«Түрлі түсті көліктер» Залдың көлденең бойымен қолдарына түрлі түсті шеңбер ұстап тұрады – бұл руль. Нұсқаушы қолына екі түсті жалаушаны ұстап тұрады. Бір түсті жалаушаны көтергенде, сол түске сәйкес көліктер әр бағытта жүреді, бұрылады, гуілдейді. Жалауша түскенде, барлығы өз орындарына қайтады. Нұсқаушы басқа түсті көтергенде, сол түске сәйкес көліктер шығады. Екі түсті жалаушаны көтеруге болады, ол кезде барлық көліктер шығады. Көліктер бір бірімен соқтығысып қалмауы керек.
«Ұшқыштар» Балалар үш, төрт топқа бөлінеді. Олар бір колоннамен , топ басшысының артында тұрады. Колонна залдын әр бұрышында орналасқан және түрлі түсті жалаулармен белгіленген. Бұл – аэродром. Нұсқаушының «Ұшақты дайындаңдар!» деген дабылына балалар әр бағытқа жүгіріп, өз ұшақтарының жанына келіп жанармай құйып, қолдарын айналдыра моторды қосады, қолды екі жаққа созып ұшады. «Қоныңдар» деп дабыл соғылғанда, өз тобын жинап, бір қатарға келіп аэродромға қонады. Бірінші қонған топ жеңімпаз атанады.
«Шеңберде қалып қойма» Еденде үлкен шеңбер сызылады. Балалар шеңбердің бір жақ сыртында тұрады. Нұсқаушы шеңбердің ортасында орналасады. Балалар шеңберге кіріп, келесі жаққа тез өтуге тырысады, нұсқаушы оларды ұстап алуға тырысады. Шеңберге кіруге қорыққан балалардың жағына қарамай көрмеген сияқты болады, олар шеңберге батыл кіріп шығуы үшін.
«Допты тордан лақтыр» Тордың екі жағында топтасып балалар тұрады. Тор балалардың көтерген қолдарының бойымен тартылады, 1-1.5 метрдан.Балалар допты бір біріне лақтыра бастайды. Немесе ойыншы төртеу болса, бір бала допты тордан асыра келесі жаққа лақтырады, қағып алған бала допты көршісіне лақтырады, ол допты тордан келесі бетке лақтырады. Нұсқаушы қай жаққа доп жерге көп түскенін санайды.
«Такси» Екі бала шеңбер ішіне тұрады: біреуі шеңбер алдында, екіншісі – артында. Бірінші бала жүргізуші, екінші –жүргінші. Залды айнала жүреді, біраз уақыттан кейін орнымен ауысады.
«Қоймадағы тышқандар» Бала –тышқандар залдын бір шетіне жиналады, бұл олардың үйі. Залдың ортасында бір неше доға қойылады, көлденең қойылған баспалдақтан жіп тартылады – ол қойма. Оның сыртында мысық жатады. «Мысық ұйқыда» деп дабыл соғылғанда, тышқандар доғадан, жіп астынан өтіп қоймаға жүгіреді, өздеріне тамақ іздейді, жүгіреді, шоқайып отырады. «Мысық оянды» деп дабыл соғылғанда, қоймадан қашып шығады. Мысық тышқандарды ұстауға әрекеттенеді.