Тақырыбы : Дін ұғымы және оның тарихи түрлері. Группа: 1602-11 Қабылдаған


Ғылымда діннің пайда болуы туралы түсінік



бет2/2
Дата02.03.2023
өлшемі35,37 Kb.
#71130
1   2
Ғылымда діннің пайда болуы туралы түсінік.
Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік береді. Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизмді бөле жара атайды.
Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін келе, бір құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады.
Енді осы айтылған ғылыми тұжырымдамаларға келсек: а) Анимизм – адамның өмірлік істеріне араласатын және адамға өз мақсатына жетуге көмектесетін немесе кедергі келтіретін сансыз «рухани әлемдердің» болатындығына деген сенім[1]. Бұл тұжырымның мән-жайы Эдуард Тайлор еңбектерінде біршама қисынды түрде талданады. «Анима» латынша «рух» деген ұғымды білдіреді. Яғни, анимизм дегеніміз жанды-жансыз тіршілік атаулыда болатын рухқа табынушылық. Тайлордың теориясы бойынша, жан ұғымы – жын шайтандар, түрлі рухтар және рухани мәндер тобына ортақ есім. Алғашқы қауымдық кездегі адамдар үшін ұйқы мен өлімнің маңызы зор еді. Олардың түсінігі бойынша ұйқы – рухтың тәннен шығып серуендеуі және тәнге қайта оралуы болса, өлім – керісінше, серуендеуге шыққан рухтың тәнге оралмауы болып табылады. Өлген адамдардың рухтарының ішінде жақсылары да, жамандары да бар. Анимистік теория бойынша алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдар жаман рухтардың жаманшылығынан сақтану үшін жақсы рухтардан жәрдем тілеу арқылы рухтарға табынған. Нәтижеде «анимизм» деген «дін» пайда болған деген тұжырым жасайды.
Тотемизм – ру, тайпа, жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлері арасындағы туыстыққа сену. Тотемизм ру мүшелерінің кейбір жануарларға киелі деп табынуы немесе әр алуан киелі нәрселерге тәуелді болуы. Тотемизм көбінесе егіншілік және аңшылықпен айналысқан алғашқы қоғамдарда кезігеді. 

Француз зерттеушісі Э. Дюркгейм (1858-1917 ж.) 1912 жылы жазған «Діни өмірдің қарапайым пішіндері» атты еңбегінде «Тотемизмді» алғашқы дін деп есептейді. Ол австралиялық тұрғындар арасындағы тотемдік сенімнің кең тарағанын дәлел ретінде алға тарта отырып, осындай тұжырым жасайды[3]. Шынтуайтында, Дюркгейм Австралияға арнайы зерттеушілік саяхат жасамаған, тек сонда барып келген саяхатшылардан сұрастыру арқылы аталмыш тұжырымды алға тартады. 


Магия – ұғымы әр түрлі салт-жоралар мен оған сәйкес наным-сенімдердің ортақ белгісі болып табылады. Магиялық іс-әрекет – мақсаттылық бағыты бойынша емдеу магиясы (тәуіптік), сақтаушы магия, зиянды магия (көз тию) секілді түрлері болады. Ағылшын этнологы, алғашқы діндерді зерттеуші ғалым Джеймс Джорд Фрэзер (1854-1941 ж.) 1890 жылы жазған «Золотая ветвь» (Алтын бұтақ) атты ауқымды еңбегінде «магиялық өнерді» дін пайда болғанға дейінгі шынайылық қарым-қатынастың әмбебап формасы болған дейді. Фрезер пікіріне құлақ түрсек, магия белгілі бір дәрежеде діннің дамуына үлес қосқан болып шығады



Пайдаланылған әдибеттер
Дінтану және діни қауіпсіздік негіздері. .
1Яблоков И.Н.. Религиоведение. – Москва, 1998.151-152 -бет; Günay Tümer. Abdurrahman Küçük. Dinler Tarihi. 29-бет. 2 М. Орынбеков. ж.к.е., 169-бет. 3 Д.Дж. Фрэзер. Золотая ветвь. – Москва, 1980. 61-62-бет; И.Н. Яблоков. ж.к.е., 184-185-бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет