айналысуға әбден болады. Кейінгі тарауларда да айта
кететініміздей, артынан көптеген еңбектер қалдырған үлкен
ғалымдарымыз түнде құлшылық
етумен бірге білім алып,
зерттеулер жасап өткізгенін көруге болады.
Түнгі құлшылықтың уақыты
Құран аяттарының түсіндіру жолынан ғалымдар түнгі
құлшылықтың уақытын төмендегідей бөліп қарастырған:
Түннің жартысы,
Төрттен үші,
Үштен екісі,
Төрттен бірі.
Бұл уақыт мөлшеріндегі ең үлкен айырмашылық көбіне жыл
мезгілдеріне немесе географиялық жағдайларға қарай әрдайым
өзгеріп отыратын күндіз бен түннің арасындағы ұзақтыққа
байланысты болмақ. Адамның өмір сүру шарттарының өзгеруі
де назарға алынуы қажет жайттардың бірі саналады.
Жалпы түсінік қалыптастыру үшін
белгілі бір мекенде
жылдың ең ұзақ түні мен ең қысқа түнін алып, есептеп
көрсетуге болады. Ең ұзақ ояу болу уақытын ең ұзақ түнмен,
ең қысқа ояу болу уақытын ең қысқа түнмен алып
қарастырайық:
Жылдың ең ұзақ түні (Алматы қаласы бойынша) желтоқсан
айының 22-жұлдызында 13 сағат 32 минутты құрайды. Оның
төрттен үші – 10 сағат 9 минут.
Олай болса, демалыс пен
ұйқыға 3 сағат 23 минут қалады.
Жылдың ең қысқа түні маусым айының 22-жұлдызында 6
сағат 44 минутқа созылады. Мұның төрттен бірі – 1 сағат
41 минут. Бұл жағдайда ұйқыға бөлінген уақыт – 5 сағат 3
минут.
Бұл есептеулер түн ең ұзақ болған мезгілдегі ең азы қанша
уақыт демалысқа бөліп, ең көбі қанша уақыт түнгі
құлшылықпен айналыса алатынымызды көрсетуде. Мұнда
есептелген құлшылыққа арналған уақытты түннің үштен екі
немесе төрттен бір бөлігіне дейін қысқартуға болады. Мұнда
уақыт күн батқаннан бастап есептелгендіктен
парыз болған
ақшам мен құптан намаздары да осы уақыттың ішіне кіреді.
Одан кейін әрбір адамның жеке қалауы мен мүмкіндігі
бойынша, түнде тұрып оқылатын тәһәжжуд намазы мен басқа
да түнгі құлшылықтарды атқаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: