Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет11/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

Жоспар құру
Уақытты жоспарлау – адам мен әлемнің дамуына, ең ауыр
әрі күрделі болған құндылықтар мен өмірге көзқарас
тұрғысынан жақсы жаққа өзгеруге мүмкіндік беретін бірегей
құрал.
Тайм-менеджмент бойынша сарапшы Алан Лакейннің айтуы
бойынша, 
жоспар 
құру 
арқылы 
сіз 
бірінші 
күннен
уақытыңыздың 25%-ын үнемдей аласыз. Үш-төрт аптадан соң


күнделікті жоспар құру әдетіңізге айналады. Солайша сіздің
жұмыс өнімділігіңіз арта түседі.


Уақытты тиімді пайдаланудың ең басты қағидасы –
күнделікті таңертең сол күні жасалатын істердің тізімін
жазып жоспар құру. Ең дұрысы – жоспарды кешкі уақытта
жұмыс күніңіз аяқталар кезде жасау. Ертеңгі күні қандай
істер жасау керектігін тізіп жазу арқылы санаңызға белгі
беріп, сіз ұйқыда жатқан уақытта санаңыздың соған сәйкес
жұмыс істеуіне жағдай жасайсыз. Көбіне мұндай жағдайда
таңертең жұмысыңызды сапалырақ әрі тиімдірек орындауға
септігін тигізетін дайын пікірлер мен шешімдерді ойланып
ояна аласыз.


Егер жұмыс барысында қандай да бір міндет жүктелсе,
оны бірден жоспарыңызға түртіп қойыңыз. Біреуге қоңырау
шалу не электронды хабарламаларды тексеру секілді
арбауларға алданбаңыз. Жаңа тапсырманы жоспарыңызға
енгізу арқылы сіз олардың арасында қай істің маңыздылығы
жоғары екенін анығырақ көре алатын боласыз.


Жұмысқа кіріспес бұрын тізіміңізге көз жүгіртіп қарап
шығып, оларды маңыздылығына қарай әріптермен не
сандармен белгілеп алыңыз. Осы орайда тізімдегі жұмысты
атқарғанда не атқармай қойғанда болуы мүмкін нәтижесін
ойлаңыз. Олардың арасындағы кейбір істердің маңыздылығы
сонша – егер атқарылмай қалыс қалып кетсе, салдары өте
қатерлі болуы ықтимал. Ал кейбіреуін істемегеннен ешбір
әсері болмауы мүмкін. Осылайша барлығы жұмыстың
нәтижесі мен салдарына байланысты болмақ. Уақытын
тиімді пайдаланатын табысты адамдар алдымен нәтижелі
жұмыстарға уақыт бөледі. Ал жолы болмайтын бейбақ
жандар кейде көбірек күш салып, ұзағырақ еңбек етуі
мүмкін, алайда уақытын еш нәтижесіз істерге текке


шығындайды. Ондай істерді орындап-орындамағаннан еш
нәрсе өзгермейді.
Өкінішке орай, көпшілік адамдар үшінші-төртінші санаттағы
істермен шұғылданып, уақытының көбін жұмсап қойып
жатады. Онысымен ол адамдар жұмыс істеп жатырмын деп
ойлап, өз-өздерін алдап немесе алданып қалуы да ғажап
емес. Бірақ анығына келгенде, олар толыққанды нәтижеге
жете алмағандықтан, уақытының айтарлықтай бөлігін бос
өткізген болып саналмақ.
Осындай қарапайым ережені (жұмыстың тізімін жасау,
оларды маңыздылығына қарай реттеу, ең маңызды істен
бастап 
кезек-кезегімен 
орындау) 
сақтау 
арқылы 
сіз
жұмысыңыздың нәтижесін екі, тіпті үш есеге арттыра аласыз.
Ал бұл – орасан зор жетістікке апарар жол.
Уақыт пен қаражат – бір-бірімен тығыз байланысты
түсініктер. Оларды дұрыс пайдаланып, жетістікке жетуге
болады, қате қолданып, жер сипап қалуға да болады.
Пайдасыз жаратқанын қайтарып алу мүмкін емес. Ақылмен
қолданылған уақыт пен қаржының нәтижесі мен пайдасын
көптеген жылдар бойы көруге болады.
12
Жоспар құруды ойға алғанда немесе қажеттілігін ойлағанда
жекелеген дінімізді дұрыс түсіне алмаған адамдардан мынадай
керітартпа пікірді де естуіміз мүмкін: мұсылман адам Аллаға
тәуекел етуі қажет делінген, сондықтан да болашаққа жоспар
құру Оған деген сенім мен тәуекелге қайшы болмақ. Алайда
Алла Тағаланың сөзі Қасиетті Құранда бізге мұндай түсініктің
дұрыс еместігі нақты көрсетіледі. Жүсіп пайғамбар (а.с.)
Мысырда қазына басшысы болып тағайындалғанда алдағы жеті
жылға арнап жоспар құрып, халықты аштықтан аман алып
қалады.
13
Осыдан жоспар құрудың дініміз бен иманымызға
қайшы әрекет еместігіне көз жеткізе аламыз. Тек жоспар
құрып, алдағы уақытта бір істі атқаруды ойға алғанда


мұсылман баласына жарасар «Алла қаласа» деген сөзді айтуды
ұмыт қалдырмағанымыз жөн.
14


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет