Адам өмірін жолаушылық деп алатын болсақ, шыққан
жерінен көздеген мекеніне дейін жету үшін қалай баратынын
(төте жол, қауіпсіз жол, ыңғайлы жол, т.б.), немен баратынын
(қандай құралдар қолданатынын), қайда баратынын (көздеген
мақсаты мен діттеген жерінің бір болуы) және неліктен
баратынын (неге басқа жерге емес, дәл сол мекенге бару
қажеттігі) анықтап алу өте маңызды. Сондықтан адам кез
келген істі орындамас бұрын осы сатыларды қарастырып,
өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп шығуы қажет.
15
Жоспар құру барысында мән беру қажет қағидалар:
Жазбаша жазу. Жоспардың іске асуы үшін қажетті ең
басты қағида – оның жазбаша түрде жазылуы. Бұл
жоспардың шынайылығын көрсетеді. Сонымен қатар
жоспарланған
істердің
орындалып-орындалмағандығын
қадағалау үшін де қолайлы.
Тұрақтылық. Тұрақты түрде күнделікті жоспар құру дұрыс
ойлануға, зейіннің шоғырлануына, өз ісі мен өміріне деген
жауапкершіліктің артуына септігін тигізеді. Сондай-ақ ойды
артық мәліметтерден арылтып, маңызды жайттар мен
пікірлерге орын босатуға, есте сақтау қабілетінің артуына
жағдай жасайды.
Басымдылық. Жоспар құру барысында ең маңызды істер
мен тапсырмаларға басымдылық беру қажет.
Шынайылық. Жоспар құру сізге уақыттың мөлшерін және
соған сай шынайы мүмкіндіктеріңізді көрсетеді.
16
Достарыңызбен бөлісу: