Стамбекова жазира курмангалиевна



бет31/44
Дата14.09.2023
өлшемі6,09 Mb.
#107065
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Байланысты:
stambekova-zh-k-phd-s-sp

Болашақ педагогтің креативтік-шығармашылығы дәрежесін бағалауы:

0 – 13 төменгі деңгей
13 – 27 орта деңгей
28 – 40 жоғарғы деңгей

  • Болашақ педагогтің инновациялық әрекетті жүзеге асыруға деген өзінің кәсіби қабілеттерін бағалауы:

0 – 15 төменгі деңгей
16 – 30 орта деңгей
31 – 45 жоғарғы деңгей

  • Болашақ педагогтің өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалауы:

0 – 12 төменгі деңгей
13 – 23 орта деңгей
24 – 35 жоғарғы деңгей
Кесте 8 – «Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке қабілеті мен қасиетін өзіндік бағалау» сауалнамасының нәтижесі



Педагогтің инновациялық әрекетке деген даярлық сипаттар

Деңгейі

Бақылау
Тобы (66)

Эксперименттік тобы (67)

саны

%

саны

%

Болашақ педагогтің инновациялық әрекетке деген мотивациялық-шығармашылық бағдары

Жоғарғы

6

9,1

7

10,4

Орташа

37

56,1

37

55,3

Төменгі

23

34,8

23

34,3

Болашақ педагогтің креативтік-шығармашылығы дәрежесін бағалауы

Жоғарғы

9

13,6

11

16,4

Орташа

32

48,6

28

41,8

Төменгі

25

37,8

28

41,8

Болашақ педагогтің инновациялық әрекетті жүзеге асыруға деген өзінің кәсіби қабілеттерін бағалауы

Жоғарғы

7

10,6

16

22,4

Орташа

37

56,1

39

59,7

Төменгі

22

33,3

12

17,9

Болашақ педагогтің өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалауы

Жоғарғы

11

16,6

13

19,4

Орташа

34

51,6

33

49,3

Төменгі

21

31,8

21

31,3




Сурет 24 – «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық әрекетке қабілеті мен қасиетін өзіндік бағалау» сауалнамасының нәтижесі


Сауалнама қорытындысы бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттердің инновациялық әрекетке деген мотивациялық-шығармашылық бағдарының эксперименттік топта 10,4% жоғары деңгей, 55,3% орта деңгей және 34,3% төмен деңгейде бар екендігін өздерінің жауаптары арқылы дәлелдеді. Болашақ педагогтің креативтік-шығармашылығы дәрежесін бағалауын 16,4% жоғары деңгей, 41,8% орта деңгей және 41,8% төмен деңгейде бар екендігін байқадық. Болашақ педагогтің инновациялық әрекетті жүзеге асыруға деген өзінің кәсіби қабілеттерін бағалауын 22,4% жоғары деңгей, 59,7% орта деңгей және 17,9% төмен деңгейде бар екендігін көруге болады. Болашақ педагогтің өзінің жеке тұлғалық қасиеттерін бағалау сипатын 19,4% жоғары деңгей, 49,3% орта деңгей және 31,3% төмен деңгейде бар екендігі байқалды.Бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетінің деңгейін анықтауы мақсатында респонденттерге келесі «Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық әрекетінің деңгейін анықтауы» сауалнамасына жауап беруге нұсқау берілді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің жауабын талдау барысында келесі (кесте 9) нәтижелер анықталды.


Кесте 9 – Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетінің деңгейін анықтауы сауалнамасының нәтижесі








Ізденімпаздық

Қызығушылық

Немқұрайлылық

Сенімділік

Сенімсіз

Жоғары

27,7

13,2

17,9

14,8

29,4

Орташа

38,8

42,7

52,7

39,3

31,2

Төмен

33,3

44,1

29,4

45,9

39,4




Сурет 25 – Бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекет деңгейінің көрсеткішері


Диаграммадан көрініп тұрғандай, үшінші топқа 18 респондент жауап беріп отыр. Олар инновациялық әрекетте алда да емес, артта да емес, «қалың ортада» болғысы келеді. Бұл анкета бойынша қызықты дерек – инновацияға аса қызығушылық танытушылар мен оған қарама-қарсы яғни жаңаға сенбейтін, дәстүрлі педагогикалық әрекетті сенімді деп санайтындар бірдей деңгейде екендігі.Анықтау эксперименттің келесі қадамында инновациялық әрекетке қаншалықты мән беретінін, жаңартылған қазақ тілі бағдарламасының инновациялық сипатын қаншалықты түсінетінін анықтау мақсатында және инновация, инновациялық әрекетті түсінуін тексеру мақсатында кесінді тапсырмалар орындатылды.1-кесінді тапсырма. «Инновациялық әрекет» деген ұғымға берілген анықтамалардың ішінен дұрысын белгілеңіз (кесте 10).


Кесте 10




Инновациялық әрекет дегеніміз -



кәсіби әрекет түрі, оның мазмұны оқытудан, тәрбиеден, білім беруден, түрлі оқу орындарындағы білім алушыларды дамытудан тұрады.

алда келе жатқан ұрпақтың өзінің соңынан ізін басып келе жатқан ұрпаққа мәдени-тарихи тәжірибесін беруге бағытталған әрекет.

білім беру үдерісін ұдайы жаңартып, жаңа леп алып келетін, тоқырау мен тоқтап қалудан сақтайтын маңызды әрекет.

2-кесінді тапсырма. 2-сыныпқа арналған жаңартылған «Қазақ тілі» бағдарламасынана алынған материалмен зейін қойып танысыңыздар. Осындағы 2.1.6.1 оқу мақсатына жетудің инновациялық әдістерін өз шешіміңіз бойынша анықтаңыздар (кесте 11).


Кесте 11




6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Тыңдалым және айтылым

1.6 Тыңдарманның назарын аудару



2.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара) қолданып, тақырыпқа (Сіз қалай ойлайсыз? Сіз не ұсынар едіңіз?) назарын аударту

3-кесінді тапсырма. Берілген суретке қарап, бос шеңберлерге адам әрекетінің жазылмаған түрлерін тауып жазыңыз.





Сурет 26
Келесі кесте мен диаграммада осыған байланысты берілген кесінді тапсырмалардың орындалу деңгейлерін көруге болады.
Студенттерге анықтаушы кезеңде орындатылған осы 1,2,3- кесінді тапсырмалардың нәтижелері келесі кесте медиаграммада берілді (кесте 12).

Кесте 12 – Студенттердің кесінді тапсырмаларды орындау нәтижесі





Топтар


саны


1-кесінді

2-кесінді

3-кесінді

дұрыс

дұрыс емес

дұрыс

дұрыс емес

дұрыс

дұрыс емес

Эксперимент. топ

67



24

35,8 %

43

64,2 %

22

32,8%

45

67,2 %

15

22,4 %

52

77,6 %

Бақылау
тобы

66



19

28 %

48

72 %

21

31,8%

45

68,2 %

13

18,6 %

53

80,3%




Сурет 27 – Эксперименттік және бақылау топтарының кесінділер орындау нәтижесі


Осы алынған мәліметтер бойынша диаграмма түрінде эксперименттік топтың нәтижесі мен бақылау тобының нәтижесін бөлек қарайтын болсақ, олардың өзара онша алшақ кетпегенін көру қиын емес.Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даярлығының когнитивтік өлшемдері – студенттің инновациялық табысты педагогикалық әрекет етуі үшін қажетті білімнің жиынтығы. Когнитивтік өлшемдер студенттердің танымдық әрекетімен тығыз байланысты болып келеді.Келесі әрекеттік өлшем болашақ педагогтің өз қызметінде инновациялық әрекетті жүзеге асыруы барысында шешілуі тиіс практикалық міндеттердің шешу барысында қажетті білім мен дағдылардың жиынтығын білдіретіні белгілі. Аталған өлшем бойынша эксперименттік топ жоғары деңгейге шығып, бақылау тобының төмен деңгейде қалғаны айқын танылды.Қорыта келе, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтаушы кезеңінде болашақ бастауыш сынып педагогтерімен, мектеп мұғалімдерімен өткізілген сауалнама, кесінді тапсырмалар – университетте дайындалып жатқан және болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке арнайы даярлануы аса қажет екендігін айқын көрсетті деп айта аламыз. Жаңартылған қазақ тілі оқу бағдарламасының сәттілікпен жүзеге асырылуы оның мазмұнының инновациялық болуында ғана емес, есесіне, сол жаңартылған білім мазмұнын оқытатын мұғалімдердің арнайы инновациялық әрекетке бейім болуы, дайын болуын талап етеді. Анықтау кезеңде алынған нәтижелер негізінде келесі қалыптастырушы кезеңге арналған әдістемелік кешеннің мазмұндық-құрылымдық сапасы мен оңтайлылығына тағы да талдау жасалынып, арнайы тексеру әзірліктің деңгейін жоғарылата алды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет