Тайм-менеджмент


«Таң шапағына серт! Және (мүбәрак) он түнге (серт)



Pdf көрінісі
бет51/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

«Таң шапағына серт! Және (мүбәрак) он түнге (серт),
Жұпқа және таққа (серт), Соңына қарай ағып бара
жатқан түнге (серт! Қиямет сөзсіз, орнайды!). Міне,
осынау анттарда сау ақыл иесі үшін, мықты дәйек
бар емес пе?!»
94
Бір тәуліктің таңертеңгі уақытынан бастап беретін «фәжр»
сөзінің мағынасы белгілі. Ал одан ары ант етілген астарлы
мағынадағы аяттарды Алла Елшісі (с.а.с.) былай түсіндірген:
«Он түн дегені – зулхижжә айының алғашқы он күні. Жұп дегені –
Құрбан айт күні, тақ дегені – Арафа күні».
95
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Буруж» сүресіндегі Алла Тағаланың
ант еткен уақыттарының белгілі бір күндер екендігін атап
өткен: «әл-йәумәл-мәшһуд – Арафа күні, әш-шәһид – Жұма
күні...»
96
Уақытқа қатысты тағы бір анық айтылған хабар «Қадір»
сүресінде кездеседі. Ол сүреде Қадір түнінің мың айдан да
қайырлы екендігі баяндалады.
97
Олай болса, уақыттың әрбір күні, әрбір сағаты бірдей емес.
Кейбір сәттердің қадір-қасиеті басқаларынан көш ілгері
тұрады. Аз уақытта көптеген пайдаға кенеліп, сапалы ғұмыр
кеше алу үшін осындай құнды уақыттарды тиімді өткізуді
үйрену қажет. Құран мен хадисте мақталып айтылған
уақыттар – осы қадірлі де қасиетті сәттер.


Құран тек қана Қадір түнінің не жылдың санаулы күндерінің
маңызына назарымызды аударып қана қоймай, Рамазан айын
да ерекшелеп атап өтеді: адамдарға тура жол көрсетуші,
ақиқат пен жалғанды ажыратушы теңдессіз жолбасшы болған
Құран Кәрім сол айда түскендігін баяндайды.
98
Рамазанның
басқа айлардан артықшылығы мен үстемдігі хадистерде жиі
айтылып өтеді. Хадис кітаптарында кездесетін оразаға
байланысты тақырыптарда осы жайтты көптеп кездестіруге
болады.
Сонымен қатар хадистерде «үш айлар» деп аталып кеткен
ережеп, шағбан, рамазанның қасиеті, рамазаннан соң келетін
шәууәл айының алты күні, зулхижжаның алғашқы он күні,
оның ішінде Құрбан айт күні, мухаррам айы және ондағы
Ашура күні әдеттегі күндер мен айлардан ерекшеленіп
көрсетілген, бұл уақыттарды барынша тиімді пайдалану
қажеттігі, кейбір уақыттарда ораза ұстаудың артықшылығы
атап өтіледі.
Қамари айларда әр айдың алғашқы күні, әййәмул-бид
(жарық күндер) деп аталған 13, 14, 15-інші күндері
ерекшеленіп, ол күндері ораза ұстау сүннет саналған.


Одан да ары нақтылап қарайтын болсақ, аптаның да
маңыздылығын көруге болады. Аптаның барлық күні бірдей
дәрежеде емес. Кейбір күндер басқаларына қарағанда ерекше
саналады. Әсіресе, жұма күні – ең қадірлі күн. Дүйсенбі
және бейсенбі күндері ораза ұстау – сүннет әрі басқа күндері
ұсталған оразадан сауабы артық.
Ал бір күнді қарастыратын болсақ, күннің сәресі уақыты
басқа уақыттарынан маңыздырақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет