ақылмен қолдану.
Тайм-менеджмент – жай ғана күнделік пен жоспар емес. Ол
– өміріңіздегі орны толмас
уақыт қорын мақсат-мұратыңыз
бен құндылықтарыңызға сай қолдануға жағдай жасайтын
әдістер жиынтығы.
Бұл түсініктің негіздері:
Таңдау еркіндігі. Таңдау еркіндігі адамның ішкі жан
дүниесі мен
санасынан бастау ала отырып, өмірге деген
көзқарасына өтіп, адам әрекетінің еркіндігі мен әлемді
өзгерту еркіндігіне дейін мүмкіндік береді.
Жауапкершілік. Адам баласы
өмірін қалай өткізгеніне,
уақытын қалай жұмсағанына Алланың әрі ұжданының
алдында жауапты. Ал санасыз түрде өмірдің ағысымен
жүре беретін, өмірін реттеу үшін ешқандай да ерік-жігерін
қолданбайтын, өз өмірі
мен уақытына байланысты
жауапкершілікті өз мойнына алмайтын жанды «адам» деуге
келе ме?
Даму. Түрлі деңгейде әрі түрлі салада өз-өзін дамытуға
көңіл бөліну қажет. Өмір – даму уақыты,
кемелдену
уақыты, алға ұмтылу уақыты.
Тайм-менеджмент – барлығына да керек құрал. Жұмыс
барысындағы адам, үй шаруасындағы әйел, оқудағы студент
пен оқушы, барлығы-барлығы да уақытқа мұқтаж. Ал
уақыт
болса шектеулі. Сол шектеулі уақытта барлық істерін орындап
бітіру үшін уақыттың маңызын түсініп, тиімді пайдаланудың
жолдарын үйреніп, ысырап етуден аулақ болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: