Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет135/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

пар//тобы сөздері түбірлес болып, «қысқа» дегенді білдіретінін 
жоғарғы деректерден аңғару қиын емес. М. Қашқари еңбегіндегі 
«топрады» дегеннің «қысқарды», «құрыды» дегең мағыналары 
да жақын. Ендеше Топар «қысқа» дегенді білдіріп, өзеннің осы 
қасиетіне сай келуі де ықтимал.
2. Түрікмен тілінде «топар» деген сөздің мынадай ма- 
ғыналары бар: 1) группа; бир топар адам группа людей?
2) куча, груда, ворох - бір топар арза - ворох заявлений,
3) стая, стадо гушлар топар болуп учярлар - птицы летят 
стаями, 4) шайка, банда; 5) группировка;; 6) слой, прослойка, 
сословие, род - илатың дүрли топарлари - различные слои на­
селения; ол сизиң топарьщыздан болса герек он, кажется, из 
вашего рода; 7) 
циклу
соз топарлары - части речи (Туркменско- 
русский словарь. М., 1968, ст. 639). Мұндағы т о п а р сөзінің 
түбірі - т о п екені анық. Қазақ тіліндегі т о б ы р (көпшілік), 
т о п ы р л а у (көп адамның жиналуы) сөздері де осы сөзбен 
түбірлес. Ендеше коне т о п а р сөзі сол өзеннің қүяр маңындағы 
көп (топ//топар) көлдерге байланысты айтылып, осы өлкенің 
де, өзеннің де атына айналуы ықтимал. Мұнда атау топ+ар жо- 
лымен жасалған. Қазақ тіліндегі тобыр (топ+ыр) сөзі де осы 
жолмен қалыптасқан. Бұл факт сирек те болса -ар//ыр жұрнағы 
зат есімнен зат есім тудыратын өлі жұрнақ ретінде кездесетінін 
байқатады. Мэселен, құнар (қун+ар), сонар (соны+ар) сөздері 
осы жолмен жасалуы ықтимал.
Бұл жорамалға «тапар» сөзінің чуваш тіліндегі мағынасы да 
жақын: «Тапар» место отдыха и водопоя скота в полуденное 
время; ср. тур. табур «лагерь, окруженный повозками», казах.
205


т о п ы р , т о б ы р «сутолока»; «орава», т о п ы р л а «толпиться», 
«ходить толпой, скопищем», следовательно, со словом тап ар 
соединяется значение стоянки большого количества людей и 
скота, значение топота ног, шума и пр.» (В.Г. Егоров. Этимо­
логический словарь чувашского языка. Чебоксары, 1964, стр. 
230).
Түрікменстандағы қазақтар жэне қарақалпақ тілінде де то- 
пар - «топ» деген соз:
«Топар. - топ. Бір топар адам кетіп барады...» (Қазақ тілінің 
диалектологиялық сөздігі. Алматы, 1969, 335 беті).
Т О РГ АЙ - Қостанай облысының Аманкелді, Торғай, 
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданын басып өтетін өзен аты. 
Қостанай облысындағы аудан, аудан орталығының аты. Торғай 
өзенінің Қарынсалды, Тасты, Ащытасты, Қаратоғай, Үлкен- 
Қайындыторгай, Сарыторғай деген салалары бар.
Торғай гидронимінің этимологиясы туралы С. Нұрқанов ар- 
найы мақала жазды. Біз әуелі осы автордың пікірін келтіріп
кейін кейбір пікірлерімізді де айтпақпыз.
С. Нұрқановтың айтуы бойынша, «Монголия мен Ал­
тай жэне Орта Азия мен Қазақстанды жайлаған түрік-монғол 
тілдес халықтар заманымыздың V ғасырынан бастап, қазіргі 
оңтүстік орыс даласы тіпті оңтүстік шығыс Европа атала- 
тын жерлерге бірінің артынан бірі үздік-создық өтіп отырған. 
Бұлар: хун, ауар, бұлғар, хазар, мадиар, беженек, торық, 
уз, қыпшақ, монгол т. б. тайпалар жэне тайпа одақтары еді 
(С. Нұрқанов. Этнолингвистикалық этюд. «Қазақстан мектебі» 
журналы, № 1, 1967, 75 беті). С. Нұрқанов орыс жылнамала- 
рында кездесетін торықтарды осы т о р ы қ т а р м е н қатар 
қояды. Оның пікірінше, т о р ғ а й сөзі «торық» жэне «ай» деген 
тайпалардың атынан жасалған. Ай тайпасының аты Ай, Айқыз, 
Аягөз, Айрық, Айтағы деген гидронимдердің құрамында 
кездеседі. Адай, Қызай, Керей, Өтей деген этнонимдердің
206


кұрамындағы - а й , -ей бөліктері де осы «Ай» тайпасының аты- 
на қатысты болса керек.
Ал, торық деген этнонимнің этимологиясы С. Нұрқановтың 
пікірінше былай: тор - у р у ғ > т о / р у / р у ғ > т о р у ғ > т о р ы ғ >
т о р ы . Ал түсті білдіретін т о р ы (гнедой) сөзі т о р ы ғ деген сын 
есімнен қысқарып салған.
Қортындыда С. Нұрқанов былай дейді: «Біздің т о р ы қ
сөзін сын есім торы(ғ) сөзіне қатыссыз, ол торуруғ сөзінен 
ықшамдалды деуімізге екі түрлі дәлеліміз бар. Біріншіден, осы- 
лай торуруғ тіркесі сияқты үлгіде ат түрік халықтарында ежел- 
ден бар бәстүр: тор (ұ) руы, тор ұрпағы (атасы, нәсілі, асы- 
лы, сүйегі, тор тегі, эуле жүрты, елі). Екіншіден, ежелгі торық 
этнонимі өзімі белгілі түрік этнонимінің фонетикалық вариан­
ты әуе төр (түр) жіңішке түбірге уруғ жуан сезі қосылу арқылы 
тор уруғ (торуғ) болып езгерсе керек. Мүнда, яғни тор (тер, түр) 
түбірінде ешқандай сындық қасиет жоқ» (сонда, 76 бет).
Енді өз пікірімізге келейік.Торғай гидронимі С. Нұрқанов 
айтқандай торығ жэне ай (этноним) сөздерін қосылуынан жа- 
салуы да мүмкін. Бірақ, торық этнонимі төр+уруғ сөздерінен 
қысқарып жасалды, ал мұньщ өтүрік сөзінің фонетикалық 
варианты деген пікірі талас туғызады. Алдымен т ү р і к сөзі 
мен т о р ы қ сөздерін екі түбірден екендігін бұлардың жіңішке 
жэне жуан дыбыстардан жасалуы-ақ дәлелдеп тұр. Екіншіден, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет