Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет34/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

6. Бос әңгімелер
Бос әңгіме жайлы сөз қозғалғанда тек қана бетпе-бет
сөйлесулер емес, онлайн түрде орын алатын әңгіме-дүкен де
қамтылады. Бұлар адамның ұшан-теңіз уақытын алады.
Бірқатар есептерге қарағанда, адамның жұмыс уақытының
75%-ы басқалармен сөйлесуге жұмсалады екен. Өкінішке
орай, бұл уақыттың тең жартысы жұмысқа еш қатысы жоқ
бос әңгімелермен өтеді. Осылайша мұндай әңгімелер жұмысқа
арналған уақытты ұрлауда.
Мұндай әдет сіздің мансабыңызға өте зиянды болуы мүмкін.
Көптеген адамдар өз уақыттарымен қоса басқа жандардың да
уақыттарын босқа құртады. Олар өз мүмкіндігінен төмен
дәрежеде жұмыс істегендіктен қажетсіз әңгімеге көп уақыты
болады.
Бұлай уақытты бос шығындамас үшін төмендегі кеңестерге
құлақ түріңіз:

Адамдармен сөйлесу үшін арнайы уақыт болады.
Әріптестеріңізбен 
жұмыс 
арасындағы 
үзілісте 
немесе
жұмысты аяқтаған соң сөйлесе аласыз. Егер сізбен
жұмысқа қатысы жоқ әңгіме бастап келе жатқанын
байқасаңыз, сыпайы түрде жұмыс істеуіңіз керектігін
ескертіп, әңгімені тоқтатып, жұмысыңызға оралыңыз. Көбіне
мұндай сөз сұхбаттасыңызды да жұмыс істеуге итермелейді.

Нәтижеге көңіл бөліңіз. Егер сіздің қызметіңіз ақыл-ойды
жұмыс істетуді қажет ететін болса, әріптестеріңізбен
сұхбаттасу көп уақыт талап етуі мүмкін. Ортаға шыққан
мәселелер мен олардың шешімдерін табу жайлы сөйлесуіңіз
қажет болады. Алайда барлық сұхбаттардың мұраты белгілі
бір нәтижеге жетуге бағытталуы керек. Уақытыңызды соңғы


футбол жарысын талқылап немесе бір жыл бұрынғы
демалысыңызды суреттеп бос әңгімемен шығындамауыңыз
қажет. Өзіңіз секілді әріптестеріңізбен сұхбаттарыңыз бен
пікірталастарыңыз сіздердің ортақ жұмыстарыңыз жайында
болғаны жөн.
7. Сенімсіздік
Уақытты ұрлаушы факторлардың санатындағы ең соңғысы –
сенімсіздік және соған байланысты туындаған жұмысты кейінге
қалдыру әдеті. Сенімнің жоқтығы сіздің қаншалықты көп
уақытыңызды ұрлауы ықтимал екенін елестете де алмауыңыз
мүмкін. Шектен тыс хабарламалар мен сөйлесулер, келісімдер
мен артық істердің себебі де осы. Сенімсіздік себебінен өз
уақытыңызбен қоса айналаңыздағы жандардың да уақытын бос
шығындайсыз.
Сенімсіздік – жұмысты кейінге қалдырудың ең басты
себептерінің бірі. Ол тек уақытты ғана емес, қаражатты да
шығындайды әрі жүйкеңізді жұқартады.
64


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет