Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет4/102
Дата29.09.2023
өлшемі2,16 Mb.
#111537
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 

КІРІСПЕ 
 
Осы құжат Қазақстан Республикасы құрылыс саласының нормативтік базасын 
реформалау шегінде әзірленді және техникалық реттеудің озық жүйесін жасауға 
бағытталған. 
Осы құрылыс нормасында: 
- нормативтік талаптардың мақсаты; 
- функционалдық талаптар; 
- жұмыс сипаттамаларына қойылатын талаптар бар. 
Осы «Емдеу-сауықтыру мекемелері» құрылыс нормалары «Ғимараттар мен 
құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын 
талаптар» техникалық регламентінің 
дәлелдемелік базасына кіретін нормативтік құжаттардың бірі 
болып табылады
және құрылыс саласындағы техникалық кедергілерді жоюға бағытталған.
Осы құрылыс нормалары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын 
құрылыстағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес әзірленген. 
Осы құрылыс нормаларының талаптарын орындаудың қолайлы шешімі мен параметрлері 
ҚР ЕЖ 
«Емдеу-сауықтыру мекемелері» келтірілген. 


ҚР ҚН 3.02-13-2014* 

БЕЛГІ ҮШІН
 


ҚР ҚН 3.02-13-2014* 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ 
СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ МЕКЕМЕЛЕРІ 
 
ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКИЕ УЧРЕЖДЕНИЯ
 
Енгізілген күні
-
2015-07-01
 
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ 
1.1 Осы құрылыс нормалары ғимараттар мен үй-жайлар аумағына, көлемдік-
жоспарлық және конструктивтік шешімдеріне, емдеу-профилактикалық мекемелерінің 
инженерлік 
қамтамасыз 
етілуіне, 
емдеу-профилактикалық 
мекемелерінің 
өрт 
қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді. 
1.2 Осы құрылыс нормалары жаңадан салынатын және реконструкцияланатын 
амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек, жедел медициналық көмек және 
санитарлық авиациялық көмек көрсететін, қалпына келтіру емдеуі және қан қызметі, сот 
медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын 
медициналық оңалту ғимараттары мен үй-жайларын, сондай-ақ фармацевтикалық 
қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын жобалауға таратылады. 
Ескертпе – Денсаулық сақтау ұйымдарының топтарына берілген сілтемелерді сәйкестендіру 
мақсатында осы құрылыс нормаларының мәтінінде бір немесе бірнеше денсаулық сақтау ұйымдары
«Емдеу-профилактикалық мекемелері» терминімен біріктірілген. 
1.3 Осы құрылыс нормаларының талаптары: 
- паллиативті көмек және медбикелік күтім көрсететін ұйымдарға;
- үй-интернаттарға арналған қабылдау-карантин бөлімдерінің үй-жайларына; 
- емдеу стационарларының құрамына кіретін оқу үй-жайларына; 
- клиникалық кафедралар оқу үй-жайларына таратылмайды. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет