Совет–Хан Єаббасов


Тәрбие Бала неғұрлым көпшiлiктiң ортасында тәрбиленсе, сабақтары



бет184/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   294
Тәрбие Бала неғұрлым көпшiлiктiң ортасында тәрбиленсе,
сабақтары. ол солғұрлым көпшiл де, жан-жақты болып жетiлетiндiгi зерттелiп анықталған дерек. Көпшiлiктiң арасындағы тәрбие баланы бiрден еңбек сүйгiштiкке қалыптастырады. Өйткенi, ол өз еңбегiнiң жемiсiн үнемi басқалармен салыстыра отырып, айқын да анық өзi бағалай алатын ортада өседi. Ал, бала үшiн өз еңбегiнiң жетiстiктерiн сезiнуден үлкен қуаныш болуы мүмкiн емес. Оны тоқтаусыз алға жетелеп, үнемi жетiстiктерге жеткiзетiн де осы күш. Жалпы көппен бiрге жан-жақты тәрбие берудiң мәнiн, көптеген ғалым-педагогтар құптай отырып, баланың жеке дара өзiне тән қасиеттерiн де сақтап қалуды қатты ескертедi. Әрбiр тәрбие сабақтарында баланың өзiндiк қасиеттерiн еш көмескiлемеу керек. Балабақшалардағы тәулiктiк және апталық тәрбие жоспарларын жасағанда, осының бәрi де жан-жақты ескерiлуге тиiс.
АПТАЛЫҚ ТӘРБИЕ КЕСТЕСІ



  1. Айналадағы табиғатпен таныу және сөздiк қорын өсiру – 2сағ.

  2. Санауды үйрету және санамақ ойындарын ұйымдастыру – 1

  3. Сурет салу және ою-өрнектердiң мәнiн әңгiмелеу – 1.

  4. Пластилиннен заттар жасау және мүсiн сомдау – 1.

  5. Құрастырмалы ойыншықтармен жұмыс iстеу – 1 сағ.

  6. Ән-күймен әр түрлi жанрдағы музыка тыңдау – 2 сағ.

  7. Дене шынықтыру сабақтары – 2 сағ.



Жалпы балабақшалардағы 4 және 5 жастағы балалар үшiн жүргiзiлетiн мұндай сабақтар, бiр аптаның iшiнде 10 рет өткiзуден артыққа жоспарланбауы керек. Күнделiктi сабақтар, атап айтқанда таңертеңгiлiк және кешкiлiк өтетiн сабақтар 15–20 минуттан аспай, 5– 10 минут үзiлiс жасалынып тұрады. Сенбi күндерi сабақ тек түске дейiн бiр-ақ рет өткiзiледi. қазiргi балабақшаларда сабақты жүргiзудiң екi түрлi тәсiлдерi бар. Оны ү й р е т у және о й л а н т у тәсiлдерi деп атайды, яғни, бiрiншiсi - үйрету, екiншiсi – ойланту. Бiздер екiншi тәсiлдiң басымырақ болғанын қалар едiк. Балаға ойланту тәсiлiнiң берер пайдасы мол болары анық. Себебi, үйрету тәсiлiнде – баланың белсендiлігiн аса талап ете бермейдi, ал ойланту тәсiлiнде – негiзiнен баланың белсендiлiгi мен еркi көбiрек пайдаланылады. Олай болса, ойлану тәсiлiнiң бала тәрбиесiндегi орны ерекше екен. Әйтсе де, бала тәрбиесiнде үйретудiң де, ойлантудың да өздерiне тән артықшылықтарын ескермей тағы да болмайды. Осы кезеңдерде ұлттық ойындар мен халық педагогикасының әдiстерiн жиi қолдану керек. Мұндай тәрбие әдiстерi балалардың тұқымдық немесе тектiк зерделерiн оятуға көмектеседi.
Балабақшаларындағы дене шынықтыру тәрбиелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет