Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Тақырыбы: ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ



бет53/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65

Тақырыбы: ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ


  1. Элементтердің тотығу-дәрежелері.

  2. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының жіктелуі..

  3. Тотығу-тотықсыздану реакция теңдеулерін құру: электрондық баланс әдісі және жартылай реакция әдісі.

  4. Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар.

  5. Тотығу–тотықсыздану екіжақтылығы.Молекулаішілік тотығу–тотықсыздану

  6. Электролиз және гальваникалық элементтер.

Элементтердің тотығу дәрежелері


Тотығу дәрежесі деп элементтің қосып алған немесе берген электрон санын көрсететін шартты зарядын атайды. Жай заттардағы элементтің тотығу дәрежесі нөлге тең . Мысалы, сутегі (Н2) , оттегі (О2), күкірт (S2, S4, S6, S8) молекулаларындағы атомдардың тотығу дәрежелері нөлдік мәнге ие болады.
Күрделі қосылыстарда кейбір элементтер тұрақты тотығу дәрежесін көрсетеді, ал көпшілік элементтерде ол тұрақсыз болуы мүмкін.
Тұрақты тотығу дәрежелерін сілтілік элементтер ( +1), бериллий, магний, сілтілік-жер металдары (+2) , фтор (-1) көрсетеді. Сутегі ионының көпшілік қосылыстарыңда тотығу дәрежесі +1, ал s-элементтермен қосылыстарында –1 болады. Оттегінің тотығу дәрежесі әдетте -2, пероксидтік қосылыстарда –1 және оттегі фторидінде ОF2 +2 тең.
Элемент ионының тотығу дәрежесі ион зарядына тең .
Тотығу дәрежесі тұрақсыз элементтер үшін оның мәнін жеңіл есептеп табуға болады. Қосылыстың формуласы белгілі болса, молекуладағы барлық атомдар тотығу дәрежелерінің қосындысы нөлге тең деп алынады. Егер молекулалық ион құрамындағы элемент үшін тотығу дәрежесін есептеу керек болса, берілген ион құрамындағы барлық атомдар тотығу дәрежелерінің қосындысы ион зарядына тең.
Мысалы, СО, СО2, СН4, С2Н6, С2Н5ОН қосылыстары құрамындағы көміртегінің тотығу дәрежесін анықтайық. Оны х түрінде белгілейік. Сутегінің тотығу дәрежесі +1 , ал оттегінікі –2 екенін ескерсек, онда:

СО Х + ( -2) = 0 Х= + 2


СО2 Х + 2·(-2 ) = 0 Х = +4
СН4 Х + 4·( + 1)= 0 Х= - 4
С2Н6 2Х+ 6 (+1)=0 Х= - 3
С2Н5ОН 2Х+ 6(+1) + (-2) = 0 Х= - 2
Қосылыстардағы элементтердің тотығу дәрежелерін анықтау үшін элементтердің терісэлектрлік мәндерінің кестесін қолдануға болады. Химиялық байланыс түзілуі кезінде электрондар терісэлектрлігі жоғары элементке қарай ығысатынын ескеру керек. Мысалы, фосфордың салыстырмалы терісэлектрлігі 2,2, ал иодтікі 2,6. Сондықтан РI3 қосылысында ортақ электрондар йод атомына қарай ығысады да , фосфордың тотығу дәрежесі +3 және йодтікі –1. Алайда йод нитридінде I3N азоттың тотығу дәрежесі -3, ал йодтікі +1 болады, себебі азоттың терісэлектрлігі (3,07) йодтікінен жоғары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет