Совет–Хан Єаббасов


Құрсақтағы Енді аяқтары ауырлағаннан бері, тіпті жан-тәндерімен тәрбие



бет166/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   294
Құрсақтағы Енді аяқтары ауырлағаннан бері, тіпті жан-тәндерімен
тәрбие табысқандай сыр жасырмайтын күндерді, екеуара
бірлесе өткізіп жатыр. Тазаланғандықтың әсері болар, бұрынғыдай емес қыңқыл-сыңқыл түгіл, жүректері кілкектеп те мазалары кеткен жоқ. Олардың барлық мұңы – дұрыстап м і н ә ж а т ете білуді үйрену?! Әйтседе, іштей тазару мен мінәжат \медитация\ етудің түрлерін де, бірсыдырғы меңгеріп қалғандықтары анық аңғарылады. Соңғы кезеңдерде олар өздерінің көңіл-күйлеріндегі сезімдерінің нәзіктенуі мен жаңғыра түлегендей әсерлерін жиі айтып жүрді. Тіпті, түйсіктік түйсінулеріңде қағылез күйге ауысатындығы соншама, кейде қайсы бір құбылыстарды алдын ала сезетіндіктерін айтады. Әлде, мұның өзі – ішкі және сыртқы – сезімдерді бір бағытқа келтіріп, үндестіре ұстаудан да туындайтын құбылыс болар?! Қалай болғанда да, жүкті әйелдердің жан–дүниесіндегі өзгерістердің молдығы, оның түйсіну мен сезіну қасиеттерінің аса байқағыш қалыпқа ауысумен ұштасып жатса керек.
Ана құрсағындағы тәрбиені сөз еткенде, мінәжат
1. Мінәжәт. етудің кейбір сәттеріне алдыңғы тараулар да,
бірсыпыра тереңдей талдап тоқтаған едік. Сондықтан, оның аса бай теориялық сипаттарына... дәл осы тұста тереңдеуге бармай, көз алдымызда өтіп жатқан өмірлік тәжірибедегі көріністерін ғана сөз етпекпіз. Мәселен, аяқтары ауыр қос ананың айтуларынша, олар екіқабат екенін білісімен–ақ, өздерін іштей тазартуға яғни кем дегенде тәулігіне үш рет мінәжат етуге әдеттене бастаған. Үйде болса міндетті түрде балконға шығып, Алатаудың қар басқан құзар шыңдарына қарап, ең әуелі жаратушыға – табиғаттың жомарттығына – ата – бабаларының аруағына – көңіліндегі тілектеріне мінәжәт ете тұра, іштей ұйыған сезім түйсіктерін түгелдей, құрсағындағы жан иесіне бағыттауға тырысады. Сол сәттерде іштегі жан иесінің де әсерленетінін анық аңғарып қалатындықтарын жиі айта бастайды. Олардың ескертулері бойынша, тіпті зайыбына да айтуға болмайтын, тек өздері ғана білуге тиісті мінәжат сезімдері барын, соңғы кездерде түсінген жұмбақтары сияқтандырып айтады. Ендеше, әрбір ананың тек өзі ғана білетін мінәжаттары да болмақ екен. Сондықтан да, мінәжатқа түсініп қарап, іштей тазарудың жолдары көп. Тек, оның сан – сала түрлерінің молдығы, ана атаулының көңіл күйлерінің тереңдігіне, парасатына, тіпті өмір тәжірибелеріне де байланысты көрінеді
Мінәжат етерде тағы да есте ұстайтын жағдай, ол – табиғи қуат көздері шоғырланатын нысаналардың болатынын білу арқылы, соларға қарап іштей тазарудың әсері әлдеқайда күшейе түспек. Ондай нысаналарға жататын – тау шыңдары – жазиралы дала – зәулім ғимараттар – айдыны кең өзен – көлдер – еңсесі биік емен ағаштар – т.б. табиғи тазалықтарға қарап мінәжатқа келудің пайдалы екенін есте ұстаған жөн. Міне, біздер тікелей тәжірибелерін ұсынбақшы аналардың да, айтқан әңгімелерінде нысаналы заттар ерекше орын алады. Олар бұл жайындағы деректерді, көптеген кітаптар мен журналдардан оқығандарын келтіріп дәлелдеуге тырысады .
Бұлар Алматы қаласының тұрғындары болғандықтан,
2. Таиғат көздеріне бірден шалынып асқақтай көрінетін Алатаудың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет