Тақырып 1 Кросс-мәдени психологияға кіріспе Мақсаты


Тақырып 25-26. Кросс-мәдени психология жүйесіндегі этностық сәйкестілік (идентификация)



бет25/33
Дата31.01.2023
өлшемі146,49 Kb.
#64212
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Тақырып 25-26. Кросс-мәдени психология жүйесіндегі этностық сәйкестілік (идентификация)
Мақсаты: этностық сәйкестілік туралы түсінік беру.
Түйін сөздер: сәйкестік, этностық сәйкестік, этностық сәйкестік, ұлтшылдық.
Жоспар:

  1. Этностық сәйкестілік үғымы.

  2. Этностық сәйкестіліктің құрылу кезеңдері.

  3. Этностық сәйкестіліктің когнитивтік және аффективтік компоненттері.

  4. Этностық сәйкестіліктің дамуы мен трансформациясы.

«Сәйкестілік» ұғымын алғаш рет Уильям Джеймс «Психология негіздері» еңбегінде «Мен-тұлға» түсінігінде қолданып, оның екі жағын, ««Мен - біріктіруші» және «Мен – объект ретінде» көрсетеді. «Сәйкестілік» ұғымы психологиялық тұрғыдан алғаш рет З.Фрейдтің «Топтық психология және «эго» талдауы» деген еңбегінде қолданылды. З.Фрейд сәйкестілікті баланың ата-анасымен эмоционалды байланысы ретінде, сонымен қатар индивид пен әлеуметтік топтың арасындағы қатынастың маңызды механизмі ретінде қарастырады. Соның салдарынан «сәйкестілік» ұғымы топ мүшелерін ұйымдастыратын ортақ белгі ретінде қарастырылды.


Кейінгі жылдары «сәйкестік» ұғымы ғылыми білімнің көптеген салаларының - әлеуметтанудың, саясаттанудың, этнологияның басты бағыты болып табылады. Алайда, жеке адам мен топ арасындағы қарым-қатынасты, психология тұрғысынан алғанда, жеке адамға, жалпы алғанда, қоғамға зерттеу тұрғысынан зерделе бастаған кезде ол шын мәнінде ғылыми мағынаға ие болды.
Адамның және қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктеріне талдау жасалынған Е Фромның «Бостандықтан құтылу» жұмысын жариялағаннан кейін «сәйкестілік» ұғымы психологиядағы басты орынға айналады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Э.Эриксон америкалық солдаттарға психологиялық көмек көрсету барысында сәйкестілік мәселесін Америка үшін стратегиялық деп атады. Ол сәйкестілікті айқындайтын ұғымдарды анықтады. Біріншіден, психоәлеуметтік сәйкестік ұғымын қоғам мен тұлға арасындағы қарым-қатынастың жемісі деп атады, екіншіден қоғамдық дамудың дағдарысына байланысты жеке сәйкестілік дағдырысы ұғымын енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет