Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


Ебейті (көлді) сөзі мағынасының мүлде көмескіленуінен. ЕЛЕК



Pdf көрінісі
бет73/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

Ебейті (көлді) сөзі мағынасының мүлде көмескіленуінен.
ЕЛЕК - Ақгөбе облысындагы өзен аты. Бұл өзеннің аты 
Геродотта бар. Біздің эрамызға дейін 517 жылы Дарий 1 ша- 
буылмен келгенде аталатын торт өзеннің бірі (бұл туралы осы 
сөздіктегі Ыргыз өзенінің этимологиясын талдағанда толы- 
гырақ айтьшды). Геродотга Лик деп аталатын осы Елек (Илек) 
өзені болса керек (Геродот, IV, 120-123). Өйткені, Ор, Ыргыз, 
Елек өзендері бір-біріне жақын орналасқан. Бүл сөздің бастапқы 
түрі Илек болуы ықтимал. Түбірі - и (су деген магынада), 
осыган коне -лек қосымшасы жалганып, гидронимге айналган 
тәрізді. -Лақ/лек, -тақ/тек, -дақ/дек варианттарындагы бүл 
жүрнақтан жер аттарын жасау кездеседі. Мысалы, илек сөзін 
тастақ, құмдақ деген сөздермен салыстырыңыз. Сөз басындағы
103


и дыбысының е дыбысына айналуына екінші буындағы е дыбы- 
сы эсер еткен тәрізді.
Сөйтіп, атау этимологиясы: и (ылғал, су)+лек (туынды сын 
есім жасайтын көне жүрнақ)>Илек>Елек.
ЕРЕИМЕН - Целиноград облысының шығыс жағындағы 
тау аты. Ғ. Қоңқашпаев бүл ороним монғолдың эрэ (ер, ер- 
кек) жэне эмэ (эйел) деген сөздерінен жасалған болуы керек 
деп жорамалдайды. Таудың бұлай атауын кейбір тастардың 
еркек пен әйел мүсініне ұксастығын байланысты болуы 
ықтимал деп қарайды (Г. Конкашпаев. Географические назва­
ния монгольского происхождения... Известия АН КазССР. Се­
рия филологии и искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 91 беті). 
Жергілікті түрғындар арасында мынадай аңыз бар: «Қазақ баты­
ры мен қалмақ батыры согысқанда, қазақ жеңіп, қалмақты аты- 
нан түсіріпті. Бірақ қалмақ аты тау ішінде ерімен қашып; кетіп, 
ешкім үстай алмапты. Содан Ерімен (Ереймен) аталыпты-мыс». 
Бүл «халыктық этимология» екені көрініп тұр, өйткені ерімен 
деген сөздің ереймен түріне көшуіне тілдік ешбір қажеттік 
жоқ.
Бүл оронимнің этимологиясын аша түсетін мынадай 
лингвистикалық заңдылықтарды коса кетейік. Ере//ер, еме// 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет