ТАҚырыбындағы облыстық Ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата12.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#8854
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39

Использованная литература: 
1.
 
Юренева Т.Ю. «Музееведение» Учебник для высшей школы. Москва Академический проект 2003  
2.
 
«Музейные термины» //Терминологические проблемы музееведения: Сб. науч. Тр. ЦМР. М.,1986 

47 
 
3.
 
Муканов М. С. Казахские домашние художественные ремесла Изд. Алма-Ата: «Казахстан», 1979 
4.
 
Масанов Э.А. Из истории ремесла казахов //СЭ. 1958г. № 5. С. 31-49 
5.
 
Рерих Н.К. «Сердце Азии», «Азия» Москва 1974 
6.
 
Гумилёв Л.Н. «Хундар» Алматы «Казахстан» 1998
 
 
 
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕНІ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫНЫҢ 
БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ 
 
Умирзакова Зинеп Темиржановна, 
Ақтөбе облысы Темір ауданы №4 Шұбарқұдық орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі 
 
Еліміздің  рухын  көтеретін,  ұлы  мақсаттарға  жеткізетін  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясы.  Бұл 
қазақстандықтардың қолынан толық келеді деп ойлаймын деп сенім білдірген елбасының үміті халқынан қолдау 
тапты. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. «Мәңгілік Ел» мемлекет пен 
ұлттың уақытпен шектелмеген ұғымы болып табылады. Бұл – Қазақ елін дамытуға бағытталған құндылықтардың 
негізі және мақсатқа жетудің басты жолы.  
Елбасының  қазіргі  кезде  басты  назар  аударған  бір  мәселесі–  бүгінгі  мақтанышымыз,  ертеңгі  келер 
ұрпағымыздың  тәрбиесі.  Өйткені,бала  –  өмірдің  сәні,  бақыттың  нысаны,  ертеңгі  күнді  жалғастырушы  ұрпақ.
 
Ұрпақ тәрбиесі—келешек қоғам тәрбиесі. 
Мұғалім  мамандығы  жасандылыққа,  уақыт  талабынан  қалыс  қалуға  төзбейді.  Болашақтың  адамын 
тәрбиелейтін,  болашақ  жас  ұрпаққа  білім  мен  тәрбие  беретін  бала  жанының  бағбаны-мұғалімдер,  сондықтан 
олардың  ары  таза,  адал,  әдепті,  инабатты,  сыпайы,  парасатты,  байсалды,  ұстамды,  төзімді,  кешірімді 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды:  ақиқат,  дұрыс-әрекет,  сүйіспеншілік,  тыныштық  қиянат  жасамау 
құндылығын  өз  бойында  дамытып  ұрпақ  тәрбиесінде  қолдана  білсе  рухани  тәрбиенің  негізгі  шарты  болып 
табылады. Міне, мұғалімнің осы қасиеті туралы, «Мектепке алты жастан» деген еңбегінде Ш.А.Амонашвили дәл 
басып айтқан. 
Шалва  Амонашвилидің  «Мұғалім  жүрегі  балаға  күлімдесін!»  деген  ұранын  «Мұғалім  жүрегі  балаға 
елжіресін» деп түсіндім. Адамды баурай білу, жүрегін елжіретіп ой салу, сезімге бөленту – кез-келгеннің қолынан 
келе бермейтін іс. Жүректі баулау – тәнті ету дегенді білдіреді. Жүректі баулау – көзге көрінбейтін, кез-келген 
адам  байыбына  жете  алмайтын  педагогикалық  құпия.  Осы  педагогикалық  сыр  сандықты  аша  білген  Шалва 
Амонашвилиді дәстүрлі ғылыми тілмен жазылған педагогика оқулықтарына көңілі толмайды. Менің пікірімше, 
арнаулы  немесе  жоғары  педагогикалық  оқу  орындары  оқытушылары  өз  болашақ  мұғалімдерге  бағдарламаны 
меңгертуді ғана емес, осы құпияның кілтін ашуға көмекесуді басты мақсат етуі қажет. Әлі есімде педагогикадан 
беретін  ұстазымыздың  шаш  қою  үлгісі,  студентпен  сөйлесуі,  мейірімді  күлкісі,  ауырып  қалған  Атыраудың 
студентіне қайнатпасын алып жатаханаға келуі – біз үшін үлкен сабақ еді. Кешке қарай бақта жолдасын ертіп, 
қолына жерде жатқан жапырақты алып күлімсіреп келе жатқанда – орта ғасырлық әдебиеттерде айтылатын әдеби 
кейіпкерлер  есімізге  түсетін  еді.  Ұстазымыз  жүректі  баулайтын  кілтті  бізге  жай  ұстата  салған  жоқ,  ашудың 
жолдарын өзі  көрнекі түрде бейнеледі. Ғылыми жүйеге, ғылыми әдістемеге негізделген заңдылықтар баршаға 
ортақ. Мұндай әдебиетті оқыған болашақ мұғалім  «А қаласынан шыққан көлік Б қаласына неше сағаттан соң 
жетеді» деген секілді шартты түрде жұмыс жасауға дағдыланады екен. Амонашвили өз кітабында педагогиканың 
классигі Ян Амос Коменскийдің «педагогика бар адамды ізгілікке баулитын әмбебап өнер» деген, Константин 
Дмитриевич  Ушинскийдің  «педагогика  –  ұлы  өнер»  деген  пікірлеріне  сүйенеді.  Амонашвили  өз  кітабында: 
«Әттең, Коменский мен Ушинскийге педагогика туралы пікірлерін келіп баршаға қайталап түсіндірер мүмкіндік 
берілсе ғой. Педагогика – ғылым деп жүргендердің ойы өзгеріп, оның бар ғылымнан биік тұратын баланы өмір 
сүруге үйрететін бастау екенін түсінер еді», - деп қынжылады.  
Автордың пікірінше, ерте заманда ғылым дегеніміз – құлаққа сыбырлап қана айтылатын, ерекше құпия ой 
болған. Ол ой тыңдаушыға сезім мен өзінің құштарлық деңгейіне сай сіңіріледі. Қазыналы кітаптың тұңғиығына 
бойлап, баршаға қолы жетпейтін, сананың бірден ұға қоймайтын тереңін зерделеу үшін ұғынып, рухани түйсініп 
оқу қажет. Ұғыну мен құлшынысқа жол ашатын, қызығушылықты оятатын құдырет – күлімсіреу.  
Ертеде адамдар күлу мен жымиюды білмейтін, қара түнек торлаған заман екен. Жарқыраған күнді көре 
алмапты, жалындап ешкімді сүйе алмапты. Бір періште жерге түспекші болады, құр қол түскісі келмей әкесінен 
ақыл сұрайды. Әкесі жалт-жұлт еткен жарықты ұсынып: «Бұл қуаныш, жүрегіңе сал да адамдарға ала бар»,- деп 
тіл қатады. «Адамдарға оның не керегі бар?»- деп сұрайды періште. «Ол ерекше қуат береді, оны иеленген адам 
жетістікке  жеңіл  жетеді.  Бірақ  мынаны  ескер...»  деген  әкесінің  сөзін  аяғына  дейін  тыңдамаған  періште  жерге 
асығады. Дүниеге сәби болып келген ол қара түнекті көріп қорқып кетеді. Қорыққанынан емес, әкесінің сөзін 
аяғына дейін тыңдамағанына өкініп шарылдап жылап жібереді. Әкелген сыйын бейтаныс жандарға не сыйларын, 
не сыйламасын білмейді. Сәл ойланған соң езуіндегі күлкіні жан-жағындағы қоршаған жандарға жібереді. Оның 
сыйына алғашқы  болып жауап қайтарған анасы еді.  Осылайша қуаныш  әлемді шарлап  кетеді.  Бірақ оның  біз 
білмейтін құпиясы неде, әкесі не айтқысы келді, неден сақтандырмақ болды? Мүмкін, жасанды күлме немесе т.б. 
сол сияқты заңдары бар ма еді, кім білсін. Әлемде шын қуана алмайтын, басқаның қуанышын бөлісе білмейтін 
адамдар қаншама? Осындай адамдар мұғалімдік мамандықты таңдамаса екен дейді автор. Күлкі мен қуаныштың 
да ұқсайтын және сәйкес келмейтін тұстары бар.  

48 
 
Шынайы қуаныш қана адамға рухани күш береді, жағымды қуат сыйлайды. Психологияда күлкі терапиясы 
деп аталатын тәсіл бар екен. Күлкінің медициналық рөлі де өте жоғары, себебі ол адам жанына шипа бола алады. 
Қуанышты сыйлау қабілетімен қатар адам бойында қуанышты қабылдау қабілеті де болуы шарт. Бетон астына 
қалған  дән  де  өз  деңгейінде  өсер,  дегенмен  ол  өсімдік  өзіне  қажетті  шуақ  пен  орынды  ала  алмайды  ғой. 
Амонашвили айтқандай, баланың тағдырын қоғайтын әмбебап педагогика құпиясы әлі күнге дейін ашыла қойған 
жоқ, бірақ ұстаз болсаң – шыдамды бол, ұстаз болсаң – балалық шақтың қорғаны бол, ұстаз болсаң –адамдық пен 
адалдықты  таңда,  ұстаз  болсаң  -  ақиқат  пен  ақылға  бойла,  ұлы  істе  сенің  қуанышқа  толы  жүрегің  саған  жол 
көрсетеді. Әр бала әр түрлі болғандықтан, ұстаздың жымиғаны да әр түрлі болуы қажет. Әр балаға қажетті, әр 
балаға арналған қуаныш лебін таба білсек қана бала жанының бағбаны бола аламыз. Осы кітаптан түсінгенім: 
қуаныш пен мейірімділік – рухтың қанаты. Әр пән мұғалімі өз пәнінің тілінде қуаныштың құдыретін ұқтырсын: 
физика пәні мұғалімі оны жердің тартылыс күші заңымен теңесін, биолог ағзаға қажетті зат алмасуымен теңесін, 
басқаны  мысқылдау  –  тас  лақтырғанмен  бірдей  екенін,  мысқылдың  арғы  тегі  –  арсыздық  екенін  түсіндірсін. 
Басқаны  келемеждеуден  қорқынышты  жәндіктен  қашқандай  алыс  болуды  үйретсін.  Балаларға  қарап 
күлімсіресеңіз – болашаққа көпір саласыз, ізгілікке жол ашасыз!  
Тәңір балаға елжіреп қарау бақытын әр ұстазға сыйласын. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Методика преподавания дисциплины в школе «Самопознание». Учебно-методическое пособие для учителей
Алматы, 2013 
2.
 Өзін-өзі тану пәнінің оқу әдістемелік құралдары 1-11 сыныптар. «Бөбек» Алматы, 2010 
3.«Самопознание»  и  другие  учебные  предметы:  возможности  интеграции  содержания  и  методов.  Учебно-
методическое пособие для учителей. Алматы, 2013 
4.«Өзін-өзі  тану:  Махаббат  пен  шығармашылық  педагогикасы».  Халықаралық  педагогикалық  оқулар 
материалдары. (31 қазан-1қараша, 2012 жыл) 1-2 том. Алматы, 2012. 
 
 
ӨЛКЕ ТАРИХЫ: ӨТКЕНІ, БҮГІНІ, БОЛАШАҒЫ 
 
Утарова А.А., 
«Шалқар аграрлық – техникалық колледжі» МКҚК 
 
«Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел»
 
(Тоныкөк абыз) 
 
Армысың жұртым менің, дана халқым, 
Мәңгілік елден – Нұрлы жолға тартқан даңқың! 
Туған өлке – өрелі өлкем, сыр шежірем, 
Тарих қой сенің – Шалқар, дархан далаң! 
Біз, «Қазақ» деген елміз, қойнауында мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Біздің ұлттық 
тәрбиеміз  бен психологиямыз  –  бауырмал, адамгершілік қасиетке  бай, жүрегінде  кеңпейілділік пен батырлық 
мінезі дарыған дара халық емес пе?! 
Сонау түркі дәуірінен басталған тарихымызды Тоныкөк абыз  «Түркі жұртының мұраты – Мәңгілік ел» 
десе, қазіргі біздің заманда
 Елбасы «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға тоқтала келе, ондай идеяның бастауы 
тым тереңде жатқанын жеткізді. 
Сонда біздің жалпыұлттық идеямыз – Елдің бірлігі мен ауызбіршілігі еді. 
Біздің тәуелсіз алғанымызға 25 жыл болса да, тарихымыз сонау тереңде. Бізді сырттан «Қазақ» деген кім? 
«Қой баққан ел» - деп мазақ еткендерге, Елбасы жауап ретінде оларға 2015 жылды «Тарихты ұлықтау жылы» - 
деп  атады.  Мәселен:  «Қазақ  хандығына  –  550  жыл»,  «Ұлы  Жеңістің  –  70  жылдығы»,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  мен  Конституциямыздың  –  20  жылдық  мерей  тойларын  атап  өтуге,  Қазақстандық  патриотизмді 
ұрпақ жадына сіңіруде айрықша дем қойды. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре 
білуге тиіспіз.  
Бұл идеяға еңбектеген баланың тәрбиесінен, еңкейген қарттың өсиетінің маңызы зор болып отыр. 
Осындай аталмыш тақырыпқа байланысты бүгінгі конференцияда  –  «Туған өлке тарихы: өткені, бүгіні, 
болашағы» болмақ. 
Атағы алты алашқа әйгілі Шалқар – кең байтақ қасиетті қазақ жерінің шежірелі бір өлкесі. Қазақтың кең 
жазира  даласында  тоғыз  жолдың  торабында  орналасқан  Шалқар  –  ұлылық  пен  батырлықтың,  ақындық  пен 
шешендіктің иесі болған ұлы халықтың киелі мекені. 
Ақтөбе облысының оңтүстік аймағында, Шалқар ауданы орналасқан. Ауданымызға биыл 83 жыл болса да, 
тарихы сонау түркі дәуірінен басталған.  
Ежелде сақ, ғұн тайпалары жүріп өткен. 
Даласы аңыз бен өсиетке толы «Сынтасы» бар, 
100 жылдығын болжаған – Мөңке бидей данасы бар. 
Жырға толы – Қазанғаптай күйшісі бар, 

49 
 
Төсінде, туған жерде іздерің бар. 
 
Топырағыңда батыр жоқ – ау алыспаған, 
 Арыстан, Дәрібайлар батыр бабам. 
 Көтібар мен Ер Есеттей батырларым, 
 О, дала! Сенде туған ата – бабам! 
 
 Боранбайдың Сарышолағы айбыным, 
 Саясаткер - Мырзағұлдың Шыманы. 
 Алты Әлімнің ұраны болған Бақтыбай 
 Көсем пірлер ел бірлігін көздеген. 
 
 Тағыберген, Қарағұл мен Әзбергенім, 
 Олар батыр, аты шыққан сөз – мергенім. 
 «Қос көкжалың» Елтізер мен Жәлімбет. 
Батырларым айналайын нар атыңнан! - осындай батырларды туған елдің бағы бар.  
Қазақ  халқының  тағдыры  таразыға  түскен  кезде,  туған  даланы  тұлпарының  тұяғымен  дүбірлетіп  атқа 
қонған, Сайрам соғыстың қаһарман батыры - Тілеу Айтұлы, жауына найза сілтеген Жылқаман, Ақтан, Қалдан 
батырларын  білмейтін  қазақ  кем  де  –  кем  шығар.  Сарының  мұңды  әндері,  Әлима  қыздың  зары,  Таразының 
жоқтауы  –  қазақ  ұлтының  ортақ  қазынасына  тиесілі  дүниелер.  Академик  Бек  Сүлейменов,  қазақтан  шыққан 
тұңғыш сәулетші Төлеу Басенов, металлург Нәби Жақсыбаев, әйгілі қаламгер Тахауи Ахтанов пен Әбдіжәміл 
Нұрпейісов осы өңірден сусындаған. 
Қасиетті  Ұлы  борсық  құмы,  Кіші  борсық  құмы,  Аяққұмының  топырағы  мен  Шалқар  көлім  кімге  пана 
болмадың?! 
Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама заманында Шығыстан, Сырға көшкенде осы Шалқар көлімен Ембі 
өзенін  жағалап  өткен  деген  деректер  де  бар.  Қазақтың  кең  даласы  Шалқар  жері  тоғыз  жолдың  торабында 
орналысқан. Сендей қонақ жай жерден Ә.Жангелдин, А.Иманов өткен. 
Көл Шалқар, кеште көрдім айдыныңды, 
Төсіңнен тостың маған ай- нұрыңды - дегендей, Шалқар көлінің тағы бір куәсі, оның сұлу ерке қыздары 
«Айман - Шолпан» лиро – эпостық жыры болса, Ғ.Мүсіреповтың  «Ұлпан» романын неге айтпасқа, Ұлы Отан 
соғысы кезіндегі ауданымыздан 30 қыздың соғысқа аттанғаны туралы деректері болса,1986 жылғы тәуелсіздік 
үшін де күрескен студенттерін неге айтпасқа. 
Кеңес  Одағының  батырлары  атанған  Ідіріс  Үргенішбаев,  Әди  Шәріпті  ажалдан  аман  алып  қалған 
«Батырхан» атанған Әбдіғали Төлегеновтей де батырлары бар. 
Шалқардың құм деп жерін қомсынбаңыз, 
Құмы – құт, суы – байлық, осында аңыз. 
Еңбекпен бағы жанған, шамы жанған 
Батырлар, бақыттылар осындамыз! 
Жаңа заман тарихында біздің аудан Орынбор – Ташкент темір жолы бойында үлкен станциялардың бірі 
болды. Сауда – саттық байланымыз тез дамыды. Темір жол бойына халық көптеп шоғырланып демографиялық 
ахуалы дами түсті. Кейін негізгі өндіріс ошағы – темір жол кәсіпорындары, оның ішінде тепловоз депосы болды. 
Темір жол вокзалы, темір жол емханасы мен мектептер бой көтере бастады. 
Осыдан  кейін  қазір  Тәуелсіз  Қазақстан  тарихында  Елбасы  жолдауларын  басшылыққа  ала  отырып, 
ауданның әлеуметтік – экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында 
Елбасының 100 мектеп,100 аурухана  жоспары бойынша салынған ауданымызда: № 8 жалпы орта  білім 
беретін мектеп пен «Еркем-ай» бала бақшасы және емханасы бар. 
«Қазақстан - 2030» стратегиясында берілген тапсырмалар бойынша ауданның аумақтық дамуы бойынша 
«Жаңатас - продактс» ЖШС, «Таукен»ЖШС, «Ырғыз - Тасқұм» ЖШС, біршоғыр шағыл тас зауыттары, темір 
бетон зауыты, вагон дөңгелек жөндеу шеберханасы іске асырылып, өндіріс орындары жандандырылды. 
Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  тапсырмасымен  салынып  жатқан  Бейнеу  – 
Жезқазған темір жолының құрылысы, сонымен қатар Бозой селолық округі аймағында «Тетис Сервис Казахстан» 
мұнай компаниясы жұмыс жасайды. Бұл дегеніміз ауданымыздың экономикалық  – әлеуметтік дамуына ықпал 
етіп отыр сөз.  
Өткен айда ғана келген жаңа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде Шалқар – Ырғыз магистральді тас 
жолын алдағы уақытта жандандыруға сөз да бұрды. 
Біздің  ауданымызда  қазіргі  таңда  қойнауы  қазыналы  өңірімізде  көптеген  игі  істер  атқарады.  Елбасы 
жолдауларын  басшылыққа  ала  отырып,  ауданның  даму  жоспарын  жүзеге  асыру  мақсатында  атқарылған 
жұмыстардың  нәтижесінде  біздің  аудан  республика,  облыс  көлемінде  әлеуметтік  –  экономикалық  дамудың 
жоғары деңгейін сақтап келеді. 
  
 
 
 

50 
 
Президентіміз  Н.Назарбаевтың  сындарлы  саясатының  арқасында  өлкеміздің  экономикалық,  әлеуметтік 
және шаруашылық даму бағдарламалары аясында атқарылатын жұмыстар өз жалғасын таба береді. Шалқардың 
еңселі  ауданы,  көрікті  қаласы,  экономикасы  бай,  халқының  жарқын  тұрмыс  құрып,  бақытты  өмір  сүретініне 
сенімі мол. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. «Ақтөбе энциклопедиясы» Ақтөбе, 2001 
2. «Шалқар энциклопедиясы» Шалқар, 2009 
3. «Ғасырларға пара – пар жылдар» Шалқар, 2002 
4. «Ақтөбе фотоальбом» Ақтөбе, 2007
 
 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ - ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖАЛҒАСЫ 
 
Сарсенбаева С.Ж., 
Ақтөбе қаласы, Үш тілде оқытатын №21 орта  мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі 
 
Мәңгілік ел идеясы кеше ғана пайда болған ұғым емес. Ол сонау көне түркі дәуірінен бері қарай жалғасып 
келе  жатқан  идея.  Біртұтас  ел  болу,  Ел  болып  тарих  дөңгелегінде  жаншылып  қалмай  өз  орынын  сақтап  қалу 
мақсаты көне заманнан келе жатқан қастерлі ұғым, мақсат. Сақтардың өз жерін қорғаудағы жанқиярлық ерлігі, 
Томирис  патшайымның  парсы  патшасы  Кирге  «Мен  үшін  елімнің  тәуелсіздігі  бәрінен  жоғары»  деп  жауап 
қайтарып, мыңдаған сан парсы әскеріне қаймықпай қарсы тұрып, сақтардың тәуелсіздігін сақтап қалуы әлі тарих 
беттерінде сақтаулы. Ерте орта ғасырларда жужандарға тәуелді болып темір балқытып беріп, темірші атанған 
түркілер тәуелсіздікке ұмтылып, Бумынның бастауымен күреске шығып, тәуелсіздіктерін алып, тарих сахнасына 
Түркі қағанаты деген алып мемлекет шықты. Орта ғасырларда «Әлемнің жылқылар патшалығы» деген атаумен 
шартарапқа  танымал  болды.  Мәңгілік  Ел  болуды  көксемеген  түркі  халықтары  жоқ  шығар.  Шығыс  Түркі 
қағанатының қағаны Білге қағанның «Күндіз отырмадым, түнде ұйықтамадым. Түркі халқын ел еттім, кедейді 
бай  еттім,  тонсызды  тонды  еттім»  деген  тас  жазулардың  өзінде  Ел  үшін  деген  қастерлі  мақсат-мүдде  айқын 
көрінеді. 15 ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығынан бері Қазақ Елі өмір сүріп келеді және өмірін әрі 
қарай  да жалғастыра  береді. Қазақ елі тағдырдың талай теперішін көрді, тәуелсіздік үшін тарихтың сан түрлі 
тезінен өтті. Тездің сынынан өткен Қазақ елі үшін ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарды 
жоғалтпай  келешекке  жеткізу  қазіргі  ұрпақ  міндеті.  Елбасымыз  «Мәңгілік  Ел-ұлттық  идеясын»  бекер  алып 
отырған  жоқ.  Жаһандану  заманында,  жаһандық  алып  толқынға  жұтылып  кетпей,  Мәңгілік  Ел  болып 
құндылықтарымызды жоғалтпай сақталып қалу. Бұл идеяны  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 
жылғы Қазақстан халқына жолдауында біздің мемлекеттің ұлттық идеясы ретінде атап өткені белгілі. Содан бері 
Мәңгілік ел идеясы қазақстандықтардың санасына жетіп көкейіне ұялады және мақтаныш сезімін туғызуда. Ұлт 
көшбасшысының "Мәңгілік Ел" идеясы – тәуелсіздігіміздің тұғыры деген сөзі бар. Жоғары сынып оқушыларына 
«Мәңгілік  Ел  –ұлттық  идеясы  не  үшін  қажет»  деген  сауал  қойғанда  «Біз  тарих  аренасында  Қазақ  атауымен 
қалуымыз үшін» деп жауап берді. Ал ол үшін «не істеуіміз керек деген сауалға ұлттық құндылықтарды сақтап, 
бір-бірімізден келер ұрпаққа жалғастыра беру керек, ал ұлттық құндылыққа не жатады дегенде: Тәуелсіз еліміз, 
тіліміз,  салт-дәстүр,  әдет-ғұрпымыз-деп  жүрекжарды  лебіздерін  білдірді.  Байқағаным  «Мәңгілік  Ел-ұлттық 
идеясына» оқушылардың үлкен сеніммен қарайтындығы, оның орындалатынына сенетіндіктері, ал бұл сезімдер 
кеудемде  үлкен  қуаныш  ұялатты.  Сөзімнің  соңын  Елбасымыздың  мына  жалынды,  жүрекке  мақтаныш,  отан 
сүйгіштік сезімдерін ұялатар мына сөздерімен аяқтағым келеді: 
«Бәріміздің  киелі  атамекеніміз  бар,  ол  –  қазақтың  Ұлы  Даласы.  Сол  далада  бабалардың  ізгі  аманатын 
орындау  жолында  біз  құрған  қасиетті  Отанымыз  бар.  Ол  –  Тәуелсіз  Қазақстан.  Тәуелсіздік  –  біздің  маңдайға 
басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы 
алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол – ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың 
алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау» 
Қазақ Елі-Мәңгілік Ел болсын!   
 
 
МЕМЛЕКЕТ МҰРАТЫ – «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ 
  
Сәрсенова Н.Ы., 
№41 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі 
Ақтөбе қаласы 
 
Биыл  Тәуелсіздік  таңының  атқанына  25  жыл  толады.  Халқымыздың  тарихында  жаңа  дәуірдің  беті 
ашылып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, соны серпін әкелді. Қазір ата-бабаларымыздың ел бақытын аңсаған 
армандары  орындалды.  Елбасының  «Мәңгілік  Ел»  идеясынан  қуат  алып,  «100  нақты  қадам»  ұлт  жоспарын 
дәріптеуді  ойланып,  «Мәңгілік  Ел»  жолындағы  дамуымыздың  жедел,  келешегіміздің  кемел  болуына 
тілектестігімді білдіргім келеді.  

51 
 
Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Алаш туы астында – күн сөнгенше, сөнбейміз»,- деп айтқан. Бүгінгі біздің 
мұрат та сол. Тәуелсіздік туын желбіреткен Қазақстанның мемлекеттілігін мәңгілікке жалғастыру. Қазақстанның 
әлемдегі дамыған мемлекеттердің үздік отыздығына кіруі жоспарланып, сол жолға бастайтын «100 нақты қадам» 
жасақталып, осы кезеңнен аман алып шығатын 5 институттық реформа ұсынылды. 
Тәуелсіздікпен  бірге  халқымыз  Мәңгілік  мұраттарына  қол  жеткізді.  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  бастауы 
тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет 
қалдырған.  Тарихи  құндылығымыз  болған  тәуелсіздік  идеясының  негізінде  сол  ұлттың  тағдыры,  ұлы 
тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Ел тағдырының мәні азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау 
болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде 
де ғасырларға созылған тарихы бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп, «қазақ 
жері» деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен еңбектер атқарылды. 
Қазақ  халқының  тарихында  ғұндардан  бастау  алатын  «Мәңгілік  ел»  идеясын  тасқа  қашалған  Орхон-
Енисей жазбаларынан бастап қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан 
қайғы бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де осы мәңгілік ел болуға ұмтылған, 
мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты. Асан қайғы қазақ жерінің түкпір-түкпірін аралап, жайлы қоныс 
табудың  жолын  іздеген  данышпан.  Оның  аңсағаны  елді  орнықтыратын  жайлы  мекен  тауып,  елдің  мәңгілігін 
жаңғырту еді.  Оның іздеген жерұйығының мәні халқы  тәуелсіздік құндылығын ұлықтайтын, ел-жұрты  бейбіт 
өмір сүретін, адамгершілік пен бауырластықты ту етіп, татулықта ұйысып өмір сүретін құтты қонысты табуда 
болды.  
550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. 
Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күресі жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы 
үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығын – халық бірлігін дәлелдейді. 
«Мәңгілік  ел»  идеясын  жүзеге  асырып,  одан  әрі  дамытатын  жастар  болғандықтан  олар  ең  алдымен  білімді, 
ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр 
азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Қазіргі кездегі жаһандану үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі 
жастардың  бойында  ақпараттарды  електен  өткізе  білу,  теріс  пиғылды  идеологияларға  қарсы  тұра  білетін 
иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді.  
Ұлтымыздың ұлы тұлғасының бірі – Әлихан Бөкейхан «Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер 
табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді» - деп арман еткен ер тұлға бүгін Елбасымыздың әр ісінен көрініс 
тапқандай. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының тарихи жалғасы – бүгінгі өркениетті Қазақстан. Ол – 
Мәңгілік  Ел  идеясы. Алтын  Күн  шуағын  шашқан  Көк  байрағымыздың  астында  қазақ  қана  емес,  130  ұлттың 
өкілдері  береке-бірлікпен  тату-тәтті  өмір  сүруде.  Осыдан  үш  ғасыр  бұрын  Аңырақайда  болған  шайқаста  ата-
бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеді. Сын сағатта туған елге перзенттік 
парызды бәрінен биік қоя білді. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен 
біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан 
табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі 
белестерді  бағындырып,  алдағы  сындардан  сүрінбей  өтуіміз,  ең  алдымен,  өзімізге,  бірлігіміз  бен  берекемізге 
байланысты. 
Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Мәңгілік  Ел»  ұғымын  ұлтымыздың  ұлы  бағдары,  «Қазақстан-2050» 
стратегиясының  түпқазығы  етіп  айқындады.  Әйтсе  де,  бұл  идея  бүгін  ғана  туындап,  бүгін  ғана  пайда  болған 
дүние  емес,  оның  тамыр-тарихы  тым  тереңде  жатыр.  Ал  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  сол  идеяларға  жан 
бітіруші,  тірілтуші,  бабалар  аманатына  апаратын  даңғылдың  сілтеушісі  іспеттес.  Бабалардан  қалған  идеяның 
өзегін тереңдету үшін ең бірінші керегі – бірлік. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді 
көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі 
жол.  Осы  жолдан  айнымай  ұлт  тарихына  терең  ден  қоюымыз  керек.  «Тарихын  білмеген  ұлттың  болашағы 
бұлыңғыр» дегендей, бүгінгі күннің басты міндеті – тарихы сонау тереңнен басталатын халқымыздың өткенін 
ұмытпай, бүгінін бағалап, болашаққа нық сеніммен қадам басу. Ал ондай болашақтың жолы – «Нұрлы Жол». Бұл 
өз кезегінде Мәңгілік Елдің жолы.  
Елбасының  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  барша  жұртшылықты  бір  мақсатқа,  ортақ  мүддеге  жұмылдыратын 
ұранға  айналуы  тиіс.  Бұл  ретте  ең  бірінші  кезекте,  ұлтты  сөзімен  де,  ісімен  де  ұйытатын  интеллигенция  осы 
идеядан әрқилы ой түйіп, қазақ елінің, қазақ тілінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуі керек. Ел Президенті 
Жолдауда  қазақ  тілінің  бүгінде  ғылым  мен  білімнің,  интернеттің  тіліне  айналғанын,  тек  соңғы  үш  жылда 
мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге қаржы бөлінгенін айта келе: «Енді ешкім 
өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы 
емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн», - деуі қазақ елінің әр ұланының кеудесін қуанышқа толтырады.  
Біз бір атаның - қазақ халқының перзентіміз. Бәріміздің туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл 
дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, Тәуелсіз елімізді "Мәңгілік 
ел" етуді мұрат қылдық. "Қазақстан-2050" стратегиясы осынау жолдағы буындар бірлігі, ұрпақтар сабақтастығы. 
Тәуелсіз елдің өз қолымен құрған буыннан басталған ұлы істерді кейінгі ұрпақтың лайықты жалғастыратынына 
кәміл сенім білдіруіміз керек. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы 
арасында сабақтастық болса ғана, біз "Мәңгілік ел" боламыз.  
Қазақ елі, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала елі деген киелі ұғымдар уақыт көшімен қилы дәуірді бастан өткерген 
халқымыздың өткені мен бүгінгі хал-күйінен хабар беретіндей. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел 

52 
 
Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан 
таусылмас қуат көзі. XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры боларына сенеміз. 
Ғажайып  ізденіс  қана  ғаламат  серпіліске  негіз  бола  алатынын  Елбасымыз  халыққа  арнаған  «Қазақстан 
жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауында  сарапдалдықпен  дәлелдеп,  Қазақстан 
жолының  ортақ  мақсаты,  мүддесі,  болашағы  қандай  қорытындымен  түйінделетінін,  ең  бастысы  –  қандай  ел 
құрумен тиянақталатынын түсіндіріп, жаңа дәуірдің кемел келбетін сомдады. 
Сондықтан да, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын әрбір азамат жалаудай желбіретіп, ұстанымдарын, бағыт-
бағдарын  көзінің  қарашығындай  сақтап,  жоғалтпай,  келер  ұрпаққа  аманат  ете  білуі  қажет.  «Мәңгілік  ел» 
идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы тұғырлы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен 
ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттігі анық. Жас ұрпақтың бойына сіңіретін тәрбие ең алдымен ұлттық 
құндылықтарға  негізделе  жүргізілгені  абзал.  Оның  ішіне  рухани-адамгершілік  қасиеттері  мен  отаншылдық 
сезімнің ұдайы дамып отыру бағытындағы іс-әрекеттер кіріктірілуі тиіс. Бабалар ерлігін, даңқты істерін үнемі 
насихаттап отыру қажет. Тарихи тұлғаларға еліктеуге, хакім Абай айтқандай «болмаса да ұқсап бағуға» тырысуға 
бағыттау өз нәтижесін береді. Отан, ел, жер ұғымының киелілігін білу, ұлттық құндылықтардың оның ішінде 
салт-дәстүр,  менталитет,  тарихтың  маңызын  бойына  сіңіріп  өсіру  ең  басты  қағидат  болуы  қажет.  М.Шаханов 
айтқандай төрт ана үшін күресуге белді бекем буған ұрпақ елі үшін аянбайды. Қазіргі кездегі күрделі мәселенің 
бірі болып отырған ана тілі де бала үшін асыл қасиет екенін ұқтыру баршамыздың міндетіміз. 
Мәңгілік ел идеясы ең алдымен болашақ ұрпақ үшін екенін ескерсек, еліміздің мәңгілік болуы жолында 
халқымыздың  гүлденуі  басты  орында.  Балалардың  ұлттық  санасын  оятуға,  бойындағы  қасиеттерін  дамытуға 
байланысты  шаралар  өткізгенде  барынша  нақты  іс-  әрекеттер  жасау  керек.  Ұлттық  киім,  құнды  жәдігерлер 
туралы үнемі айту, қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру т.б. әрекеттерді жиі қайталап отыру қажет. 
Қорыта  келгенде,  Елбасымыз  айтқандай  Мәңгілік  ел  болашағы  –  білімді  ұрпақ,  саналы  жастар.  Осы  тұрғыда 
ұстаздар  қауымының  атқарар  ісі  көп,  оны  парыз  деп  білуіміз  керек.  Алдымызда  ұлттық  құндылықты  бойына 
сіңірген, отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аянбайтын, білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларға 
бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз шарт. 
«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру  – бүгінгі ұрпақтың парасатты парызы, келешек ұрпаққа ұлағат. Осы 
ұлы  мұратты  жүзеге  асырсақ,  бабалардың  алдындағы  қарызымыз  бен  балалардың  алдындағы  парызымыздың 
өтелері хақ. Қазақстан әлемдегі алып елдердің қатарынан өз орнын алса, әлемге танылған елдің ұландары ел мен 
жердің иесі болатындай намысты болып жетілсе, ұлттық құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырса, 
«Мәңгілік Елдің» болашағы баянды, келешегі нұрлы болары айқын. 
Ұлы Дала елінің ғаламат тарихы мен қайталанбас құндылықтары туралы салиқалы ойлар айтып, ұрпаққа 
ұлағат болатындай игі істер атқару – бүгінгі ұрпаққа міндет, келешек ұрпаққа – аманат. 
Қазақстан  тағдыры  үшін,  өткен  ата-бабалар  мен  болашақ  ұрпақ  алдында  ең  бағалы  құндылығымыз  - 
егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек 
ете білейік! 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет