Совет–Хан Єаббасов



бет51/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   294
Сократ,

  • Платон,

  • Анахарсис,

  • Томорис(Тұмар),

  • Ширақ, т.б.

  • Мөде,

  • Атилла‑Еділ,

  • Қорқыт,

  • әл‑Фараби,

  • Баласағұн.Ж.,

  • Қашқари М.,

  • Ахмет‑яссауй,

  • Асан‑қайғы,

  • Майқы би,

  • Кетбұға‑жырау‑күйші.



    Тапсырмалар мен сұрақтар:



    1. Қандай тарихи дәуірлер бар?

    2. Ондағы адам тәрбиесінің көріністері қандай болды?

    3. Тарихи дәуірлердің сатылары нешеу ?

    4. Семья сипаты қандай болды ?

    5. Л.Морган классифиякациясын айт шы?

    * * *
    ҮШІНШІ ТАРАУ


    "Қаншалықты мықты қағанат болмасын, оның халқының арасында п ә т у а с ы з жандар(жалқау, жігерсіз, оңбаған) табыл-са, онда ол халықтың соры қаншалықты қалың десеңізші.
    Тоныкөк.
    § 1. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ПСИХОЛОГИЯНЫҢ І-ШІ НЕГІЗІ
    ( немесе Семья құруға дайындық және Ұрық тазалығы).


    "Атаны бала а л д а д ы,
    Шешеге назар салмады,
    Теңгерер ж а қ с ы қалмады
    Қысқа менен ұзынды.
    Мәстек озып б ә й г е алды,
    Тайынша п ұ л боп, тай қалды,
    Бағасыз қ ы р а н - жай қалды
    Достықтың қылы ү з і л д і»
    ДУЛАТ-ЖЫРАУ.
    Адамның тән қуатынсыз оның жан-дүниесінің жаңарып еселей жетілуі, жеке дара тіпті де нәрлене алмайтыны айтпаса да түсінікті. Сол сияқты тән де жан қуатынсыз дами алмақ емес. Өйткені, қазіргі молекулалық биологияның ашқан жаңалықтары бойынша, кез-келген тіршілік иелерінің ұ р ы қ т а р ы н д а тәннің де, жанның да қуаттары бір мезгілде пайда болып, тіпті жан қуаты - тәннің дамуын жетелеп отыратын көрінеді. Бірте-бірте жетілетін тәннің дамуы уақыт мерзімдерімен дараланатын бірнеше кезеңдерге бөлініп, тек физиолгиялық зандылықтарға ғана бағынатынын жоғарыда айтқан едік. Ендеше, тәннің физиологиялық кезеңдерінен негіздерін алатын халық педагогикасы мен психологиясы адамның жан-дүниесінің тәлімі мен тәрбиесін жетілдірер бірден-бір ғылыми пән ретінде қалыптаспақ. Осыған орай, егжей-тегжей қарастырмақшы болып отырған Халық педагогикасы мен психологиясының 1-ші негізін, Тәннің физиологиялық бірінші кезеңінің сипатымен шартты түрде "Семья құруға дайындық және Ұрық тазалығы" деп атауға тұра келеді. Себебі, жер бетіндегі күллі тіршілік иелері ең әуелі, тек ұрықтан ғана бастау алатынына, ерекше маңыз берудің өз логикасы бар.
    Адамзат қауымындағы кез-келген халықтың ж а ң а буыны мен келер ұ р п а қ т а р ы н ы ң бастауы – с е м ь я құрып, шаңырақ көтеруден басталатындығы да табиғи шындық. Адам өміріндегі осынау аса бір жауапты кезеңді халық даналығы, тіршіліктің ішкі мәнімен тереңдете түсіп: ‑ "Адам ұрпағымен мың жасайды" - деп тұжырымдаған екен. Әрине, мың жасатар ұрпақтың, сөз жоқ, дендері сау, жүйкесі бүтін өміршең болуы басты шарт. Өйткені, осыншама ұзақ тіршілік етіп, мәңгілік ғұмыр сүргісі келетін х а л ы қ, өзінің орман-сулы – Отанын, от басындағы думанды-жиын - О ш а ғ ы н және бар тіршілігінің діңгегі тәрізді - Қарашаңарағын да - Жаны мен Тәні сау, Рухы бүтін ұрпаққа ғана тапсырғысы келеді. Олай болса, сол ұрпақтың ұрығынан дерттеніп т е г і н е н тозып бара жатқанын, сол келешек ұрпақты дүниеге әкелетін ата-аналар неге ойланбайды? Олардың - ішкені а р а қ, тартқаны т е м е к і , шеккені н а ш а мен а п и ы н бола тұра, рухы бүтін ұрпақты қайдан алмақшы? Олар тіршілік атты Бәйтеректің өзі отырған бұтағын, аралап жатқан арсыздықтарын қашан тоқтатпақ? Сірә, адамзат қауымы – құмарлықтың У-ын ішу мен пенделіктің пейілін тыюды түсіне ала ма? Осы сауалдардың жауаптарын іздегенде, қазіргі адам тәрбиесінде қабағат үлкен қателіктердің бар екенін мойындамай болмайды. Ендігі жерде, ағат кеткен Жан мен Тән тәрбиелеріндегі ақауларды ең ауыр мәселе ретінде қолға алатын мезгіл жетті.
    Олай болса, семья құруға дайындалу к е з е ң і н д е бір шешімге келген екі жас та, олардың туған-туыстары мен ата-аналары да – мынадай үш түрлі мәселеге ерекше көңіл бөлулері қажет:
    1. Халқымыздың ғасырлар бойы тәрбие-тәлімдерімен қалыптасқан ата-баба дәстүрлерін қадағалау арқылы, ұлттық генофонымызды көздің қарашығындай сақтау.
    2. Семья құруға саналы түрде дайындалу арқылы, ұрық тазалығының мәнін түсіну.
    3. Ата-ана мен бала арасындағы сыйластық.
    Осы айтылған үш мәселені қазіргі уақыт жағдайларымен салыстыра отырып, ғылыми тұжырымдармен жүйеленген талдау жасап көрелік. Тек мұндай талдаудың негізгі сүйенер арқауы халық педагогикасының алуан түрлі тағылымдарымен ұштасып, уақыт тезімен шыңдалған дәстүр-салттарына ғана иек артатынын ескертпекпіз.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   294




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет