Тақырыбы: микроорганизмдер систематикасы



бет4/8
Дата14.10.2023
өлшемі2,55 Mb.
#114337
1   2   3   4   5   6   7   8

  • Бактериялар – кең тараған және әртүрлі микроорганизмдер топтары. Бактериялар көлемі микронмен есептеледі. Бактериялар формалары тұрақсыз, қоршаған орта әсерінен өзгеріп отырады. Ондай өзгергіштіктер тұқым қуаламайды және модификация деп аталады.
  • Кей жағдайда микробтар эволюция процесі барысында өзіне тиесілі морфологиялық қасиеттерін сақтап қалуға қабілетті.
  • Сыртқы пішініне карай бактериялар негізінен үш топка бөлінеді:
  • шар тәрізділер — коккалар,
  • таякша тәрізділер — бацилалар және
  • спираль тәрізділер- вибриондар, спириллалар, спирохеттер
  • Бактериялардың негізгі формалары

Коккалар

  • Коккалар (грек тілінен «coccus» жидек) – сфера немесе шар тәрізді бактериялар. Бұл топтың өкілдері өзара ерекшеленеді:
  • Диаметрі бойынша; шар тәрізді бактериялар диаметрі 1-2мкм аспайды;
  • Клеткалардың өзара орналасуына қарай.
  • Бактериялардың әр түрінде бөлінуден кейін клеткалардың орналасуы бірдей болмайды (сур. 1). Осыған байланысты коккалар келесідей бөлінеді:
  • Микрококкалар– коккалар клеткалары бір-бірден орналасады;
  • Диплококкалар – клеткалар екі-екіден орналасады;
  • Стрептококкалар– коккалар моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады, бөлінеден кейін, клеткалар бір-бірінен ажырамайды;
  • Стафилакокктар –коккалар ретсіз жүзімшоғырына ұқсас топталады;
  • Тетракоктар біріккен төрт клеткадан тұрады;
  • Сарциналар – куб тәрізді формаға ие клеткалар шоғырынан тұрады.
  • .
  • Сүрет 1. Коккалардың өзара орналасуы:
  • а–микрококкалар; б – диплококкалар; в – стрептококкалар; г – тетракоктар; д – стафилакокктар; е – сарциналар.
  • Барлық коккалар қозғалмайды және спора түзбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет