3.1 Тәжірибелік˗эксперименттік жұмысты ұйымдастыру
Зерттеу жұмысының болжамын және әдістеменің тиімділігін тексеру үшін арнайы тәжірибелік-эксперименттік жұмыс ұйымдастырылатыны белгілі. Болашақ бастауыш сынып мұғалімін жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде инновациялық әрекетке даярлау ізденістің негізгі бағыты болғандықтан, бұл мәселенің теориялық тұғырларын жүйелеу арқылы арнайы құрылған әдістемені білім беру тиімділігіне қол жеткізуге бағытталған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу қажеттілігі туындайды.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың мақсаты – жаңартылған бағдарлама негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімін инновациялық әрекетке даярлауға арналған арнаулы курстың бағдарламасын және оқу-әдістемелік кешеннің тиімділігін анықтау.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың міндеттері:
«Бастауыш білім беруде инновациялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курс бағдарламасын болашақ бастауыш сынып мұғалімін дайындау үдерісіне енгізу және оның тиімділігін анықтау;
Жаңартылған бағдарлама негізінде болашақ бастауыш сынып мұғалімін инновациялық әрекетке даярлауға арналған «Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралының тиімділігін анықтау.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс болашақ бастауыш сынып мұғалімін инновациялық әрекетке даярлаудың теориялық негіздері мен практиканың бірлігі негізінде жүзеге асырылды. Осы әдіснамалық қағидат біздің зерттеу жұмысымыздың жетекшілік орында болады.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыруда эксперимент өткізілетін алаң таңдалынып алынды. Тәжірибелік-эксперименттік алаң ретінде 2018-2021 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бойынша «5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына дайындалып жатқан 2,3 курс студенттері іріктелініп алынды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс анықталған алаңдардың оқу үдеріс барысында жүргізілді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс үдерісіне 133 студент қатысты. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс анықтаушы, қалыптастыру және бақылау деп анықталған үш кезеңге бөлініп ұйымдастырылды. Әр кезеңнің мақсаты мен міндеттері және күтілетін нәтижелері алдын ала нақтыланды.
Анықтау экспериментінің мақсаты – педагогикалық үдеріс барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық талдау негізінде құрылған болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлаушы модельдің төрт компонентіне сәйкес (мотивациялық, мазмұндық, инновациялық-әрекеттік, рефлексивтік) алдын ала таңдап алынған әдістемелер арқылы инновациялы-әрекеттік деңгейлерін (жоғары, орта, төмен) анықтау болып табылады. Осы қойылған мақсатқа сәйкес, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезеңдерге бөлініп, әр кезеңнің өзі алдына ішкі кіші мақсаттар қойылып, сол мақсаттарға жету міндеттері белгіленді. Тәжірибелік–эксперименттік жұмыс 2018-2021 жылдарда анықтаушы кезеңде, оқыту-қалыптастырушы кезеңде, бақылау кезеңінде жүргізілген болатын. Келесі 5 кестеде әрбір кезең жөнінде мәлімет көрсетілді.
Кесте 5 – Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс сипаттамасы
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс кезеңдері
|
Жүргізілген уақыты
|
Мақсаты мен міндеттері
|
Қолданылған әдістер
|
Күтілетін нәтиже
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Анықтау кезең
|
2018-2019 ж.
|
Анықтау эксперимен
тінің мақсаты – педагогикалық үде
ріс барысында бола
шақ бастауыш сы
нып педагогтерінің теориялық талдау негізінде құрылған болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әре
кетке даярлаушы модельдің төрт компонентіне сәйкес (мотивациялық, мазмұндық, иннова
циялық-әрекеттік, рефлексивтік) алдын ала таңдап алынған әдістемелер арқылы инновациялы-әре
кеттік деңгейлерін (жоғары,орта, төмен) анықтау болып табылады.
Міндеттері:
-Зерттеу жұмысының басты бағыттарын айқындау.
-Тәжірибеге қатысушыларға кесінді тапсырмалар мен сауалнама орындату.
|
1.Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновацияға, инновациялық әрекетке деген бейімділігінің, ынта-ниетінің деңгейін анықтау сауалнамасы (Авторлық әзірлеме)
2.Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке қабілеті мен қасиетін өзіндік бағалау сауалнамасы (Авторлық әзірлеме)
3.Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетінің деңгейін анықтауы (Авторлық әзірлеме)
4.А.Пакулина мен С.М.Кетьконың «Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің оқуға мотивтерін анықтау» сауалнамасы
|
Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке даярлық деңгейі анықталады.
|
5 – кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Қалыптастыру кезең
|
2019-2020 ж.
|
Теориялық -әдіснамалық тұғырлар негізінде «Бастауыш білім беруде инновциялық әрекетке даярлау негіздері» элективті курсы мен «Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау әдістемесі» оқу-әдістемелік кешені және т.б. арқылы білім алушыларды инновациялық әрекетке даярлау.
Студенттерге арналған «Ғылыми-инновациялық портал» жобасын әзірлеу.
|
дамыта оқыту әдістері, проблемалық әдістер, жоба әдісі, ізденім, модельдеу, салыстыру, дедукция, креативтік-шығармашылық әдістер, пресс-конференция, интерактивті және эвристикалық дәрістер, белсенді тренинг, және т.б.
|
Болашақ бастауыш сынып мұғалімі инновациялық әрекетке даярланады.
|
Бақылау кезеңі
|
2020-2021 ж.
|
Анықтаушы кезеңдегі көрсеткіштермен салыстыру үшін, екінші рет кесінді тапсырмалар орындату арқылы ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігін дәлелдеу. Студенттерге арналған «Ғылыми-инновациялық портал» жобасын ұсыну.
|
Тапсырма орындату, кесінді тапсырмаларды талдау, статистикалық талдау, жинақтау, салыстыру, топтастырулар жасау.
|
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың, зерттеудің қорытындысын жасау, әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтарды түзету енгізе отырып, тарату. Зерттеуді тұтас мәтін түрінде рәсімдеу.
|
Студенттердің жалпы саны – 133, оларды эксперименттік және бақылау тобы деп 67 және 66 студенттен тұратын екі топ құрылды.
Ғалымдардың атап көрсетуінше, эмпирикалық әдістердің, яғни сауалнама, әңгімелесу, оқу үдерісін бақылау сияқты нақты әдістер тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың тиімділігіне үлкен әсерін тигізеді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс эмпирикалық зерттеудің әдістерін кешенді түрде қолдануды керек етеді.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс анықтаушы кезеңін өткізу барысында зерттеу құралы ретінде келесілер қолданылды:
болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекеті тәжірибесін анықтау және топтастыру;
бакалаврлерге инновациялық әрекет бойынша кесінді тапсырмалар орындату;
болашақ бастауыш сынып педагогтері педагогикалық практикадан өтетін мектептегі бастауыш сынып мұғалімдерімен инновациялық үдеріс, иновациялық әрекет ету туралы әңгімелесу, олардың тәжірибесінде инновациялық әрекеттің қаншалықты орын алатынын анықтау;
мектепте сабақ беріп жүрген бастауыш сынып мұғалімдерінен алынған материалдар мен болашақ бастауыш сынып педагог-бакалаврлардың жауаптарындағы ортақ мәселені анықтау, ерекше белгілерді жүйелеу; болашақ бастауыш сынып педагогтеріне бастауыштағы қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесін оқыту үдерісінде байқалған инновациялық әрекетке даярлау деңгейін талдау, ерекшеліктерді нақтылау.
Зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-теориялық әдебиеттер талданып, зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері, инновация үдерісі, инновациялық әрекет, педагогикалық құзыреттілік т.б. маңызды ұғымдар мен түсініктер жүйеленді. Одан соңғы кезекте нормативтік құжаттарға, яғни «Қазақ тілі» пәні бойынша 2-4 сыныптарға арналған жаңартылған бағдарлама, оқулық, оқу-әдістемелік құралдары кешеніне талдау жасалынды.
Болашақ бастауыш сынып педагогтерін инновациялық әрекетке даярлау үшін төмендегідей әдістемелік құралы анықталып және қолданылды:
А.Пакулина мен С.М.Кетьконың «Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің оқуға мотивтерін анықтау» сауалнамасы
Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновацияға, инновациялық әрекетке деген бейімділігінің, ынта-ниетінің деңгейін анықтау сауалнамасы (Авторлық әзірлеме)
Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетке қабілеті мен қасиетін өзіндік бағалау сауалнамасы (Авторлық әзірлеме)
Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекетінің деңгейін анықтауы (Авторлық әзірлеме)
Сауалнамаларды құрастыруда ғалымдардың инновациялық әрекетке даярлығын анықтау бойынша әдістемелік ұсыныстары жетекшілікке алынғанын, бірақ басшылыққа алынған қағидалардың зерттеу жұмысының тақырыбы мен мақсаты бойынша бейімделгенін атап кетеміз. Сауалнамалардың құрылымы мен мазмұны келесідей ретпен жүйеленді.Модельде көрсетілген мотивациялық компоненттерін анықтау мақсатында студенттерге А.Пакулина мен С.М.Кетьконың «Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің оқуға мотивтерін анықтау» сауалнамасы берілді.Сауалнамда болашақ бастауыш сынып педагогтерінің инновациялық әрекеті олардың қалыптасу шарты ретінде қарастырылады; әрекеттің қозғаушы күші ретінде болашақ мұғалімдердің мотивтері анықталады.Оқытудың ішкі мотивациясы оқуға түсудің ішкі себептерін қамтитын педагогикалық университет, кең танымдық мотивтер және тиісті кәсіби себептері.
Баллдардың жалпы сомасы 75балдық көрсеткішті құрайды:
ЖОО түсу мотивтері 2, 3, 7, 8, 10. Максималды 25 балл;
Оқудың шынайы әрекет етуші мотивтері 13, 14, 15, 16, 24. Максималды 25 балл;
Кәсіби мотивтер 26, 27, 32, 34, 35. Максималды 25 балл.
Сауалнаманың мәліметтері көрсетіліп, соның негізінде студенттердің инновациялық әрекетке мотивациясы, студенттердің инновациялық әрекетке құндылықты қатынасы және инновациялық дағдыларды игерудің деңгейі анықталады. Олардың жиынтығы болашақ бастауыш сынып педагогінің инновациялық әрекетке даярлауының алғашқы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді (кесте 6).
Кесте 6 – А.Пакулина мен С.М.Кетьконың «Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің оқуға мотивтерін анықтау» сауалнамасының нәтижесі
Топтар
|
Жалпы саны
|
Болашақ бастауыш сынып педагогінің білім алуға деген мотивациясы (деңгейі бойынша)
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Студент саны
|
Көрсеткіш
|
Студент саны
|
Көрсеткіш
|
Студент саны
|
Көрсеткіш
|
Эксперименттік топ
|
67
|
31
|
46,3
|
28
|
41,8
|
8
|
11,9
|
Бақылау
тобы
|
66
|
28
|
42,4
|
29
|
44
|
9
|
13,6
|
Сурет 22 – А.Пакулина мен С.М.Кетьконың «Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің оқуға мотивтерін анықтау» сауалнамасының нәтижесі
Анықтау кезеңнің келесі алгоритмі 2, 3 курс бакалаврларының болашақ бастауыш сынып педагогтері ретінде инновациялық әрекет туралы қандай түсініктері бар екенін, инновациялық әрекетке даярлығының деңгейін анықтау мақсатында арнайы әзірленген «Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің инновацияға, инновациялық әрекетке деген бейімділігінің, ынта-ниетінің деңгейін анықтау» сауалнамасы алынды.
Сауалнаманың өңделу тәртібі туралы тоқталатын болсақ, бұл жерде жауаптардың қарапайым қосындысы алынады. Студенттің немесе студенттік топтың инновацияға, инновациялық әрекетке деген бейімділігінің, ынта-ниетінің деңгейі (К) келесі формула бойынша анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |