«Құстар мен мысық» Үш, төрт бала құстар, қалғандары балапандары. Бір бала - мысық. Ойын алдында құстармен балапандары биік орындықта отырады. Мысық 20-30қадамдай жерде шеңбер ішінде отырады. Құстар ағаштан ұшып ,жерге қонады, жем іздейді, ұшады. «Мысық» деп дабыл соғылғанда, құстар биікке секіріп қонады. Мысық құстарды ұстап алуға әрекеттенеді.
«Ұлпа қарлар» Ойынға қатысушылар шашырап тұрады. Ойыншылар өзін айнала немесе бір жерден бір жерге айнала ұшады. Біраз уақыттан кейін желдін бағыты өзгерді дегенде, балалар басқа жаққа айналып ұшады. Нұсқаушы:
«Ұлпа қарлар қалықтап ұшып шаршады, айнала ұшуды тоқтатты, жерге қонып демалды».
Ойыншылар тоқтап жерге отырады. (Отырғанда тепе- тендік сақтайды).
Ойынды әрі қарай жалғастырады.
«Ақ қоян жуынады» Балалар қол ұстасып шеңбер құрып өлең создерін айтып айналады, ақ қоян ортада тұрып қимылмен көрсетеді.
«Ақ қоян қонаққа жиналды
Кел бірге жуынайық.
Беті қолды жуайық.
Өзі сондай тілалғыш.
Құлағын жуды, таранды
Орамалмен сүртінді.
Тез киініп, жиналды
Секіріп жетті қонаққа»
Қоян кімнің үйіне қонаққа барса, сол қоян болып ойынды жалғастырады.
«Біз көңілді балалар» Балалар залдын бір шетінде , сызықтың арғы жағында тұрады. Залдан сәл алшақ қуғыншы орналасады. Ойыншылар мына сөзді айтады:
Біз көңілді балалар,
Жүгіргенді, секіргенді
Өте жақсы көреміз.
Ал кәнеки, ұстап көр
1,2,3- ұста!
Осы сөздерден кейін келесі бетке жүгіріп қашады, қуғыншының қолы тиген бала ойыннан шығады. Қуғыншы сызықтан асып кеткен баланы ұстамайды.Екі ,үш жүгіргеннен кейін балалар саналып ,жаңа қуғыншы сайланады.
«Аралар мен қарлығаш» Ойыншы аралар ұшып өлең айтады: «Гүлдерге біз қонамыз, тәтті балды жинаймыз!» ыз, ыз, ыз!
Қарлығаш ұясында отырып тыңдайды да, айтады: «Қарлығаш ұшып шығады, араларды ұстайды».Ұсталған ара қарлығаш болады.
Екінші кіші топқа арналған қимылды ойындар. «Аттар» Балалар өз қалауы бойынша жұптасып тұрады. Біреуі- ат, екіншісі – атқосшы. Атқосшы атқа жүген салады. Залдың тура бағытына қарай жүреді. Артқа қарай залдын шетімен жүреді. Нұсқаушының бағытымен орындарын ауыстырады.
«Атқосшы» Бес, алты бала залдын бір шетінде сызық бойымен тұрады. Тәрбиеші әр балаға таяқша таратады. Балалар таяқшаға мініп, залдын келесі бетіне атша шауып барады. Бір бірін қақпай , шапшаң жүгіру керек.