Совет–Хан Єаббасов



бет52/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   294
А) АТА-БАБА ДӘСТҮРІ

Жалпы адамзат қауымы өзінің қоғамдық дамуының әр кезеңдерінде, тәлімі мен тәртібі үшін пайдаланған тәрбие тәсілдерін жетілдірумен қоса, тұрақты зандылықтарға айналдырған дәстүр-салттарының түрлері де жетіп жатыр. Олар - халықтық - тайпалық - рулық - болып дәстүрдің ортақ үлгілерін көрсетумен бірге, семьялық және туысқандық - ережелер арқылы оны аса үлкен нақтылыққа дейін жіктей де алған. Осыған орай дәстүр-салттың - жақсысы да жаманы да, ескісі де жаңасы да бар екені, сонау әлім-сақтан бері қарай жалғасып жатыр. Сондықтан да халық педагогикасы мен психологиясын ғылыми пән ретінде жүргізгенде, оның осы диалектикалық көріністерін аса шебер пайдаланған жөн. Олай болса, жалпы д ә с т ү р дегеніміздің өзі не? Ең әуелі, осыған жауап іздеп көрелік.


Ежелден белгілі әмбебап түсіндірме сөздіктер де: - "Дәстүр дегеніміз - жалпы ұлт па, ұлыс па, қауым болып қабылдаған тәртіптің түрлері мен қоғамдық ережелердің жиынтығы"- дейтін анықтама береді. Былайша айтқанда кез-келген елдің дәстүр-салттары, өз замандарындағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін, сол елдің Ата заңдары десек те артық емес.
Осыған орай, сан ғасырлардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра жасаған, Қазақ халқының да, өзіне тән өркениеттері мен басқаға ұқсамас ұлттық дәстүр-салттары бар. Олардың әртүрлі тұрмыс-тіршіліктерге байланысты қолданылған сипаттары да толып жатыр. Оның түрлерін жеке-жеке санамалап шығу, тіпті де мүмкін емес. Олай етудің қажеттілігі де шамалы?! Сондықтан, тек халықтық тәлім-тәрбиемізге ерекше әсері бар дәстүрлерді ғана саралап, және оны үш сала топқа бөліп, ғылыми жүйелеп қарастыруды жөн көрдік. Оның үстіне осы үш сала дәстүрлер тобы. Қазақтың халық педагогикасының ұлттық ерекшеліктерін де, және оның өзгелерден келетін көшірмелерге көне де бермейтін тектілігін де қалыптастырады. Ендеше осынау үш сала топқа көңіл аударалық:
І. Халқымыздық т е г і н сақтауды және А т а дәстүріміз болып
саналатын - "Жеті атаға дейін қыз алыспау" ‑ салтына мән береміз.
2. Еш халыққа ұқсамайтын өз ерекшелігі бар "туысқандық" дәстүр.
3. Шаңырақ көтеруге әзірлік және "Семья құру" зандылықтары.
Осы айтылған дәстүр-салттарымыздың үш сала тобының... бір-бірімен өзара тығыз байланыстылығы да, басқа ешбір елдің салттарында кездеспейтін, тек өзімізге ғана тән аса құнды ұлттық ерекшеліктеріміз болып табылады. Мұның ең басты себебі - Ата дәстүріміз болып табылатын -"Жеті атаға дейін қыз алыспау" салтының құдіретінде жатса, оның үстіне, бұл дәстүрдің басқа халықтар да жоқ екендгін де, анық етіп айтатын мезгіл жеткен сияқты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет