Стамбекова жазира курмангалиевна


ДЕҢГЕЙЛЕРІ Инновациялық әрекетке дайын болашақ бастауыш сынып педагогі



бет28/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

ДЕҢГЕЙЛЕРІ


Инновациялық әрекетке дайын болашақ бастауыш сынып педагогі

Сурет 21 – Жаңартылған білім мазмұны жағдайында болашақ бастауыш сынып педгогтерін инновциялық әрекетке даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі


Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаудың педагогикалық шарттары арнайы әзірленген оқу және әдістемелік-технологиялық кешенге сүйеніп іске асырылады. Осы кешеннің моделінде бұл жүйенің барлық педагогикалық және технологиялық құраушылары мен шарттары қамтылуы көзделінді. Біздің тарапымыздан әзірленіп ұсынылған технологиялық модельде студенттің инновациялық әрекетке даяр болуының тірегі болатын теориялық білімі мен практикалық іс-әрекетін, операционалдық қадамдарын қамтитын құраушылары көрсетілді.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесінің құрылымдық моделі заманауи педагогикалық талаптар мен жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұнына лайықталып құрылды. Модельдің құрамында ең алдымен мақсат, одан туындайтын міндеттер, мақсатқа жету жолында меңгерілуі тиіс білім мазмұны, білім мазмұнын меңгерту үшін пайдаланылатын оқыту формалары мен оқыту әдістері, күтілетін нәтиже анықталды. Ұсынылған модельді құрастыруда зерттеу жұмысымыздың дидактикалық болмысын танытатын модельдеу ұстанымдарын ескере отырып, ғылыми танымның модельдеу әдісін қолдандық. Зерттеу жұмысының көздеген мақсатына жетудің практикалық және әдіснамалық-теориялық бөлімдерін екіжақты біртұтастық ретінде көрсетуге ұмтылдық.
Жоғарыда айтылғандар мен көрсетілген модельге сүйене отырып, студенттерді инновациялық әрекетке даярлаудың білім мазмұнын осы мақсатқа жетуге және қойылған міндеттерді шешуге бағытталған «Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсының бағдарламасы әзірленді. Ол бағдарлама және оның жүзеге асырылу кезеңдері мен логикасы келесі тарауда қарастырылады.

  1. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП ПЕДАГОГТЕРІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТКЕ ДАЯРЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет