Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері


Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары



бет43/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89
Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары:

  • 1. Инфляция халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл атаулы және нақты табыстарының арасындағы айырмашылықпен анықталады. Мұндай жағдайда әдетте, тұрақты (тіркелген) табыс табатын адамдар инфляция кезеңдерінде көп зардап шегеді, яғни «табан тоздыру» шығындары орын алады.

  • 2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы баийды. Дебиторлар барлық деңгейде ұтады, яғни қарыз ақшаның: белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі бір уақыттан кейін кредиторға құнсызданып барып қайтарылады. Бұл жерде үлкен мемлекеттік қарызға батқан үкімет те ұтады. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың пайдасына ақшаны қарызға берген адамдардың есебінен табыс пен байлықты қайта бөледі, Инфляция жылжымайтын мүліктің құнын арттырады.

  • 3. Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлық-материалдық қорларға деген бағалар өседі. Сондықтан тұрғындар мен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін ақшалай қаражаттарын мүмкіндігінше тез арада қорларға айналдыруға тырысады. Бұл экономикалық агенттердің қолында ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға тырысудың нәтижесі сұраныс инфляциясының күшеюіне алып келеді.

  • 4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмендетеді.

  • 5. Инфляция фирмалардың амортизациялық қорларын құнсыздандырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бүзылады және үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ түрлерінің (салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді. Адамдар мұндай жағдайда ақша жинамауға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің тапқан табыстарын ағымдық тұтынуға бағыттайды, соның салдарынан қоғамның қаржылық ресурстары қысқарады.

  • 6. Инфляция тұрғындар мен кәсіпорындардың ақша қаражаттарын салықтар арқылы жасырын тәркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады.

  • Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.

  • Көптеген экономистер инфляция қарқынының жұмыссыздықтың деңгейімен өзара байланысын зерттеген. Бұл байланыс Лондон экономикалық мектебінің профессоры Албан Филлипстің (1914-1975) үлгісінде терең зерттелді. Ол 1861 мен 1957 жылдар аралығындағы кезеңде Ұлыбритания экономикасының статистикалық деректерін талдаудың нәтижесінде мынадай қорытындыға келген, яғни егер жұмыссыздық 3%-дық деңгейден асса, онда бағалар мен атаулы жалақының өсу қарқыны төмендей бастайды. Олай болса, жұмыссыздық пен атаулы жалақының қарқыны (кейіннен, инфляция қарқыны) арасындағы өзара байланыстың графикалық кескіні Филлипс қисығы деп аталады. Кейіннен, Пол Самуэльсон мен Роберт Солоу Филлипстің моделіне өзгеріс енгізді: жалақының өсу қарқыны деген көрсеткішті инфляция көрсеткіші деп өзгертті. Филлипс қисығы қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық пен инфляцияның арасындағы өзара байланысты көрсетеді (10.3-сурет) және Самуэльсонның пікірінше, тиімді саясатты жүргізу арқылы жұмыссыздық пен инфляция арасындағы «өзара келісім» (компромисс) нүктесін табуға көмектеседі. Бұл өзара келісімнің шарты Филлипс қисығының көлбеулігімен анықталады. Қысқа мерзімді кезеңде бағалар мен жалақы мөлшерлемелерінің инфляциялық сипатта өсуі еңбек ұсынысын ынталандырып өндірісті арттырады. Ал инфляциялық үдерістерді басу жұмыссыздықтың өсуін туындатады.





  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет