4. Саяси идеология ұғымы.
Идеологияның ұғымы мен мәні. "Идеология" терминін ғылыми айналымға француз философы А. де Треси ХУІП ғасырда енгізген болатын: идеологий — сезім тәжірибесінен алынған адамзат идеяларының шығу тегі заңдары туралы ғылым, саясат, әдеп және т.т. оның басты принциптеріне сүйенуі тиіс.
XIX ғ. орта шенінде (К.Маркс пен Ф.Энгельс) идеология: қоғамның белгілі бір таптарының, топтарының мүдделері көзделетін теория болды.
Саяси ғылымда идеология деп қайсыбір тарапының мүдделеріне қызмет ететін идеялардың кез келген жүйесі ұғынылады. Осы көзқарас тұрғысынан тек пролетарлық және буржуазиялық қана емес, сонымен бірге шаруалар, ұсақ буржуазиялық, ұлттық және т.с.с. идеологиялар туралы да айтады.
Идеология теориялары:
а) аксиологиялық (Ф. Ницше, XIXғасырдың соңы);
б) психологиялық (3. Фрейд, В. Парето, XXғасырдың бірінші жартысы);
в) әлеуметтік идеология (К. Мангейм, XXғасырдың бірінші жартысы);
г) "идеологиясыздандыру" тұжырымдамасы (Э.Шилс, Д.Белл, С. Липсет, Р. Арон, XXғасырдың екінші жартысы);
Қоғамдық өмірдің бірегей құбылысы ретінде идеология көзқарастар мен идеялардың жүйесі болып табылады, онда белгілі бір болмысқа, адамдардың, таптардың, партиялардың, саясат пен билік субъектілерінің көзқарастарына, мүдделеріне, мақсаттарына қатынасы көрінеді.
Идеология және саясат.
Идеология және саясат қоғамның материалдық, экономикалық өмірінің белгілі бір түпнегізімен, сондай-ақ оның мәдени және рухани негіздеулерімен белгіленетін қоғамдық сананың нысаны болып табылады және ол тарихи және қоғамдық процестерге тікелей жатады. Саясат секілді, идеология да әмбебап сипатта болады, яғни ой-пікірдің, қызметтің, мінез-құлықтың мейлінше әралуан салаларын қамтуға әрі олардыңбағытын ("ойлау сипатын", "іс-әрекеттерінің сипатын", "айрықша мүдделерін"), мақсаттары мен жолдарын белгілеуге қабілетті болады.
Осы заманғы саясат ғылымында саясат пен идеология қоғамдық сана мен қоғамдық ұйымның барынша ұстамсыз, заңы қылатын жүйе ретінде қарастырылады.. Олар қоғам тіршілігінің барлық басқа да салаларына еніп қана қоймай, сонымен бірге бір-бірімен ұштасып кетеді. Соған қарамастан, жалпы ереже бойынша, идеологияның саясатқа өзара ұласуының жол беретін шектері де болады. Бұл қажетті жәйт, өйткені барынша идеологиялану саясатты күйретеді, оны – қоғамдық маңызды міндеттерді белгілеу және шешу жолындағы қызмет атқару әрекетінен әрі қабілетінен айырады. Басқа бір салдары тоталитарлық және қатал билік тәртіптері; жазалаулар, дағдарыстар, соғыстар болып табылады. Саяси тәжірибе көрсетіп жүргеніндей, идеологияның асқынуы идеологиясыздандыру, оны идеологиялық басымдықтан арылту қажеттігін туғызады.
Саяси идеология адамдардың белгілі бір тобының билікке (немесе оны пайдалануға) ұмтылуын ақтайтын және осы мақсаттарына сәйкес қоғамдық пікірді өзінің пікіріне бағындаруға қол жеткізетін белгілі бір доктрина ретінде қарастырылады.
Саяси идеология билік үшін жолындағы күресте бекзаттың рухани қаруы, "құралы" болады.
Саяси идеологияның негізгі міндеттері:
а) бұқараның саяси сана-сезіміне ықпал ету және ол үшін саяси өмірдегі өлшемдері мен бағдарлары жүйесін қалыптастыру;
б) идеология ұсынатын саяси бағыт пен жолдың оң сипатын қалыптастыру;
в) саяси мінез-құлықты мүмкіндігінше азматтардың неғұрлым кең тобына дәлелдеу.
Саяси идеология қызметінің деңгейі:
а) теориялық-тұжырымдамалық деңгей, ол әлеуметтік философияның деңгейі деп аталады. Бұл деңгейде белгілі бір таптың (ұлттың, мемлекеттің) құндылықтары мен мұраттарын ашатын саяси-идеологиялық теориялар және негізгі ережелер қалыптасады, жасалады, (теориялық жағынан) "тұжырымдалады".
б) бағдарламалық-саяси деңгей, идеологияның өз деңгейі. Бұл деңгейдің ауқымында әлеуметтік-философиялық принциптер мен мұраттар саяси бекзаттың бағдарламаларының, ұрандары мен талаптарының мақсаттарына ұласады. Мұнда басқару шешімдерін қабылдау мен азаматтардың саяси мінез-құлқын ынталандыру үшін нормативтік негіз қалыптасады.
в) көкейтесті деңгей, ол белгілі бір идеологияның мақсаттары мен принциптерін бұқараның сана-сезімімен игеруі деңгейін, оларды саяси болмыста, іс-әрекеттерінде жүзеге асыру шарасын сипаттайды.
Осы заманғы саяси идеологиялар
Либерализм. Өзінің ресімделу кезінен бастап (ХУП-ХУШ ғғ.) және осы кезге дейін либерализм әлеуметтік-философиялық, саяси ой-пікірдің басты бағыттарының бірі және адамзатқа ықпал ету деңгейі жағынан кең көлемді әлеуметтік-саяси ағымдардың бірі болып табылады.
"Классикалық" либерализмнің, оның тарихи дамуының бірінші кезеңінің авторлары Локк, Вольтер, Юм, Кант, Монтескье және басқалары болып табылады.
"Классикалық" либерализмнің идеялық-адамгершілік тұжырымдамалық негізі мына ережелер болып табылады:
а) жеке адамның абсолюттік құндылығы мен барлық адамдардың бастапқы ("тумысынан") теңдігі;
б) жеке-дара еріктің дербестігі;
в) адамның мәнді парасаттылығы мен рақымшылығы;
г) адамның айыруға болмайтын белгілі бір құқықтарының болуы (өзінің өміріне, бостандығына, меншігіне құқығы);
д) жалпы келісім негізінде және адамның табиғи құқықтарын сақтау мен қорғау жөніндегі бір ғана мақсатта мемлекетті құру;
е) мемлекет пен жеке-дара адам арасындағы қатынастардың шарттық сипаты;
ж) әлеуметтік бақылаудың құралы ретінде заңның үстемдігі және құқық ретінде "зандағы бостандық" пен "сол қоғамдағы әрбір адам үшін ортақ тұрақты заңға сәйкес өмір сүру және басқа адамның тұрақты емес, белгісіз өз билігінің еркіне тәуелді болмау мүмкіндігі..." (Локк);
з) мемлекет қызметінің көлемі мен салаларының шектелуі,
и) қорғанушылық - ең алдымен мемлекеттік араласудан қорғану - адамның жеке өмірінің қорғалуы және қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы оның іс-әрекеттерінің (заң ауқымында) еркіндігі;
к) жеке-дара адамның ойлау күш-жігеріне лайықты ақыл-парасатының жоғары шынайылықтарының болуы, бұлар ізгілік пен зұлымдық, тәртіп пен басаламандық арасындағы таңдауда бағдарлар рөлін атқаруға тиіс.
Кертартпалық. Бұл ұғым екі негізгі мәнінде былайша түсіндіріледі:
а) қоғамдық өмірдің дәстүрлі негіздерін, мызғымас құндылықтарын қорғауға, революциялық өзгерістерді теріске шығаруға, халықтық қозғалыстарға сенбеуін бағдарланған саяси философияны түсіндіреді. Бұл тұрғысында ол либерализм идеологиясына жауап ретінде ХVІIІ ғасырда ресімделді және Эдмунд Берктің, Ж. де Местр мен Л. де Боландтың есімдерімен байланысты болды;
б) қалың қоғамдық топтарға, сондай-ақ жекелеген адаңдарға да тек ақыл-ой бейілі. Ол дәстүрлерге, тұрақтылыққа, реттілікке бағыт ұстауымен сипатталады, революциялық, көңіл-күйлерді қабылдамайды және қоғамдық негіздерді реформалауға, күдік келтіреді, көбінде дінге мейлінше бұрығысынанда. Мұндай ақыл-ой бейілі принципті түрде алдын ала белгіленген жоспар бойынша ақылға сыйымды әлеуметтік тәртіп орнатуды қаламайды.
Осы заманғы кертартпалықтың әлеуметтік философиясы мынадай қағидаларға саяды:
а) дінмен мақұлданған әмбебап ақлихаттық (моральдық) тәртіптің болуы;
б) адамның өркениетті мінез-құлқынан тыс күнеқарлығы бар адамның жетілмеген табиғаты;
в) ақыл-ойының, сондай-ақ дене дамуында көрінетін адамдардың табиғи теңсіздігі;
г) қоғамдық таптар мен топтардың қажеттідігі және, осының салдары ретінде заң күшінің көмегімен әлеуметтік теңгерушілікке ұмтылудың ақылға сыйымсыздығы;
д) өзінің бостандығына қол жеткізу, әлеуметтік тәртіпті қорғау үшін жеке меншіктің зор маңызы;
е) дәстүрлі нормалар ілгерілеудің басты қозғаушы күші болып табыладі.
Саяси ғылымда кертартпалық үш негізгі түрге: дәстүршілдік, либертарлық, жаңа кертартпалық түрге бөлінеді.
Дәстүршілдік әлеуметтік негіздерді сақтауға және классикалық нарықтық капитализмге тән ақлихаттық дәстүрлерді ұстауға баса назар аударады.
Либертарлық — (буржуазиялық) жеке-дара адамның шектеусіз еркіндігін әсіре көксеушілік. Осы бағыттың ауқымында ұжымшылдық құлдыққа апарып соқтыратын жол ретінде түсіндіріледі. Ұжым алдындағы жеке-дара адам құқықтарының бірінші кезектегі проблемасы да осы тұрғыда қарастырылады, одан әрі, экономикаға мемлекеттің араласуына жол берілмейді.
Жаңа кертартпалық "әлеуметтік либерализмнен" адамның қоғамдық дамуы, тарихи, әлеуметтік және саяси белсенділігін қабылдаған. Билікке, тәртіп пен дәстүрлерге бекзаттық және ақсүйектік көзқарастардан арыла отырып, саясат пен әлеуметтік қатынастарды демократияландандыру қажеттігін мойындады. Сонымен бір мезгілде жаңа кертартпалық мемлекетті капитализмге, қоғамдастыру мен ұлт меншігіне алудың социал-демократиялық саясатына қарсы болды. Ол басты дәлел ретінде өнеркәсіптегі "социалистік" әдістердің тиімсіздігі туралы нобайды ұсынды.
Социал-демократтардың идеологиясы. Социал-демократия идеолотиясының негізі демократиялық социализм доктринасы болып табылады. Демократиялық социализмнің негізгі құндылықтары ретінде бостандық, тендік, әлеуметтік әділеттілік пен ынтымақтастық жария етіледі. Бұл доктринаны жақтаушылар социализм мәнін қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы шынайы демократияны жүзеге асырудан көреді.
Сөйтіп, демократиялық сациализмнің докторинасы "әлеуметтік әріптестік", "әлеуметтік-нарықтық шаруашылық" және "жалпыға ортақ береке мемлекеті" тұжырымдамаларына негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |