байланысты екені анықталып отыр. Ендеше, бұл жағдайда да ана өзін-өзі ұстап, емізер алдында жақсы көретін ән-күйін немесе жанын жадыратар көркем шығармаларымен демеп, аналық төзімділік пен мейірімнен ғана шапағат тапқаны жөн. Исіну мәселесін саналы түрде шешкен ана, бірінші омырауды еміп болған тағы да қалғи бастаған ба-лаға, дереу екінші омырауды беріп байқаған дұрыс. Толық тоя қоймаған нәресте, сүті толып тұрған емшекті құмарта түсіп емері анық. Сөйтіп, нәресте мен анасының арасындағы түсініктер көп жағдайда ана мейірімі мен төзіміне тікелей байланысты екенін ескерген жөн.
Енді, осы тектес бес минут емсе ұйықтап төсегіне салса жылай бастайтын балаларға, тағы да нендей шаралар қолдануға болады. Жалпы нәресте төрт-бес минуттың ішінде, екі сағатқа еркін жететін нәрді сорып үлгеретіндіктен, оның жылағанына омырау тоса бермей, жай құрғақ еміздікті аузына салып, ұйықтатуға тырысқан жөн. Ол сонда ғана бірте-бірте түйсігі оянып, омырауды дұрыс емудің қажеттігін аңғара бастайды. Міне, бұған да ана төзімділігі ауадай қажет. Біраздан соң дұрыс емуді үйренген баланың да, нәрестесінің тойғанын сезінген ананың да қуанышына айналады.
Егер бала ашқарақ болса, оның үстіне қ ы с қ а


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет