тіркесі 1 рет, «ғасиқул-ләйл» (түннің алғашқы қараңғылығы)
тіркесі 1 рет, «хинә тумсун» (кеш болғанда) тіркесі 1 рет,
бұлардың барлығын қосқанда түннің
кезеңдерін сипаттайтын
сөздердің саны 28 болады. Мұны 92 рет кездескен «ләйл»
сөзіне қоса есептегенде барлығы 120 болмақ.
Күндізгі уақыттардың да, түнгі уақыттардың да мұндай
кезеңдерге
бөлініп
Құранда
аталуы
көбіне-көп
намаз
уақыттарын анықтап, түсіндіруді мақсат тұтқан. Тіпті күннің
белгілі бір уақыттары күнделікті бес уақыт парыз намаздың
уақыттарын білдіру арқылы
сол намаздардың атаулары да
оқылатын уақытының атауымен аталып кеткен.
•
ЕРЕКШЕ ҚҰНДЫЛЫҚҚА ИЕ УАҚЫТТАР
Адам атаның Жерге түсуімен басталған адамзат тарихының
алғашқы кезеңдеріндегі адамдардың мың жылдап ұзақ өмір
сүргендігін білеміз. Ең бірінші
адамның пайғамбарлығымен
Жаратушыға құлшылықты бастап кеткен сол жандардың
мыңдаған жылдар бойы ғибадат жасап, мол сауапқа кенелуге
мүмкіндіктері болған. Ал кейінгі уақыттарда адам баласының
өмір сүру ұзақтығы әлдеқайда қысқарғанын көрудеміз. Тіпті
ең соңғы Пайғамбар Әз Мұхаммедтің (с.а.с.) кезеңінде де
адамдардың ғұмыр жасы ұзақ дегені жүз
жылдың шамасында
болған. Соны ойлаған Алланың Әз Елшісі (с.а.с.) бұрынғы
үмбеттермен салыстырғанда өз үмбетінің өмір сүру ұзақтығы
қысқа болғандықтан,
құлшылық ету уақыты да азырақ, соған
сәйкес сауабы да кемшін болатынын уайымдап қам жеген.
Сүйікті Елшісінің уайымы мен тілегін білген Раббысы
ақырзаман үмбетіне аз уақыттың ішінде көп сауапқа ие
болатын мүмкіндіктер сыйлаған.
Достарыңызбен бөлісу: