Тақырыбы: «Математика» пәнінен бағалау тапсырмаларын әзірлеу Орындаған: Бакытова Н. А. Группа



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі32,6 Kb.
#21425
1   2   3
Алтыншы ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пәнаралық сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою болып табылады.Білім беру салалары мен пәндеріне тоқталатын болсақ, ол 6 саладан тұрады. Олар бір бірімен сабақтасып байланыста болады. Енді жеке пәндерге тоқталатын болсам, ең қажетті пәндердің бірі математика.

Жетінші ерекшелігі бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударуы. Білім алушының әлеуметтік үдерісіне пайдалана алатын негізгі құзыреттіліктер: (сауаттылық)

  • басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);

  • азаматтық (Қазақстан халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін, терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);

  • коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау);

  • әлеуметтік(қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті)

  • ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);

  • тұлғалық (өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру);

  • болашақта таңдайтын өз мамандығына қарай ақпаратттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты жүйелеу.

Сегізінші ерекшелігі оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы). Белсенді оқу — оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді. Жалпы сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Көптеген стратегиялық ойындарды мысалы, «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.

Жаңартылған білім мазмұны мен дәтүрлі білімді салыстыратын болсақ, ерекшеліктерді терең байқауға болады.



Негізгі сипаттамалар

Дәстүрлі оқыту үлгісі

Жаңартылған білім үлгісі

Оқыту мақсаты

Оқыту бағдарламасында белгіленген білім көлемін меңгертуге бағытталған оқыту нәтижесі

Оқушының оқу қызметін оның танымдық қызметі негізінде ұйымдастыру, білім алуға үйрету

Мұғалімнің рөлі

Басқарушы, жетекші, оқы- ту үдерісінің субъектісі, білім көзі

Оқыту үдерісін, оқушының танымдық қызметін ұйымдастырушы, кеңесші, менеджер

Оқушының рөлі

Дайын білімді селсоқ қабыл даушы, оқыту үдерісінің объектісі

Белсенді, білім іздеуші, оқыту үдеріснің субъектісі

Білімді ұсыну формалары

Дайын күйінде,үлгі бойынша

Аудио, визуалдық, графика лық көрнекіліктермен интерактивті әдістер арқылы

Білімді қолдану

Білімді бақылауға дайындық мақсатында типтік тапсырмалар мен жаттығуларды қолдану

Алынған білімді нақты қолдану

Оқушы қызметінің формасы

Фронтальды және жеке

Оқушының өз бетінше жұмы сы, топтық, жұптық, ұжымдық формалары

Оқытудың негізгі тәсілдері

Сөздік әдістер

Мұғалім мен оқушының, оқу- шылардың бір-бірімен өзара әрекеттесуіне негізделген интерактивті тәсіл

Бағалау жүйесіне өзгеріс енгізу қажеттігінің бірнеше себебі бар:

  • Дəстүрлі бағалау тек мұғалім тарапынан ғана жүргізіледі. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасуына толық мүмкіндік бере алмайды.

  • Оқушыларды жекелей оқытуға қиындық тудырады. Əр оқушының оқу жетістігін жекелей бақылап, бағлауға, алғашқы нəтижесімен кейінгі оқу жетістіктерін салыстыруға мүмкіндік бере алмайды.

  • Көбіне оқушыға кері əсер ететін тұстары да бар. Бағалау мұғалім қолындағы психологиялық қысым көрсететін құрал сияқты. Бұл тек балаға ғана емес,ата-анаға да бағытталған қысым десек болады.

  • Оқушының нақты білім дəрежесін анықтай алмайды. Нені жақсарту қажет, бала өз білімін көтеру үшін қалай жұмыс істеу керек екенін анықтай алмайды.

  • Мұғалімдер оқушы жетістігінің сапасын емес, көпшілік жағдайда орындалған тапсырмалардың көлемі мен формасын бағалайды.

  • Оқушыларда қорқыныш сезімі болады.

Бағалаудың осы кемшілігі оқушылардың оқу жетістігін арттыру мен қатар жағымсыз жағын болдырмайтын бағалаудың жаңа түрі қажет екенін көрсетті.


Дəстүрлі бағалау

Критериалды бағалау

Оқушыларды бір-бірімен салыстырмалы бағалап, олардың өзіндік уəжденуімен, белсенділігін кемітеді. Жақсы оқитын оқушылардың одан əрі білімінің жетілу-іне, ізденісін арттыруға, дамытуына бермейді. Дəстүрлі бағалау тек мұғалім тарапынан ғана жүргізіледі. Оқушылар-дың өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасу-ына толық мүмкіндік бере алмайды.

Оқушылардың білім жетістіктері анық, шынайы болады. Алдын-ала бағалау шкаласы ұсынылады. Оқушыларға кері байланыс жасау мүмкіндігі беріледі. Бастауыш сынып оқушылары өз іс-əрекеттерінің нəтижесін ұғынады. Критериалды баға қою жүйесі қалыптастырушы жəне жиынтық бағалау болып бөлінеді.


Қорыта айтқанда, жалпы сыныпта жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктерін, ескеріп оқыту баланың функционалды сауаттылығын қалыптастырады. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Ата-бабамыз «Оқу – инемен құдық қазғандай» демекші, жан-жақты, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ғана табысты болып, нәтижеге жетеді. «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», — деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет