Тақырыбы: Өмірлік және жұмысқа қатысты қажеттіліктерді қанағаттандырудағы стресті басқару


КӘСІБИ СТРЕСС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДАУ СЕБЕПТЕРІ



бет10/11
Дата25.04.2022
өлшемі59,46 Kb.
#32163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
КӘСІБИ СТРЕСС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУЫНДАУ СЕБЕПТЕРІ

Кәсіби стресс – кәсіби іс-әрекетті орындау барысында экстремальді және эмоциональдіжағымсыз факторлар әсерінен жұмыскерде пайда болатын қысымдық күй. Кәсіби стресссті үш түрге бөліп көрсетуге болады: ақпараттық, эмоционалды және коммуникативті.

Ақпарат шамадан тыс көп болғанда, жұмыскер алдына қойылған тапсырманы орындай алмаған жағдайда немесе уақыттың аздығынан маңызды шешім қабылдауға үлгермесе ақпараттық стресс пайда болады. Шешім қабылдау өте маңызды болып, жоғары жауапкершілікті талап ететін болса, сонымен қатар ақпарат жетіспеген немесе кәсіби іс-әрекеттегі ақпарат параметрлерінің тез немесе аяқ асты өзгеруі нәтижесінде қысым арта түсуі мүмкін.

Эмоционалдық стресс кезінде жұмыскердің жұмысымен байланысты терең ұстанымдар мен құндылықтар жүйесі бұзылғаннан адаммен өткір уайымдалуы мүмкін. Эмоциональді стресс 51 жұмыстағы әріптестері немесе басқарушылармен конфликтке келу, ренжу, шынайы немесе бағдарланған қауірттің болуынан туындайды.

Коммуникативті стресс іскерлік қатынастағы шынайы мәселелермен байланысты жоғары мазасыздықта, коммуникативті агрессиядан қорғана алмау, керек емес жерде бас тарта алмау, манипуляциядан қорғана алмау, қатынас темпінен ауытқумен сипатталады [18, 165 б.].

Адамның стресттік жағдайының 3 негізгі кезеңін көрсетеді:

− қысымның көбеюі;

стресстік қалып;

− ішкі қысымның төмендеуі.

Бірінші кезең ұзақтығы әр түрлі. Бір адам бірер минут ішінде ашуланса, екіншісі бірнеше айлар, апталар, жылдар бойында ішіне сақтап жүре береді. Кез келген жағдайда стресске түскен адамның жағдайы мен әрекеті кері өзгереді. Шынымен, жайдары және сабырлы адам аяқ асты сабырсыз, шыдамсыз, агрессивті, қатал болып кетеді. Ал еті тірі, белсенді және ашық адам кенеттен шытулы, тұйық болып қалады. Бірінші кезеңде іскерлік немесе тұлғааралық контакт жойылады, қатынаста бөтендік пайда болады. Адамдар біріне бірі тік қарамай, жеке әңгімелері тақырыптары кенеттен өзгереді. Бірақ бірінші кезеңде стресс әлі конструктивті болып, адамның іскерлік іс-әрекетін жоғарылататын болса да, адамның өзін басқаруы төмендейді. Жұмыскер өз әрекетіне саналы жауап беру қабілетін жоғалтады.

Екінші кезеңде стресс жағдайы дамуында эффективті және саналы өзін бақылау жоғалады. Диструктивті стресс адам психикасына зақым келтіреді. Адам өз әрекетін толық емес және тұманды саналайды. Көбісі кейіннен стресстік жағдайда күнделікті істей алмайтын істерге барғанын айтады. Әдетте зақымдаушы стрессте болған адамдар кейіннен өз істеген істеріне өкінеді. Бірінші кезең сияқты бұл кезең ұзақтығы әр адамға индивидуалды – бірнеше минуттан сағатқа немесе бірнеше күн, апталарға созылуы мүмкін. Өз энергиялық қорын тауысқаннан кейін адам босаңдық, шаршау сезінеді.

Үшінші кезеңде ол тоқтау салып, өзіне оралады, көбінесе ұяты мазалайды [19, 118б.].

Еңбек іс-әрекетінде кездесетін стресс түрлері:

− жұмыстық стресс

− кәсіби стресс

− ұйымдық стресс

Жұмыстық стресс жұмыспен байланысты себептермен пайда болады – жұмыс жағдайы, жұмыс орны. Кәсіби стресс – кәсіпке байланысты, кәсіптің шығу тегі мен түріне байланысты. Ұйымдық стресс – жұмыс істейтін ұйымдағы адамға жағымсыз әсерінен пайда болады. Бұл түсініктер мағынасы бойынша жақын, бірақ синонимдер болып табылмайды. Алғашқы орынға қай фактор шығуына байланысты осылардың бірін қолдануға болады. Бірақ көп әдебиеттерде бұл терминдер синоним ретінде қолданыла береді. Көбінесе кәсіби стресс түсінігіне жүгінеді.

Кәсіби стресстің бір моделі ретінде жұмыстағы қысымды айтуға болады. Бұл модель бойынша, стресс жұмысқа деген жоғары талаптар мен іс-әрекетке әсер етудің төмен мүмкіндіктер нәтижесінде пайда болады. Адамды ол бақылай алмайтын факторлар арқылы бағалау стресс жағдайы болып табылады.

Келесі модель – мадақтау мен күш салудың келіспеушілігі. Бұл модельге сүйенсек стресс – жоғары күш салу мен жақсы істелген жұмысты төмен бағалау. Осы жерде бір полюста жұмысқа жоғары күш салу, екінші полюста – еңбекақы, жұмыстағы статус пен бағалау болады. Модель бойынша, күш салу мен мадақтаудың келіспеушілігі, төмен жағдайда талап етілетін тапсырмалар, төмен еңбекақы жұмыскердің денсаулығына қауіп төндіреді [20, 256 б.].

Кәсіби стресс осы екі модельдің комбинациясы болып табылады. Сондықтан осы стресске әкелуші негізгі факторлар – жоғары талап, жұмыс әрекетіне әсердің төмендігі және марапаттаудың жетіспеушілігі.

Жұмыстағы стресс көздері:

− Жұмысқа байланысты: жұмыстағы төмен физикалық жағдай, жұмыстың көптігі, уақыт тапшылығы, өмірге қауіп келтіру.

− Мекемедегі рөлі: рөлдің тұрақсыздығы, рольдік конфликттер, басқа адамға деген жауапкершілік.

− Карьералық өсу: өте тез жоғарылау немесе төмендеу, қауіпсіздік төмендігі, амбициялардың шектелуі. − Жұмысқа қатынас: бастықпен, әріптестерімен қатынас, жауапкершілік алудағы қиыншылықтар.

− Мекеме құрылымы мен климаты: шешім қабылдауда өз ойын айта алмау, бюджет тапшылығы, офистік саясат, консультация аздығы.

Жұмыскер шешім қабылдауда әсері аз болып, басқа адамдардың дамуына жауапты болғанда, жұмыс өте көп неемесе аз болғанда, талаптардың келіспеушілігі, жұмыс мақсаты айқын емес кезде кәсіби стресс жоғарылайды.

Ол рөлін анық түсініп, өз статусын анық білген кезде, стресс төмендейді. Осы сезімдер жетіспеген жұмыскерде көптеген рөлдік мәселелер пайда болады. Талаптар жоғары болып жұмыскер жұмысты аяқтай алмайтынын сезгенде стресс өрши түседі. Қызметкер жабдықтар, білім, тәжірибе жетіспеген кезде стресстік күй кешеді. Мүмкіндіктердің сәйкессіздігі және жұмыскер қабілеті, ұйымдық күтімдер дисгармония мен қанағаттанбау әкеледі. Стресстің туындауының басқа көзіне – жұмыс детальдары көрсетілмеген жағдай да жатады. Қызметкер алға тарту мүмкіндіктері, ұйым приоритеттері және олардан не күтілетіні жайлы білуі керек. Кейде жұмыскерлер «арыстан мен қолтырауын арасында» қалып қояды. Екі бастық әр түрлі мақсаттар қойған жағдайда, қызметкер қарсы талаптармен соқтығысуы мүмкін. Бұл «істесең де, істемесең де жаман» деген диллема сияқты. Мұндай жағдай кәсіби стресс факторы болып табылады [21, 97 б.].

Жұмысқа қанағаттанбау факторына әдетте табыс және еңбекақы көлемі жатады. Бірақ жоғары табыс пен жақсы еңбек жағдайы жұмысқа қанағаттану кепілі емес. Бұл көрсеткіштерге мотивациялық факторлар әсер етеді. Бұл факторларға – тапсырма қиындығы, жұмыс көлемі, жақсы бағалау, қызметкерлер арасындағы қатынас және өзіне үлкен жауапкершілікті алуға деген ұмтылыс деңгейі жатады. Контракт жасағанда, бұл факторлар ескерілмей қалады. Негізінде бұлардың көбісін құжаттандыру қиынға түседі, бірақ олар өте маңызды.

Кейбір жұмыс орындарында стресстің көзі − күнделікті қарбалас. Қауіпті тапсырмалар немесе жұмыс тәртібі, токсинды заттар, шудың қатты болуы, шаң, салқын ауа, жағымсыз иістер және басқа да стресстік факторлар аурудың пайда болуы мен дамуына әкеледі.

Жұмыс көлемі шектен тыс үлкендігі де стресс көзі болады. Кейбір еңбекқор адамдар жұмыстың көптігінен лаззат алып, жұмыссыз өмір сүре алмайды, кейін өздеріне көп жұмыс жүктейді.

Кәсіби стресс – күрделі түсінік. Кез келген қызметкер жұмысқа стресске деген бейімділікпен келеді. Стрессор адамдармен қатынасқа түсу түрі тұлғалық мінездеме болып табылады. Стрессорлар әрекеті нәтижесінде пайда болмай, жұмысқа енеді, бірақ кез-келген жағдайдағы стресстің ажырамас бөлшегі. Кейбір мінездемелер стресстің тұлғалық факторлары болып келеді, олар: мазасыздық деңгейі, нейротизм деңгейі, белгісіз жағдайларға көндігу, типтік емес жүріс-тұрыстық паттерн.

Мекемеден тыс стресстер жұмыстан тыс жерде (отбасылық мәселе, өмірлік дағдарыстар, қаржылық қиындықтар, қоршаған орта факторлары) болады.

Барлық факторлар қосылып стресске қабілеттілікті төмендететін қатерлі аурулардың дамуына әкелетін денсаулыққа байланысты мәселелер туындатады. Кәсіби стресс – адамның іскерлік әрекетіндегі қысым болған жағдайда психикалық және физикалық реакциялар көрінетін көп бейнелі феномен [22, 45 б. ].

Кәсіби стресске әкелетін факторларды шартты түрде обьективті (қызметкер тұлғасынан тәуелді емес) және субьективті (адамның өзіне тәуелді) деп бөлуге болады.

Обьективті − өндірістік сфераның жағымсыз мінездемесі, жұмыс жағдайының ауырлығы және төтенше жағдайлар. Стрессті өрши түсетін жағымсыз жағдайларды Щербатых әрекеттің жоғары темпін (кәсіби спорт шеруі), ұзақ жұмыс (көп жол жүргізушісі), асығыс әрекетер (жедел жәрдем қызметкерлері), жоғары жауапкершілік (авиадиспечер), физикалық ауыр жұмыстарды жатқызады.

Субьективті фактор негізгі екі фактор түрлерінен тұрады: тұлғааралық және тұлғаішілік.

Стресстің тұлғаішілік факторлары өз кезегінде кәсіби, тұлғалық мінездік стресстер және қызметкердің төмен соматикалық денсаулығымен байланысты стресс болып бөленеді. Стресстің себебі: еңбек пен білімнің, тәжірибенің және де бағалаудың сәйкессітігімен сипатталады. Стресстің тұлғалық мінездің себебі айрықша емес болып, әр түрлі мамандық иелерінде кездеседі. Көбінесе бұл өзіндік төмен бағалау, өзіне сенімсіздік, сәтсіздіктен қорқу, мотивация төмендігі, болашаққа сенімсіздік және т.б. Өндірістік стресс көзі – көбінесе адамның денсаулығы. Мысалы, созылмалы аурулар, адамның жұмыс өнімділігін төмендетіп, оның авторитеті мен әлеуметтік статусына кері әсерін тигізгендіктен стресске әкелуі мүмкін [23, 87-92 б.].

Кәсіби стресс біріншілік нәтижесіне қызметтік әрекет кезінде туындайтын әртүрлі жағымсыз күйлер жатады. Оның ішінде – шаршау күйі, эмоционалдық стресс, психожуйкелік реакциялар, ауыр стресстік бұзылыстар, психикалық бейімділіктің бүзылу формалары. Олардың ерекшелігі белгілі бір анық, жақсы идентификацияланған стресс-факторға жауап болып табылады. Жоғарғы мазасыздық, 53 эмоционалды лабильділік сияқты жеке тұлғалық ерекшеліктермен байланысты индивидуалды жоғарғы осалдықта ерекше рөлге ие.

Екіншілік нәтиже дезадаптивті күйді жеңудің адекватты емес немесе табыссыз нәтижесінде, сонымен қатар қайта қалпына келтіру және психокоррекциялық жұмыстар уақытында жүргізілмегендіктен, маңызды әлеуметтік ортасынан (отбасы, әріптестері, бастықтары) көмектің жетіспеушілігінен пайда болады. Бұл жағдайға «қызметтік сөну» жатқызуға болады, жұмыс өнімділігінің төмендеуі, посттравматикалық стресстік бұзылыстар, ішімдікке салыну, қатты әсер етуші дәрілер ішу, жоғары агрессивтілік, депрессивті күйлер, тұлғаның қызметтік деформациялануы, ауто және гетеро агрессивті мінез-құлықтар.

Соңғы үшінші нәтиже қызметкердің немесе үлкен топтың әлеуметтік қызметін және қызмет сапасы төмендеуін белгілейтін, әлеуметтік психологиялық және ұйымдастырушылық феноменді жинақтайды. Бұлар – жұмыстан уақытынан бұрын шығу, ұжымдағы моральді-психологиялық атмосфераның бұзылуы, дисциплинарлы бұзылыстар, отбасы ішілік конфликттер, әлеуметтік апатия және пессимизм жұмысқа көңілі толмаушылық, жоғары конфликттілік және де суицид [24, 67 б.].

Стресс фактор тізімі өте кең. Кәсіби әрекеттер кез келген аспектісі стресс себебі болуы мүмкін, егер адам оларды шешуге қабілетін жеткіліксіз деп бағаласа. Кез келген кәсіби әрекетте стресстің дамуының психологиялық себебін тудыратын ескеру керек, олар әр психологиялық стресс адамның әрекеті мен еңбек белсенділігінде көрініс табады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет