Ұлыс тойы басталды.
Наурыз туын көтеріп,
Жар салайық әлемге.
Көрмегендер көріңдер,
Естімегендер естіңдер,
Дабылын оның қағайық,
Шақырамыз бәріңді
Ұлыстың ұлы күніне дей отырып бірінші кезеңімізді бастаймыз
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Жыр сыйлығын, нұр сыйлаған тірлікке,
Ия, қазақ халқы ежелден еі шектен төгілген жыр мен әнге бөленіп өскен халық, нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра ғой расында, ендеше кезекті қасиетті домбырасымен құлақтың құрышын қандыратын Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің ____________________________________________________________________________
ортаға шақырамыз. Кезеңіміздің шарты бойынша сайыскерлеріміз күйшінің домбырада ойнаған күйінің атын немесе авторын табуы керек, ендеше қатысушыларымызға сәттілік!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
Осыдан бірнеше жыл бұрын ою яки қазақы нақыштағы орнаменті бар киім кигендерге таңдана қарайтын болсақ, бүгінде ол үрдіске, қалыпты жағдайға тіптен модаға айналып келеді. Дүкен сөрелеріндегі тез дайындала салатын тағамдардың бірде бірі ежелден келе жатырған ата бабаларымыздың әзірлеген тағамдарына жетпесі белгілі десек те ұлттық тағамдарымыз ұлттық киімдей апгрейдке әзірге ұшырамай жатыр.. Ендеше алғашқылардың бірі болып, бабаларымыздың ұмытылып бара жатырған тағамдары жәрмеңкесіне назар салалық.
Ет жеуден анау мынау қасқырды жолда қалдыратын қазағымыздың «Табақ тартуы» мен соғымды жіліктеуі бөлек өнер бөлек бір мәдениет іспеттес. Ал енді осы жіліктеу мен табақ тартудан білім біліктеріңіз қалай екен көрелік.
Жақсылыққа қашанда
Жан баласы тоймаған.
Жаңа жылдың басы деп
Жылда бізбен тойлаған.
Тойын жасап ед енді,
Қуанышқа бөленді.
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі
Салт дәстүрден сүрінбеген қазақпыз, солай емес пе?! Ендеше кезекті салт дәстүрлер туралы викториналық сұрақтарға берелік
Үме Қазақстанның кей жерлерінде, көбіне маусымдық шөп шабу кезінде үмеге шақыру дәстүрі болған. Көмекке келгендерге берілетін ас "үме" деп аталған. Үмеге жақын туысқандар да мал беріп, қымызын әкеліп, тағы басқа көмек көрсеткен. Үме кезінде ұйымдастырушылар тарапынан шөп шабындығына үй тігіледі де, ас әзірленеді. Ас ішіліп, желінгеннен кейін аяқ жағы той-думанға ұласқан. Кейде үлкен үмелерде жігіттер күреске түсіп, қара жарыстар ұйымдастырылған. Үме кезінде әркім өз өнерін көрсетуге тырысқаны ел арасындағы "Үмеге келген үндемей қалмайды" деген сияқты мақалдар айғақтайды.