Совет–Хан Єаббасов



бет188/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   294
Төртінші жүйе. лыптарын өзгертпестен, алма-кезек ауысқан жат-
тығулық жүйелерiн жалғастыра бередi. Бүкiл денесiн бiресе оңға, бiресе солға жантайтып, өзiнiң тыныстауын қозғалысымен үндестiре демдерiн алуға тырысады. Оның денесi оңға қарай жантайғанда оң қолы төмен созылады да, сол қолын басынан асыра жоғары көтередi. Қозғалыс осылайша бiрнеше рет қайталанып жасалынады.
Аяқ пен қолды алма-кезек екi жаққа көтеру.
Бесінші жүйе. Бұл жолы бұрынғы тұрған қалыптарын өзгертіп,
екi аяқтарын бiрiктiре ұстап, қолдарын төмен екi жанында ұстаған күйлерi қимыл жасауға әзiр тұрады. Ең әуелi аяқ-қолдарын көтерiп, сонан кейiн барып, оң жағындағы аяғы мен қолдарын қозғалысқа келтiредi. Бұл қозғалыстар да, қалыпты жағдайдағы тыныс алу тәртiбiн сақтай отырып, музыка әуенiнiң ырғағымен жайлы да, ынталы түрде орындалуы керек. Әр жүйедегi қозғалыс қимылдары 6 – 8 рет қайталанып жасалынады.
Балалар аяқтарын кере жайғасып, екi қолдарын
Алтыншы жүйе. мықынына қойып, бүкiл денесiн солға және
оңға айналдырып, қозғалыс үстiнде денесiн еңкейтiп те, шалқайтып та, шеңбер бойымен қимыл жасайды. Дененiң шеңбер бойымен қимылдауы әуелi солға қарай қозғалатын болады.
Екi қолын бiрден жаза көтерiп, қайыра түсіру ол
Жетінші жүйе. үшiн аяқтарының арасын аша орнығып тұрған
соң, шынтағынан қолдарын кеудесiнiң алдына қояды. Содан соң, бiрден қолдарын жан-жаққа соза шалқая белiн иедi. Бұл қозғалыстарды да тыныс алу ырғағына бағындырып орындайды. Қозғалыс 7 – 8 рет қайталанып жасалынады.
Осылайша жаттығу жасау уақыты да бiтiп, балалар еркiн жүрiп бойларын жазады. Таза ауада жасалынған қимыл-әрекеттердiң бәрi де балалардың көңiл-күйлерiн бiрден сергiтiп жiбередi. Содан олар iшке кiрiсiмен-ақ киiмдерiн ауыстырып, жуынып-шайынуға кiрiседi. Егер шағын бассейндерi болса, бiраз суға түсiп қимылдағанға не жетсiн.


Г) ТАҢЕРТЕҢГІЛІК АС


Ересек топтың балалары дастархан жаю мен ас тасып әзiрлеуге өздерi қатынасады. Тiптi, келешекте үй шаруасының тәрбиесi ретiнде, осы бағытты ғылыми жүйеде тереңдетудi де ойластырған жөн болар. Өйткенi, ер бала да, қыз бала да, ең әуелi өздерiнiң табиғи қызметтерiн үйренсе, басқа алған тәрбиелерi де өздерiнiң өмiршеңдiктерiн көрсетерi хақ. Мәселен, олар астың әзiрлену процестерiне қатынастырылса жаман болмас едi. Әрине, мұнда бала психикасы ерекше ескерiлiп, оның әсiресе уақыт мөлшерлерi ұзақ болмай қатаң сақталынары сөзсiз. Бұл, әзiрше жалпы пiкiр тудыру үшiн ғана айтылған ой деп түсiнген жөн.
Кезекшiлiгi жеткен ұл демей, қыз демей өз жұмыстарын тыңғылықты атқарып, көп нәрселердi үйренуге тырысады. Осы сәттерде олар, тек алып кел, барып келдiң аясында қалмай, ас үйде жасалынатын көптеген iстердiң куәсi болады. Бiздiң жоғарыдағы ұсынып отырған ойымызша, тек куәсi болудың орнына, азды-көптi өздерiнiң әлдерi келгенше iстесе деген үмiт қой?!
Олар ендi күнделiктi өздерi отыратын орындықтарға жайғасып, дастарқан басындағы тәрбие мен ас iшу мәдениеттерiн жетiлдiруге кiрiседi. Шебер тәрбиешiлер, дастарқан басындағы сабақтардың еш белгiсiз ғана, ың-шыңсыз ыммен-ақ, үздiк үлгiлерiн берумен болады. Мұны балалар да жақсы түсiнедi. Бала қасықты қалай ұстаудан бастап, айырша мен пышақты ептi пайдалануға дейiн, күнделiктi тәжiрибелерiмен жаттыға түседi. Алдарына қойылған қияр мен помидорды өздерi кесiп жеуге бiртiндеп үйрене бастайды. Төкпей-шашпай астарын iшiп болған балалар, тәрбиешiсiнiң рұқсатымен, ыдыстарын дастарқанның ортасына қарай ысырып қояды да, өздерi жайлап қана түрегелiп кетуге тырысады. Қазiргi кезде, ұлттық бақшалардың көбеюiне байланысты, халықтық тәлiммен, тамақ iшiлiп болғаннан кейiн ас қайырып барып, дастарқаннан балалардың барлығы да бiр мезгiлде бiрден тұрып кетуiн ұйымдастырған жөн. Мұндай халықтық психологияны асқа отырардың алдында да, бiрiн-бiрi тосып, “ас тәттi болсыннан” кейiн ғана, әдеппенен асықпай тамақтарын iшуге кiрiсудi де үйреткеннiң артықтығы жоқ сияқты. Осындай сәл тетiктiң түрлерi-ақ, баланың әдетiндегi көп нәрселердiң бастауы болмақ. Кезекшiлер өз шаруаларын тындырып, ыдыстың жиналуына көмектесудi бiтiрiп өз орындарына келедi. Мiне, осыдан кейiн анда-санда, балалардың үйге қонақ келгенде немесе қонаққа барғанда өздерiн қалай ұстау керектiгi жайында әңгiме өткiзгеннiң де пайдасы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет