Тақырыбы: микроорганизмдер систематикасы



бет7/8
Дата14.10.2023
өлшемі2,55 Mb.
#114337
1   2   3   4   5   6   7   8

Бактериялардың қозғалуы.

  • Бактериялар арасында қозғалатын және қозғалмайтын формалары бар. Көпшілік қозғалатын бактериялар сұйық ортада белсенді қозғалады. Бұлардың кей бір өкілдері ғана өздігінен қозғалуға бейімді келеді. Бактериялар протоплазмалық талшықтары арқылы қозғалады. Бұл талшықтар кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейді де электрондық микроскоппен қарағанда өте жақсы көрінеді. Жалпы алғанда бактерия талшықтарының ұзындығы клетканың денесінен аспайды, тек кейбір бактерияларда ғана ол клеткадан бірнеше есе асып түседі.
  • Бактериялар қозғалысы келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
  • а) сырғанау арқылы.
  • Беткі бөлігі сырғанақ бактерияларға тән қозғалыс түрі.
  • б) жиырылу арқылы, негізінен спирохеттердің қозғалысы осылай жүзеге асырылады.
  • в) реактивті қозғалу. Кейбір бактериялар қозғалу үшін белгілі бір мөлшерде сұйықтық бөліп, алға қарай жылжып отырады.
  • монотрихты политрихты перитрихты
  • г) талшықтар көмегімен
  • Бактерия клеткаларындағы талшықтардың саны түрліше болады. Егер бактерияның бір ғана талшығы болса — монотрихты, екі ұшында топталып орналасса— политрихты, талшық бактерия денесін түгел жауып жатса — перитрихты талшықтану деп атайды. Талшықтанудың соңғы түрі бактериялардың басым көпшілігінде кездеседі. Бактериялардың қозғалу жылдамдығы жоғары. Бір секундта клетка өз дене ұзындығынан 30-50 есе ұзын қашықтықты жүріп өте алады. Бактериялардың қозғалуы талшықтардың ось бойынша айналуы әсерінен немесе жиырылуынан жүзеге асады.
  • Бактериялардың көбеюі.
  • Бактериялар бөліну арқылы көбейеді. Бөліну кезінде клетканың ортасынан біртіндеп қалқанша пайда болып, клетка ішіндегі заттарды екіге бөледі. Микобактериялардың кейбір түрлерінде бұл байқалмайды. Егер таяқша тәрізді клеткалар бөлінгенде өз ара тең екі клетка пайда болса, оныизоморфты бөліну деп, керісінше, клетка бірдей тең екіге бөлінбей бөліктері әр турлі болса — гетероморфты бөліну деп атайды. Бөлінудің соңғы түрі, ересек бактерияларда байқалады. Бактериялардың көбею жылдамдығы орта жағдайларына байланысты болады. Егер бактерияларға қолайлы жағдай туса, олардың көбеюі де тездейді. Бактериялар үшін ортада қажетті қоректік заттар болып, жылу, ортаның реакциясы, аэробты бактериялар үшін оттегі жеткілікті болса, әрбір клетканың көбеюі 20—30 минут сайын кайталанып отырады. Сондықтан көбею жылдамдығы мен сыртқы орта жағдайының арасында тығыз байланыс, кейде тіпті тәуелділік бар деп те айтуға болады. Сөйтіп, азғана уақыт ішінде көлемі 1—2 микрондай болатын бактериядан орасан көп клеткалар түзіледі. Бактериялардың көбею жылдамдығын мына мысалдан айқын көруге болады. Егер 20 минут сайын клетка бөлінетінін ескерсек, ол бір тәулік ішінде 72 рет қайталап 272 = 472*1019 клетка пайда болады. Егер бір миллиард бактерия клеткасының салмағы 1 миллиграмдай болса,онда 472* 1019 клетка 4720 тоннага тең келеді. Осы бактериялар бүкіл жер шарынқаптап кеткен болар еді. Бірақ біз табиғаттағы мұндай құбылысты байқамаймыз. Өйткені пайда болған бактериялар клеткасының біразы сыртқы ортаның факторларының қолайсыз әсерінен қырылып кетеді. Аман қалған бірер организм қолайлы ортаға түссе, тез бөлініп, жаңа ұрпақтар бере бастайды.
  • Прокариоттар классификациясы.
  • Соңғы жылдары сонымен қатар 1978ж ұсынылған, бактериялардың Мюррей бойынша классификациясы жиі қолданылып жүр. Бұл классификация бактерия клеткасы қабырғасының құрылысына негізделген. Грам(+) бактериялар Firmacutes тобына жатқызылған. Gracilicutes клетка қабырғасының құрылысы Грам(-) бактерияларға тән өкілдерді біріктіреді. Үшінші топқа нағыз клетка қабығы жоқ бактериялар топтастырылған – Mycoplasma. Грам (+) бактерияларға төрт түрлі топ жатады: топтарға бөлу кезінде клеткалар пішіні мен спора түзу қабілеті ескерілген. Олар коккалар, спора түзетін және түзбейтін таяқшалар, актиномицеттер және туыстас микроорганизмдер. Спора түзбейтін Грам (+) таяқша тәрізді бактерияларға Lactobacillus туысы жатады. Бұл сүт өнімдері өндірісінде, сыр жасау, нан және көкөністерді ашытуда қолданылатын, сүтқышқылды бактериялар. Грам(-) бактериялардың барлық өкілдері спора түзбейді, жарықта және жарықсыз жағдайда даму қабілеті бойынша ерекшеленеді. Тағам өндірісінде жарыққа тәуелсіз Грам(-) бактериялар кездеседі. Олар клетка пішіні және қозғалу типіне қарай ерекшеленеді.
  • Бақылау сұрақтар:
  • Систематика ғылым ретінде қандай сұрақтарды қарастырады?
  • Микроорганизмдерді классификациялау кезінде қандай мақсаттар қойылады?
  • Таксономиялық категорияларды атаңыз.
  • «Микроорганизмдер номенклатурасы» деген не?
  • Клеткалақ құрылымына қарай микроорганизмдер қалай бөлінеді?
  • Клеткалық құрылымның типтерін атаңыз.
  • Қандай микроорганизмдер ценоцитті деп аталады?
  • Прокариотты клетканың негізгі компоненттерін атаңыз.
  • Грам(+) және грам(-) бактериялар қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?
  • Нуклеоидтің химиялық құрамы мен қызметтерін атаңыз.
  • Бақылау сұрақтар:
  • Бактерия клеткаларының негізгі формалары.
  • Стрептокок және стафилакоктардың бір-бірінен ерекшелігі?
  • Сарциналар коктары қалай орналасқан?
  • Таяқша тәрізді бактериялар қалай көбейеді?
  • Бактериялардың көбеюі қалай жүзеге асады?
  • Монотрихтер мен политрихтер дегеніміз не?
  • Бактерияларда спора түзу қандай қызмет атқарады?
  • Бактериялар типін анықтау барысында қандай қасиеттер ескеріледі?
  • Бактериялардың көбеюі қалай жүзеге асырылады?
  • Бактериялардың классификация түрлері.
  • Бактериялардың келесі топтарына сипаттама беріңіз: стрептококтар, диплобактериялар, спирохеттер, вибриондар, актиномицеттер.
  • Берги бойынша бактериялар классификациясының негізіне қандай қасиеттер жатқызылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет