Тақырыбы: Себеп, мақсат, шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер



бет6/10
Дата13.05.2023
өлшемі243,51 Kb.
#92751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сан есімдерден жасалған сөздердің салааралық тақырыпты топтарына қарап, неге мəн беріп, кəсіптің қай түрімен көбірек айналысатындықтарын шамалаймыз. Түркі халықтарының, соның ішінде қазақ ұлтының табиғат құбылыстарына ден қойып, өте ертеден бері бақылау жасап келе жатқаны байқалады. Бұл пікірге аспантаным (астраномиялық), астрологиялық (жұлдызнама) атаулары, өсімдіктердің атаулары дəлел бола алады. Мысалы: Жетіқарақшы, қырыққұлақ, бестамақ т.б. Сондай-ақ, төрт түлік малға, əсіресе, жылқыға ерекше көңіл бөлгені мəлім. Олардың əр жылғы төлдеріне лайықтап ат қоя білген. Мəселен, құлын, тай, жабағы, дөнен, құнан, бесті. Мұның ішінде біздің көңіл бөлетініміз – бес жасар жылқы – бесті. Лексикада көбінесе субстантивтеніп қолданылады.

Тұрмыс қажеттілігінен туған сөздермен қатар, ұлттық мəдениеттің, салт – дəстүрдің элементтерін байқататын сөздерді де жиі кездестіреміз. Осыған орай, лексикалық сөздік құрамдағы сан есімдер негізінде жасалған номинативті единицаларды тақырыптық – салалық топтарға жеке-жеке бөліп қарастыру орынды болмақ.

Тұрмыс қажеттілігінен туған сөздермен қатар, ұлттық мəдениеттің, салт – дəстүрдің элементтерін байқататын сөздерді де жиі кездестіреміз. Осыған орай, лексикалық сөздік құрамдағы сан есімдер негізінде жасалған номинативті единицаларды тақырыптық – салалық топтарға жеке-жеке бөліп қарастыру орынды болмақ.

Топтастырылатын материалдарды шартты түрде төрт түрлі тақырыптық – салалық топтарға (ТСТ) бөлеміз. І. Сан-мөлшер. ІІ.Адам. ІІІ.Материалдық мəдениет. Бұл саланы іштей екі бөлімге бөлуге болады: І.Тұрмыс. 2.Еңбек. ІҮ.Рухани мəдениет.

І. ТСТ – «Сан – мөлшер». Сан есімдердің негізгі атқаратын қызметі сан – мөлшерді анықтау болғандықтан, бұл топқа сандық мөлшерді білдіретін номинативті единицалар (сөздер мен сөз тіркестері) жатады.

Сан есімдерге – лық, – лік, – дық, – дік, – тық, – тік тұлғалықтары жалғанған жасалымдар сан-мөлшерлік мағынаны білдіретін сөздер. Өйткені, бұл сөздердің жасалуына негіз болған уəждеме – зат пен құбылыстың сандық белгілері /1,100/. Мысалы: бірлік, екілік, үштік, төрттік, бестік (баға атауы, балл); бесжылдық, онжылдық (жоспар). Уақыт мөлшеріне қатысты жасалған онкүндік (декада) сөзін де осыған жатқызамыз. Мысалы: Онкүндіктік бесінші күніне «Қыз Жібекке» келіп, үкімет адамдарының баға бергенін білді (Ш.Жиенқұлова).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет