үйдн>үйд(і) не>үйдене.
Ү К ЕК - Қазақстанның шығыс шекарасынан Алтайға қарай
жатқан үстірт. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша бұл монгол
сөзі (үкек-ұзын сандық). Бұл атау үстірттің беті жазық болып,
сандыққа ұқсастығын дэл көрсетіп тұр (Г. Конкашпаев. Геогра
фические названия монгольского происхождения... Известия
АН ҚазССР. Серия филологии и искусствоведения. Вып. I (11),
1959, 95 беті). Бұл атау туралы Э.М. Мурзаев та осы пікірде
(Э. и В. Мурзаевы. Словарь географических названий. М.,
1959, стр. 234-235). Ол монғолдың ухег (букв, короб, ящик)
деген сөзінен жасалған «жалпақ тау, тау арқасы, үстірт» деген
мағыналарды білдіретін атаулар Алтайда, Қырғызстанда (Ала-
тоода), Жоңғар Алатауында кездесетінін де көрсетеді (сонда).
Үкек жазығын революциядан бұрын зерттеген географ
В.В. Сапожников жазған болатынды (В.В. Сапожников. Қатунь
и ее истоки. Томск, 1901, стр. 26-28). Г. Қоңқашпаев пен
Э.М. Мурзаев пікірінЖ. Болатовтақолдайды (Ж. Болатов. Шыгыс
Қазақстан облысы... қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер
211
туралы,
«Қазақ
тілі
тарихы
мен
диалектологиясының
мәселелері», жинақ, 5 шығуы, 1963, 182 беті). Сонымен, үкек
монгол тілінен кірген сөз. Тауды сандыққа ұқсатудан қойылған.
Көкшетау облысындағы Сандықтау оронимінің аты да тауды
сандыққа уқсатудан қойылған.
ҮРІЛ - Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай
ауданындағы жер жэне елді пункт аты. Осы жерде экспеди-
цияда болтан Ж. Болатов бұл атаудың этимологиясы туралы
былай деп жазды: «Бұл біздің ойымызша, монғолдың қос ерін
магынасындағы уруул сөзінен алынған болуы керек. Өйткені
Үріл де қос еріннің арасы сияқгы таумен қоршалған ұзын-
нан келген ойпат» (Ж. Болатов. Шығыс Қазақстан облысы...
қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы, «Қазақ тілі
тарихы мен диалектологиясының мәселелері», жинақ, 5 шы-
гуы, 1963, 181-182 беті). Бұл жер революцияға дейін Үрілі деп
аталғаны М. Әуезовтың «Абай» романында келтірілген. Енде-
ше бұл «ерінді» деген мағынадағы монгол сөзі болуы керек.
«Монғолша-қазақша сөздікте» уруул сөзіне ерін (ауыздың) де
ген түсінік берілген (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша
сөздік. Улан-батор, 1954, 219 беті). Арқа, бас, иық, төс, мұрын
сияқты дене мүшелерінің жер-су аттарының қурамында жиі
кездесетінін ескерсек, монғолдың уруул (ерін) сөзінен бұл
атаудың жасалуы әбден орынды.
ФАРАБ -Ш ы мкент облысы, Қызылқұм ауданында орналасқан
тарихи қаланың аты. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, атақты
ғалым Әбунасыр Мухаммед ибн Мухаммед ибн Үзлағ ибн Тар
хан Әл-Фараби осы қалада туган. Атақты жерлесіміздің туған
өлкесі Отырар алқабы деп аталған. Бул жөніндегі соңгы дерек-
тер мынадай:
«300 шаршы км. жерді қамтып жатқан осы алқапта 50-ден
астам ескі қалалардың, елді мекендердің орындары бар. Бул
өңір магистралдық каналдар мен арықтардың ізіне лық толы.
Осы қалалардың ішінде ең ірісі - Отырар (арабтар оны Фараб
212
деп атаған) - Оңтүстік Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта
Азияның мәдени, ғылыми және саяси ірі орталықтарының бірі
болған» (А. Көбесов, Әл-Фараби, Алматы, 1971, 34 беті).
Атақты жерлесіміз әл-Фарабидің өмірін жэне ғылыми
мұрасын зерттеп, кітап жазған Ауданбек Көбесовтің жоғарыда
аталған еңбегінде тағы да мынадай деректер бар:
«Туған жері (әл-Фарабидің - А. Ә.) қазақтың ежелгі қаласы
Отырарды арабтар Бараба - Фараб деп атап кеткен, осыдан ба-
рып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр
атанған. Кейде оны жай ғана «Тархани» деп те атайды. Бізге
жеткен кейбір деректерге қарағанда, оның әкесі сол тұста
көшпеліліктен отырықшылыққа ауысқан түркі тайпаларының
бірінен шыққан әскер басы екен. Бір нұсқада Фарабидің руы
қаңлы-қыпшақ деп көрсетілген» (Сонда, 38 беті).
Археологиялық зерттеулерге қарағанда Отырар типіндегі
қалалар осы өлкеде III-IV ғасырларда салынған. Сондықтан
бұл қаланың түркіше аты Отырар осы өлкеге иран халықтарына
жататын соғдилар келгенге дейін болған деп жорамалдауға бо-
лады. Отырар алқабына VI ғасырда соғдилардың келуіне бай-
ланысты қаланың аты П үрап болып өзгеріп, ал кейін VIII-IX
ғасырларда араб жаугершілігіне байланысты жэне араб тілінің.
заңдылығына сай Ф араб болып өзгеріске түскен.
Осы қаланың этимологиясы жөнінде арнайы мақала жазған
Е. Бекмұхаметовтың мынадай пікірі ерекше көңіл аударарлық:
«Фарабты түрік әулеті қыпшақтар салған. Бұл қаланың
түрікше қойьшған аты сауда-саттықпен қатынасып жүрген
фарсы (иран) елінің феодалдарына ұнамауы мүмкін. Сондық-
тан олар, шаһар орналасқан Сырдарияның екі жақ кемері
тұщы суға толы, берекелі екендігін білгендіктен болар, қалаға
«Пұраб» деп жаңа ат қойған көрінеді....
«Пұраб» деген сөздің төркініне көз жіберсек, оның екі сөзден
біріккен күрделі атау екенін білеміз. Алғашқы бөлімі пүр - фар-
сыша толы, мол, кеп, бай деген үғымды білдіреді, екінші бөлімі
213
аб - фарсыша су деген сез. Қосып айтқанда «Пұраб» - мол
сулы деген сөз болады... Сөйтіп, қыпшақ елінің көрнекті қаласы
уақытша болса да Пұраб атанып қалды. VII-VIII ғасырларда
араб халифаты Орта Азияны жаулап алып, жергілікті халық-
ты ислам дініне бағындырғаны тарихтан мэлім. Бағыныш-
ты елдерге арабтар өздерінің низамдарын, әдет-ғұрпын, дін
оқуын, жазуын, тілін күштеп енгізді. Бертін келе бұл жағдай
Сырдария бойынша қоныстанған қазақ еліне де жайыла
бастады. Көп затгарға арабтар өздерінше ат қойды.
Пұраб аталып келген шаһарды арабтар өз тіліне бейімдеп,
фонетика заңдылығына үйлестірді. Араб әліппесінде «п» эрпі
жоқ. Сондықтан арабтың жазуында да, ауызекі сөзінде де «п»
орнына «ф» немесе «б» пайдаланылады». (Е. Бекмұхаметов.
Пұраб-Фабар-Отрар. «Қазақ әдебиеті» газеті, № 24, 2 июнь,
1971 ж.). Соңғы фонетикалық заңцылықты дэлелдеу үшін ав
тор басқа да көп мысалдар келтіреді. Біздің ойымызша да
Е. Бекмұхаметовтың Фараб қаласы атының этимологиясы ту-
ралы айтқан пікірі дұрыс. Оған мынадай қосымша дәлелдер
айтуға болады.
Иран тілдеріне жататын парсы жэне тэжік тілдерінің
сөздіктеріне қарасақ, жоғарыдағы пікір дәлелдене түседі: пар-
сыша: пор - «полный, наполненный» (Персидско-русский сло
варь. М., 1953, стр. 90) «Пур. 1. полный наполненный; 2. много;
пур гуфтан много говорить; 3. употребляется в первой части
сложных слов, придавая словам значение обладания чем-л. в
полной мере или значение усиления какого-л. качества, напр.
п у р а з а м а т - полный величия; п у р д о н - очень знающий, п у р -
т а д ж р и б а - очень опытный (Таджикско-русский словарь.М.,
1954, стр. 313).
Ал енді атаудың өзіне тікелей қатысты мына сөзді қараңыз:
«Пуроб - полноводный, многоводный; дарье - хои пуроб мно
говодные реки». «Пуроби - половодье; обилие воды» (Там же,
стр. 314).
214
Сонымен келтірілген фактілер Арыс өзенінің Сырдарияға
құяр сағасы аралығына орналасқан Отырар қаласының
рельефтік жағдайын иран сөзі Пуроб/Шороб («мол сулы») дэл
береді.
Атау құрамындагы «о» дыбысының түркі тілдерінде «а» ды-
бысына ауысатыны кеңінен белгілі болғандықтан, тоқталып
жатпаймыз.
Е. Бекмұхаметовтың мақаласындағы Пуроб//Пороб//Фараб
атауы жөніндегі пікірі дұрыс болғанымен, қаланың ескі аты
Отырар 1404 жылы осы қалада Ақсақ Темірдің өлуіне байла-
нысты қойылды деуіне қосыла алмаймыз. Өйткені бұл қала
Ақсақ Темір өлгенге дейін де Отырар, Тұрар, Тұрарбанд,
Тұрар-Зерах деген варианттарда аталғаны белгілі (В.В. Бар
тольд. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Т. II, стр.
179). Отырар (қараңыз) қаласы атының этимологиясы жоға-
рыда, осы сөздікте айтылғандықтан тоқталып жатпаймыз.
Оның үстіне XIV ғасырдың басында сауда жұмысымен
флоренциялық Франческо Бальдуччи Пеголотти Сарайшық,
Үргеніш, Отырар, Алмалық (Қүлжаның оңтүстік-батысында)
арқылы Ханбалыққа (Пекинге)
баратын
керуен жолын
көрсеткен (В. В. Бартольд. История изучения Востока в Евро
па и России. Л., 1925, стр. 75). Ендеше Отырар қаласының аты
Е. Бекмұхаметов айтқан мерзімнен 100 жыл бұрын жазба
нұсқадан орын алған. Оның үстіне 1300-1310 жылдары жа-
зылған Рашид-ад-диннің «Джами ат-таварих» деген еңбегінде
Отырар қаласының аты 17 рет кездеседі. Сондықтан Отырар
қаласының аты Ақсақ Темір бұл қалага келгенге дейін болған.
Мүның өзі Е. Бекмұхаметовтың пікірін теріске шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |