Тапсырма №12.
1.
УЖЖ – терапия.
Айнымалы электр өрісіндегі биологиялық ұлпаларда ығысу
және өткізу токтары пайда
болып, зат алмасу үрдісі жақсарады. Осы мақсатта медицинада
ультражоғары жиілікті
аппарат көптеген ауруларды емдеу үшін қолданылады.
Физиотерапевтік бұл әдіс -
УЖЖ-терапия әдісі деп аталады.
УЖЖ-терапия сүйек
және қан тамырларындағы
қабыну
процесстерін, невралгияны, бронхиальды астманы және басқа да
ауруларды
емдеуде қолданылады.
УЖЖтерапия –ультра жоғары жиілікті (30-300 МГц)
айнымалы электр өрісімен ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін,кең тараған
физиотерапевтік әдіс. УЖЖ электр өрісінің физиологиялық әсері айнымалы электр
өрісінің ағза ұлпаларының молекулалары мен иондарына әсеріне негізделген.
Нәтижесінде,ұлпалардан биохимиялық және физиологиялық процестерді
активтендіруге алып келетін жылу бөлініп шығады.
Бөлінетін жылу ұлпалардың
диэлектрлік өтімділігіне, меншікті кедергісіне және электромагниттік тербелістердің
жиілігіне тәуелді. Сәйкес жиіліктерді таңдай отырып, керекті ұлпалар мен мүшелерден
жылу бөлінуді жүзеге асыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: