Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет42/89
Дата19.09.2022
өлшемі0,8 Mb.
#39501
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89
Еңбек биржасы – бұл жұмыс күшін сату және сатып алуды жүзеге асыратын жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасындағы делдалдық қызметтер көрсететін ұйымдар болып табылады. Бұлар жұмыссыздықты түгел жоя алмаса да, жұмысқа орналастыру және жұмыскерлерді жалдау үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуына және тиімді жүзеге асуына мүмкііндік береді.

  • Сонымен, бұл жердегі мемлекеттің рөлі толық, тиімді және еркін жұмысбастылықты қамтамасыз етуге көмек беру үшін оңтайлы саясатты жүзеге асыру шараларынан көрінеді.

  • Елбасының тікелей тапсырмасымен қазіргі уақытта елімізде еңбек нарығын реттеудің және жұмыссыздықты жоюдың жаңа бағыттары қалыптасып іске асырылу үстінде. Жаңа қабалданған «Жұмыспен қамту - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы және елді индуустрияландыру картасы аясында 370 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады.


  • 3. Инфляцияның мәні, пайда болу себептері, зардаптары және түрлері. Филлипс қисығы.

  • Инфляция - көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда, ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының кез келген өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дезинфляция деп атайды.

  • Экономикалық құбылыс ретінде әлем экономикасында, инфляция ұзақ уақыт бойы тарихи негізінде қалыптасып дамуда. Оның пайда болуын негізінен, ақшаның шығуымен және оның қызметімен байланыстырады. «Инфляция» термині латын сөзі «inflatio» - қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылғы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету үдерісін білдірген. Осы түсінік XIX ғасырда Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес үкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді.

  • Ақша, тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда, құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаны алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі, тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты.

  • Сонымен, инфляция - бұл бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.

  • Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді.

  • Монетарлық емес себептер:

  • - экономикадағы диспропорциялар;

  • - әскери-өнеркәсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның бөлінуі;

  • - тым күшті импорттық тәуелділікте болу кезінде экспорттық сектордың әлсіз дамуы;

  • - ЖІӨ көлемінің құлдырауы;

  • - халықтың инфляциялық күтулері.

  • Монетарлық себептер:

  • - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;

  • - ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына әсері. Орталық банк активтерінің ұлғаюы барлық жағдайларда ақша массасының өсіп отыруына алып келеді, бұл төлем қабілеттілігі бар сұраныстың артуын білдіреді. Нәтижесінде игіліктерге жалпы баға деңгейі өседі;

  • - ақша айналымы жылдамдығының артуы.

  • Инфляцияның әртүрлі жіктелу критерийлеріне байланысты көптеген түрлерін ажыратуға болады:

  • 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», инфляцияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқын (ашық) және басылған-бүркемеленген (жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді.

  • Бағалардың еркін құбылуы жағдайларында орын алатын ашық инфляцияның деңгейін келесі формуламен анықтауға болады:

  • мұнда, Р - ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі; Р-1 - өткен жылғы бағалардың орташа деңгейі.

  • 2. Зерттеу обьектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.

  • 3. Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық импулъстарга байланысты, импортталған және экспортталған инфляция болады.

  • 4. Баганың өсу қарқынына байланысты, инфляцияның мынадай түрлері болады:

  • • жылына 10%-ға дейін болса - баяу немесе жылжымалы инфляция,

  • • жылына 200% болғанда - өршімелі немесе «латындық»,

  • • 200%-дан (Самуэльсон бойынша) артқанда - гиперинфляция (американдық экономист Ф. Кэган бойынша - айына 50%-дан артық болса).

  • 5. Экономиканың баганың өсу қарқынына үтымды бейімделуіне байланысты, инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланстандырылмаған (теңдестірілмеген) болып бөлінеді.

  • 6. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

  • 7.ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.

  • 8. Баганың болашақтагы өсу қарқыны және оган үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға болатын және болжауға келмейтін инфляция болып бөлінеді.

  • 9. Инфляциялық процесті тудыратын және оган дем беретін факторларға байланысты «сұраныс» инфляциясы және «шығындар» инфляциясы болады.

  • «Сұраныс» инфляциясы - бұл өндірістің нақты көлеміне қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын және сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. Инфляцияның бұл түрі алғаш рет кейнстік талдау шеңберінде зерттелген болатын.

  • Сұраныс инфляциясының пайда болуы монетарлық және монетарлық емес факторларға байланысты туындайды.

  • Сұраныс инфляциясының монетарлық факторлары:

  • • ақша айналымы жылдамдығының тұрақтылығы кезінде өндіріс көлемінің өсуіне қарағанда атаулы ақша массасының өсуі;

  • • экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдерінен туындайтын ақша айналымы жылдамдығының артуы.

  • Сұраныс инфляциясының монетарлық емес факторлары:

  • • экономикалық субъектілердің жиынтық шығындарының өзгеруі (үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарының, фирмалардың жоспарланған инвестицияларының, мемлекеттік шығындар мен таза экспорттың өзгеруі);

  • • жиынтық сұраныстағы құрылымдық өзгерістер. Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген әсері қазіргі экономиканың А8 қисығының қай кесіндісінде тұрғандығына байланысты (10.1-сурет):

  • • экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін көлденең (кейнстік) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келмейді, тек жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі қолданылмаған өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асырылады);

  • • аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуін және өндіріс көлемінің артуын туындатады;

  • • экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін тік (классикалық) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемі өзгермейді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет