Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет71/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

ДЕНДЕР (ИНДЕР) - Гурьев облысындағы тау, көл аты. 
Бұл объектілердің қазақша аталуы - Дендер. Ал қазіргі аталып 
жүрген формасы - Индер. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша 
бүл монғолдың ундер (биік, дең) деген сөзі. Ол Индер көлінің 
аты Индер тауынын атынан алынған болуы керек деп топшы- 
лайды (Г. К. Конкашпаев. Географические названия монголь­
ского происхождения на территории Казахстана. Известия АН 
КазССР. 1959, шып. 1(11), 9-беті).
Біздінше, мұндағы Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі дәлелсіз, өйткені 
ундер (монгол) сөзі Дендер формасына көшуі мүмкін емес. 
Сондықтан, біздіңше бүл монголдың дендгер (сорайған) де­
ген сөзінен жасалуы мүмкін (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монголша- 
қазақшасөздік. Уланбатар, 1954, 85-беті). Ал, сөзтүбіріндегі «г» 
дыбысының түсіп қалуы қазак тілінде бір сөзде үш да-уыссыз 
дыбыстың катар келмеуіне сай. Ал осы жердің Ундер (орысша- 
Индер) болып аталуы сол мандаты табиғи оқпандарға (воронка) 
ягни індерге байланысты болса керек.
ДОЛАНҚАРА - Алматы облысы мен Жамбыл облысының 
шекарасындағы тау аты. Зайсан көлінің маңында және Қалба 
тауында осылай аталатын тау бар. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бой­
ынша, долан монғолша жеті деген сөз де, қара монгол, қазақ 
тілдеріне ортақ тау, шоқы деген сөз. Сонымен Доланқара «жеті 
шокы» дегенді білдіреді (Г. Конкашпаев. Географические назва­
ния монгольского происхождения... Известия АН КазССР. Се­
рия филологии и искусствоведения. Вып. 1(11), 1959, 91-беті). 
Монғолша-казақша сөздікте долоо, долоон сөздері «жеті» деп 
берілген (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монголша-қазақша сөздік», Улан­
батор, 1954, 77-беті). Мүндағы атаудың екінші қара компоненті
101


Ғ. Қоңқашпаев айтқанынан әлде қайда кең алқапта қолданылады. 
Э. Мурзаевтың пікірі бойынша қара сөзінің түбірі индоевро- 
па тілдерінен тараған. Орта Азияда, Қазақстанда, Жоңғарияда 
және Монголияда кең тараған қара, гара, хара сөздері кез 
келген тауды айта бермейді, тасты тауды айтады. Бүл сөздің 
көптеген тілдерден ізі табылады. Хинді тіліндегі қанкар - мал- 
татас (галька) дегенді білдіреді. Ауган тілінде гар-гур сөздері -
«тау», Ягнобтілінде гар-«тау», грузин тілінде гори- «тау», орыс 
тіліндегі гора сөзі де «тау». Осы сөздерді Пеллио санскриттегі 
giri, авестадагы gain, хотан тіліндегі gari, gar сөздерімен салы- 
стырады. Бүлар да «тау» дегенді білдіреді (Э. М Мурзаев. При­
рода Синьцзяна... М , 1966,343-беті). Қазақтіліндегі Доланқара, 
Жетіқара деген топонимдердегі тау магынасын беретін қара 
сөзі жогарыдағы дүние жүзіне кең тараған гар сөзімен бай- 
ланысты болуы эбден ықтимал. Қазақтың әсіресе қыр, қырат 
сөздері де осымен тікелей байланысты болуы мүмкін. Сонымен 
атау этимологиясын былай деп есептейміз: Долон (монголша
- жеті)+қара (ностратикалық тілдерде - тау) >Долаңқара (жеті 
тау, яғни «көп тау» деген мағынада).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет