Тақырыбы : Дін ұғымы және оның тарихи түрлері. Группа: 1602-11 Қабылдаған



бет1/2
Дата02.03.2023
өлшемі35,37 Kb.
#71130
  1   2


Тақырыбы: Дін ұғымы және оның тарихи түрлері.
Группа:1602-11
Қабылдаған: Айтай Б. С.
Орындаған:Тұрсынбек Е.

Жоспар:


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

Дін ұғымы.
Дін тарихи түрлері
Ғылымда діннің пайда болуы туралы түсінік

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдибеттер

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.

Дін туралы арнайы ғылымды – дінтану дейміз. Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық (грек тілінде ethnos-халық, logos-ілім) тұрғылардан бөліп қарастырады. Теология (көне грек тілінде teos-құдай, logos-ілім) немесе конфессионалдық ілім (көне грек тілінде konfessio – мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді, дінді оның қағидаларының өзіне сүйеніп негіздейді.


Дін тарихи түрлері
Қандай бір адам болмасын оның «адам» болып қалыптасуына әлеуметтік қатынас керек. Дінді әлеуметтік құбылыс десек, оның қоғамнан тыс өзіндік тарихы жоқ. Сондықтан, діннің шығуы мен дамуын бүкіл әлемдік тарих контексте қарастыру керек. Осы күнге дейін діннің шығуы мен дамуы туралы көптеген ілімдік және ғылымдық көп көзқарастар бар. Олардың барлығын діни-теологиялық және ғылыми-дінтанулық деп екіге бөліп қарастырамыз. Діни ілімдік көзқарас, діннің шығуын діни шығармалармен дәлелдейді. 
Сонымен, діннің шығуы, қазіргі типтік адамдардың пайда болуына байланысты. Ал, қазіргі типті адамдар «қалай пайда болды?» деген сұраққа діни және ғылыми жорамалдар (гипотеза) бар. Діни адамды — Құдай жаратты.., ғылыми-эволюциялық жолмен жануарлардан адам пайда болды.., адам «ұрығы» космостан келді … Осы көзқарастардың әрқайсысы өзіндік, жеткілікті жорамалды дәлелдіктеріне сүйене отырып ақиқаттайды. Біздің анық білетініміз, алғашқы адамдардың дүниетанымдық көзқарастары мифтік жолда жүріп жатты деп айта аламыз
. Миф — грек, -сөз, әңгіме, хикая, аңыз деген мағына береді. Миф көне қоғамдағы дүниетаным көрінісінің өзгеше формасы немесе табиғатты «санасыз — көркем түрде өңдеу».
Ең ертедегі діни түсінік — өлген адамдардың аруағына табыну. Ол кезде әлі «дербес» Құдай түсінігі болмады. Алғашқы таптық қоғамға дейін Құдайлардың мүсіндері тікелей қоршап тұрған табиғаттан алынып отырды. Сол кездегі ең бір қарапайым және жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия және анимизм деп аталады
.
Фетишизм — (португ.сөзі -сиқырлы зат) әр түрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. Әр алуан заттар дан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, құдіретті мән беріп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға әсерін тигізеді деп ойлау. Ондай фетиштік заттарды тек табиғаттан емес, қолдан да жасап алуға болады. Фетиштің заттары — табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі, келе-келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т.с.с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда сол заттардың жәрдем беруі.

Тотемизм — өсімдіктер және жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлік ретінде ітайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды. Киелі жануарлардың етін жемей, құрметтеп олар туралы әр түрлі аңыздар айтып, өлеңдер шығарып кұрметтеді. Егер де тотемнің етін жейтін болса, онда үлкен салт-жораларында сойылған тотем етін сол ру мүшелеріне таратып беріп отырады, ал ру адамдары «бұл біздің етіміз» деп санады. Қазіргі кезде әрбір діннен тотемнің ізін табуға болады. Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетінде тотемдік көрініс — сиыр. Сиырды құрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді. Кейбір касталар, тіпті, сиырдың сүтін де ішпейді.


Келесі діннің жабайы түрін магия деп атайды. Магия (грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік) — бір обьектіге иррационалды түрмен әсер ету, немесе әр түрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту. Оның шығу себебі, ертедегі қауымдағы адамдардың сөз, сөйлем, пікір байлығын игере бастағаннан шығады деуге болады.Сонымен қатар, сөзбен адам жүрегін жаралауға болатынын байқаған. Магияның мақсаты бойынша: олардың ішінде ең үлкен тараған түрі өндірістік магия. Себебі адам өмір сүру жолы өндірістен басталғандықтан, ол магия бірінші орын алады десек те болады. Магияның басқа түрлері: соғыс магиясы, денсаулық сактау магиясы, сүйіспеншілік ма­гиясы, т.с.с. Магияның өзара бөлінуіне байланысты, магияның өзін кәсіп ретінде пайдаланатын адамдар шығады, олардың атын әр түрлі атайды: шамандар, тәуіптер, көзбояушылар, сиқыршылар. Магия да басқа ертедегі діндерге ұқсап жойылып кетпейді

Анимизм (лат.-тіл.жан) — деген жан бар дегенге сену. Анимизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік түсінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қираса, жан да өледі. Ал анимизмде «жан» тәннен дербес өмір сүре алады. Мұндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәтижесі. Мысалы: түс көру, ауыру, өлім, тағы сондай әсердің және галлюцинациялық елестетудің не екенін білмей, «Жабайы философ» денеде жан бар деп, ұйықтағанда ол жан анда-санда денені тастап шығып келіп отырады деп түсінді. Ондай түсінік өлген соң ол жан дербес өмір сүрер деп ойлайды. Жан дербес өмір сүретін болса, оған да өмір сүретін орын ке­рек болады, осыдан барып ол дүниеде өмір сүреді. Екінші жағынан, анимистік түсінік қоршаған әлемге де тарады. «Жабайы» адам барлық қоршап тұрған дүниенің жаны бар деп түсінеді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет