Тақырыбы: Сөз тіркесі теориясы және оны оқыту жолдары Сөз тіркесін оқытуда қолданылатын ұстанымдар


Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыру



бет3/4
Дата12.02.2023
өлшемі2,46 Mb.
#67170
1   2   3   4
Байланысты:
Сөз тіркесі теориясы және оны оқыту жолдары

Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалармен салыстыру


Сөз тіркесінің өзіне тән табиғатын айқындап, оған анықтама беру үшін, біріншіден, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан, атап айтсақ, атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесінен, сөздердің салалас қатарынан, күрделі сөзден, фразеологиялық сөз тіркесінен, сөйлемнен ажырата білу керек болса, екіншіден сөз тіркесіне тән басты белгілерді айқындап алу қажет.

Сөз тіркесін өткен кезде сұрақтар қою арқылы күрделі сөздің өзіне тән белгілерін еске түсіргеннен кейін мынандай сөйлемдерді жазып, сөз тіркесіне талдатуға болады:

  • Сөз тіркесін өткен кезде сұрақтар қою арқылы күрделі сөздің өзіне тән белгілерін еске түсіргеннен кейін мынандай сөйлемдерді жазып, сөз тіркесіне талдатуға болады:

1. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...
2. Мен де жаңадан кірісіп, ақсақалдармен таныса алмай жатырмын.
3. Қабырғаға ілінген боз кілем көздің жауын алады.
4. Таң сәріден шырылдаған бозторғай Сәтжанды әдеттегідей әлдеқайда ерте тұрғызды.

Күрделі сөз

Сөз тіркесі

1. Сөз жасаудың бір түрі

Синтаксистік теория

2. Күрделі сөздің әрбір сыңары бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста болады.

Сөз тіркесінің сыңарлары бір-бірімен синтаксистік байланыста болады.

3. Күрделі сөздің әрбір сыңарында жеке-жеке мағына болуы да мүмкін. Бірақ оның сыңарларының жеке-жеке мағынасы болғанымен, тұтас сөздің мағынасы сыңарларының мағынасынан гөрі күңгірттеу болады.

Сөз тіркесінің сыңарларының мағынасы айқын болады.

4. Күрделі сөздің әрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылмайды, күрделі сөз бір ғана сұраққа жауап береді.

Сөз тіркесінің әрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылады.

5. Күрделі сөздің әрбір сыңарының орны тұрақты.

Сөз тіркесінің әрбір сыңарының орны тұрақты емес.

6. Күрделі сөз тұтасымен морфологиялық өзгерістерге ұшырамайды. Күрделі сөздердің тек соңғы сыңары ғана морфологиялық өзгеріске түсе алады.

Сөз тіркесінің әрбір сыңары түрлі морфологиялық өзгерістерге ұшырайды.

7. Күрделі сөз тұтасымен басқа сөзбен синтаксистік байланысқа түседі.

Сөз тіркесінің әрбір сыңары жеке-жеке синтаксистік байланысқа түседі.

8. Күрделі сөздер - сөздерге бір табан жақындап түрған күрделі единицалар, сондықтан бұларға номинативтілік тән.

Сөз тіркесіне номинативтілік қасиет тән емес, өйткені оның әрбір сыңарына номинативтілік тән.

9. Күрделі сөздер сөйлеу кезінде жасалмай, бұрыннан жасалып, даяр тұрған қалпында сөз тіркесінің не сөйлем құрамына енеді.

Сөз тіркесі белгілі бір үлгілер бойынша сөйлеу кезінде жасалады.
  • Сөз тіркесін сөздердің салалас қатарынан ажырата білу үшін, құрылымдық ерекшелігіне назар аудару қажет.
  • Ашық аспан, мектепке келді, биік тау
  • Сөз тіркестері басыңқы, бағыныңқы сыңарларымен жасалады.
  • Салалас қатарында басыңқы, бағыныңқы мүше болмайды.
  • Осы күні бұл университетте бір ғана Болгариядан алты жүз елу қыз бен жігіт оқып жүр.
  • Ал сабақтаса байланысқан сөз тіркестерінің сыңарларын орны жағынан алмастыруға болмайды.
  • Сағат қалта – қалта сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет