Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет50/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Диссоциациялану дәрежесі
Электролиттік диссоциация — қайтымды процесс болғандықтан электролиттердің ерітінділерінде олардың иондарымен қатар молекулалары да болады. Сондықтан электролиттердің ерітінділері — диссоциациялану дәрежесімен сипатталады. (грек әріпі альфамен (α) өрнектеледі).
ά = п / N * 100 % (5.3)
Диссоциациялану дәрежесі α — бұл иондарға ыдыраған молекула санының п еріген молекуланың жалпы санына (N) қатынасы.
Электролиттің диссоциациялану дәрежесі тәжірибе жүзінде анықталады және бірлік үлесімен немесе процентпен өрнектеледі. Erep α=0 тең болса, онда диссоциация болмайды, ал егер α=1 немесе 100% болса, онда электролиттер толық иондарға ыдырайды*. Егер де α = 20% болса, онда бұл берілген электролиттің 100 молекуласының 20-сы иондарға ыдырағанын көрсетеді.
Әртүрлі электролиттің диссоциациялану дәрежесі де әртүрлі. Ол электролиттің концентрациясы мен температурасына тәуелді екенін тәжірибе көрсетіп жүр. Электролиттің концентрациясы азайған сайын, яғни оны сумен сұйылтқанда, диссоциациялану дәрежесі барлық уақытта жоғарылайды. Температураның жоғарылауы да диссоциациялану дәрежесін арттырады. Диссоциациялану дәрежесіне сай электролиттерді күшті және әлсіз деп бөледі (төменді қара).
Енді әлсіз электролит — сірке қышқылы электролиттік диссо-циацияға ұшырағанда иондар мен диссоциацияланбаған моле-кулалар арасында пайда болатын тепе-теңдіктің ығысуын қа-растырамыз:
СН3СООН↔СН3СОО- + Н+
Сірке қышқылының ерітіндісін сумен сұйылтса тепе-теңдік иондардың түзілу бағытына ығысады, себебі қышқылдың дис-социациялану дәрежесі жоғарылайды. Керісінше, ерітіндіні бу-ландырсақ тепе-теңдік қышқыл молекуласының түзілу бағытына қарай ығысады да диссоциациялану дәрежесі төмендейді.


Күшті және әлсіз злектролиттер
Электролиттер күшті және әлсіз болып бөлінеді. Күшті элек-тролиттер суда ерігенде иондарға толық диссоциацияланады. Оларға: 1) тұздардың барлығы; 2) минералдық қышқылдардың көпшілігі, мәселен H2SO4, HNO3, HC1, HBr, HJ, HMnO4, HC1O3, HClO4; 3) сілтілік және сілтілік — жер металдардың негіздері жатады.
Күшті электролиттің, мәселен NaCl-дың диссоциациялануы әдетте мынадай теңдеумен өрнектеледі
NaCl↔Na++Cl- (a)
Жоғарыда айтылғандай ас тұзының кристалында NaCl молекуласы болмайды. Еріткенде кристалл кұрылымы бұзылып, гидраттанған иондар ерітіндіге өтеді. Ерітінді де молекулалар болмайды. Сондықтан, күшті электролиттердің ерітінділерін де диссоциацияланбаған молекулалар туралы шартты түрде ғана айтуға болады. Оларды өзара жақын орналасқан қарама-қарсы зарядталған иондар, яғни (иондардың радиусының қосындысына тең ара қа-шықтықта жақындасатын) иондық жұптар (Na+Cl-) деп қарастыру керек. Бұлар диссоциацияланбаған молекулалар сияқты, оларды квазимолекулалар деп атайды. Онда келтірілген теңдеуді (а) келесі түрде жазу қерек:
Na+Cl-(қ)↔Na (сулы)+СІ-(сулы) (б)
Алайда оны оңайлату үшін (а) теңдеуіндей етіп жазады. NaCl символы иондық жұп немесе квазимолекула деп түсінеді. Ерітіндіде квазимолекуланыд концентрациясы әр уақытта өте аз, ал иондардың концентрациясы тым көп болады.
Әлсіз электролиттер суда ерігенде иондарға аздап қана диссоциацияланады.
Оларға: 1) органикалық қышқылдардың барлығы дерлік; 2) минералдық қышқылдардың кейбіреулері, мысалы Н2СО3, H2S, HNO2, HC1O, H2Si03; 3) металдардың негіздерінің көпшілігі (сілтілік және сілтілік — жер металдардың негіздерінен басқа) және де NH4OH жатады. Соңғыны аммиак гидраты NH3.H2O түрінде өрнектеуге болады .
Су әлсіз электролитке жатады.Әлсіз электролиттердің ерітінділерінде иондардың концентрациясы көп болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет