Совет–Хан Єаббасов



бет174/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   294
3-6 жасында. де шынымен де «имани гүл» немесе, үш сүюдің бүр
жарағанын анық байқадық. Оның айналасындағы заттарына және күллі тіршілікке, шын сүйіспеншілікпен қарайтындығы өз алдына, ал өзінің әділ деген түсінігін жақтағанда көңілі толып, көзі жетпесе айтқанынан қайтпайтын қырсықтығы бар. Бұл тұстағы қылықтарының да қайсыбірін айтарсыз, тек орыс тілін сұрап жүріп-ақ өзі үйреніп алғанына қуанғанымыз соншама, тіпті жәй ғана арнайы дастархан жайып тілеуімізді тіледік. Оның жақсы көретін «киндер сюрпризі» мол болды. Сәті түскенде оның ішіндегі ойыншықтары да, бірінен бірі өтердей қызықты болмасы бар ма?! Бөбегіміздің қуанышында шек болған жоқ. Әсіресе оның орысша бір сөз білмейтінін көрген нағашылары өзара отырып қайғыратын көрінеді. Бес жасқа шығар кезінде, Алматыдағы нағашыларын орысша сөйлеп қуантқан болатын. Қазір 6-жасында, ү ш і н ш і к л а с т ы оқып бітірді.
* * *
Біздер де жас ананың күнделігін мейлінше қысқартып алуға тырыстық.Оның өзі де:-Сәбиімнің толып жатқан әрекеттерін, тәптіштеп жаза беруді да жөн көрмедім.Оның не бір қызық қылықтары бір тәңірдің өзіне аян. Алла жар болып, аруақ қолдап жүрсе екен, - дейді. Адам тағдыры да біртіндей жетілетін талайы да, айналасымен тығыз байланысты ғой. Кейде адам өз бойындағы қасиеттерін меңгере алмай, тіршілік пен өмір өзгерістерінің шылауында кететіні де рас. Әйткенмен де, көкірек көзі оянып жандүниесінің а р н а л а р ы ашылып, жүрек тәрбиесі жетіліп туған адамдардың алмайтын қамалы болмаса керек. Оларды ұрығынан уланып және ана құрсағындағы тәрбиені сезінбей өскен көркөңіл жандармен салыстыруға, тіпті де болмайтыны өзінен-өзі белгілі. Қазіргі кезде жарық дүниеге ауру келіп жатқан нәрестелер ұрық тазалығының улануынан емей немене, ал, кісі өлтіріп ұрлық жасаушылар жанның – жігер – ұят – арналарының ашылмауынан екенін түсіне алмасақ, бұл апаттың адамзатқа көрсетері мұнанада көп. Сондықтан, «ұрпақты үзіліссіз тәрбиелеу» жайындағы жаңа көзқарасты өмірге жылдам енгізудің қажеттігін айтып жатудың өзі артық.Менде осы күнделігімді көпшілік үшін қажет болған соң, азды-көпті пайдасы тисін деген ниетпен, автордың айтқандарына иланып жазған едім. Әрине, бұрын-соңды мұндай нәрсе жазбағандықтан, кейбір сөйлем құрылыстары мен ойымды жөндеп жіберуді сұрағанымды да несіне жасырайын?! Қалай болғанда да, біздер адам тәрбиесінің жаңа көзқарастарына имандай сендік те, бар адамдық болымысызбен жаңа сипаттағы нәрестелерімізді дүниеге әкелдік. Оның өзі шын мәнінде дұрыс болғаны, осынау күнделіктің мазмұнында анық байқалса керек. Осындай, ләззатты жағдайға сіздердің де жетулеріңіз өздеріңіздің қолдарыңызда демекпіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет