Кросс-мәдени ұқсастықтар мен айырмашылықтар деңгейі Көптеген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей мәдени шоктың көріну деңгейі мәдени дистанциямен жағымды корреляцияланады. Басқа сөзбен айтсақ, егер жаңа орта өз Отанына ұқсас болып келсе, адаптация жеңілірек болады.
Мәдени ұқсастық деңгейіне баға беруде М.Бабинер ұсынған мәдени арақатынас ұғымын қолдануға болады, яғни, тілі, діні, жанұя құрылымы, білім деңгейі, материалды комфорт, ауа-райы, тағамы, киімі, т.б.
Объективті мәдени дистанциямен бірге оған өзге де көптеген факторлар әсер етеді:
-конфликтілердің, соғыстар, геноцидтердің болу, болмауы;
-елдің мәдени ерекшеліктерімен таныс болу деңгейі мен өзге тілді білуі;
-мәртебелердің теңдігі немесе теңсіздігі және кросс-мәдени байланыстағы ортақ мақсаттардың болу-болмауы.
Әрбір адам өзге мәдени ортаға келгенде өзіндік субъективті мәдени дистанцияны қалыптастырады.
Адаптация процесінде қашқын – бөтенді қолдану арқылы өз мәдениетін тастау, шовинист – ұлтшылдықтың өте агрессивті формасы, бөтенді өзінде қолдану, маргинал – екі мәдениет арасында жүретін адам, делдал – екі мәдениетті талдап, оларды байланыстыру.
Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі Куницына Н.Д.Межличностное общение .М.,2000 г.
Налчаджян.А.М. Этнопсихология Учебное пособие.Питер.,2004 г.
Крысько В.Г. Деркач .А.А. «Этнопсихология» Москва, 1996.