Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет40/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89
2) құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен еңбекке деген сұраныстың сәйкес келмеуінен пайда болатын мәжбүрлі ұзақ мерзімді жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі өндірістегі технологоиялық алға жылжулармен байланысты және осыған сәйкес жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылымы өзгереді. Бұл жұмыссыздық мамандықтары «ескірген» немесе ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты экономикаға қажеті шамалы болып табылатын азаматтардың арасынан көрініс табады. Құрылымдық жұмыссыздыққа тап болған азаматтар өз еңбек қызметтерін «дайын» күйінде еңбек нарығына ұсына алмайды және жаңа жұмыс орындарына орналасу үшін кәсіби қайта даярлаудан өтулері қажет. Қайта даярлаудан өту үшін аса көп уақыт кетеді және көбінесе мемлекет тарапынан қосымша шығындар жұмсауды талап етеді.

  • 3) циклдік жұмыссыздық – өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез келген мамандық бойынша жұмыс таба алмаудын орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі. Жұмыссыздықтың бұл түрі жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейінен ауыткуымен байланысты. Экономикалық құлдырау кезеңінде циклдік жұмыссыздық фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал экономикалық өсу (өрлеу) кезеңдерінде циклдік жұмыссыздық жоғалады.

  • Бірақ еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайында болғанда да фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың деңгейі орын алады. Ал циклдік жұмыссыздық болса құлдырау кезеңдерінде орына алады да, соның салдарынан жұмысбастылық жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңсіздігінен қысқарады. Циклдік жұмыссыздықтың орын алуы күрделі макроэкономикалық мәселеге айналады, макроэкономикалық тұрақсыздықты туындатады, ресурстардың толық қамтылмауын болдырады.

  • ХХ ғасырдың 60-жылдары американдық экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары Митлон Фридмен мен Эдмунд Фелпс «толық жұмысбастылық» және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген ұғымдарды енгізді.

  • Толық жұмысбастылық – бұл жұмыс күшінің жалпы санында 5,5% және 6,5% мөлшерінде жұмыспен қамтылмағандардың үлесін сақтап тұру, яғни бұл жағдай тек циклдік жұмыссыздық болмағанда ғана орын алады. Бұл көрсеткіштер әр елде әртүрлі болуы мүмкін, бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды.

  • Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – бұл әлеуетті ЖІӨ-ге сәйкес келетін толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосылысына тең. Шетелдік тәжірибеде жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша «NAIRU» деп атайды.

  • Жұмыссыздық пен өнім көлемі арасындағы өзара байланыс Оукен заңы деп аталады. Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1%-ға өссе, онда нақты ЖІӨ деңгейі әлеуетті ЖІӨ-ге қарағанда 2,5%-ға қысқарады. Ал 2,5% Оукен коэффициенті деп аталады. Оукен заңы игіліктер нарығы мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты сипаттайды. Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:



  • мұндағы, Ү*- толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің әлеуетті көлемі; Ү – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі; u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; γ – Оукен коэффициенті. Осының нәтижесінде өндіріс көлемінің жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.

  • Жұмыссыздықтың экономикалық және экономикалық емес салдарлары бар, олар жеке және қоғамдық деңгейде көрініс табады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет