Тас дєуірі кезењі, тарихи ескерткіштер


Нақты-қолтаңбалық мәселелер



бет9/33
Дата18.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#124303
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Байланысты:
Ұлы Дала өркениеті. Оқу құралы

Нақты-қолтаңбалық мәселелер:

  • деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау;

  • нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау;

  • деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи міндеттерді пайдалану тәсілдері және т.б.

Қазақстан тарихының деректану курсының мәселелері мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:

  • ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;

  • пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;

  • тарихи зерттеудің жалпы қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.

Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар, негізінен, деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.
1.3 Отан тарихы курсының жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі орны мен маңызы

Бүгінгі Адами дүние әлемге, өркениетке, мемлекетке, ұлтқа, ұлысқа, ағайын-туысқа, қалысқа бөлінеді. Қазақ ұлты бірден жаратылған жоқ, оның бірнеше мың жылдық өсу, даму динамикасы бар.


Тарихтың негізгі миссиясы – ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды? Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар – осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Сонымен әр Қазақстан азаматының ұлттық сезімін өзінің сол ұлттың мемлекеттің өкілі екендігін білдіруге байланысты ұлттың тарихын білу, әрине, үлкен шаруа. Егер XXI ғасырдың азаматы ұлтының өткенін білсе, ұлттың қалай қалыптасып, қанша қан төгіп, өзінің жерін, елін, ұлттық дәстүрін сақтап қалғанын білсе, ол адам, ол азамат өзінің ұлтқа деген ішкі сезімін одан әрі күшейте түседі.
Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам - өзімді-өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек. Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихи, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей, адасып қалған адам еш уақытта ешкімге жақсылық әкелмейді. Сонымен, ұлтыңның тарихын білу арқылы өзіңнің орныңды, ортаңды біліп, өзіңді-өзің тани алатындай жағдайға келгенде ғана толық қанды XXI ғасырдың азаматы бола аласың. Сондықтан Қазақ тарихын білу барлық азаматтарға шарт.
Егер ұлттық сезім болмаса онда ұлттың халі мүшкіл болады, ұлттың тілі де, діні де, дәстүрі де – барлығы құр әншейін жасанды нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Ал ондай ұлт кез келген басқа ұлттың жетегінде кете беретіндігі даусыз. Ұлттың өзінің нық, өз аяғынан тұратындай, өзін-өзі танып, өзін-өзі сыйлайтындай дәрежеге келуі ұлттық сезімнің пайда болуына байланысты. Ал ондай сезімді тудыртатын нәрселер - өзін-өзі тану, жақсылап тану, жақсы жағынан тану.
Екіншіден, әр ұлттың ұлт болып қалыптасқан мекені бар. Сол мекен Қазақстан азаматтарының барлығын түгелдей қамтитын мекен. Осы мекенді әрбір қазақстандық толығымен бүкіл ауқымында білуі керек, қастерлеуі тиіс. Сонда сол мекен мен ұлттың арасында жатқан терең байланыс айқын сезіледі. Жалпы қазақ халқы мекен мәселесіне терең ілтипатпен қараған халық.
«Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдірсе керек. «Кіндік кесіп, кір жуған», «кіндік қаны тамған» деген сөздер барлық қазақтарда айтылады. Бәрі де өзінің туған мекеніне жылы жүрекпен, терең ілтипатпен қарағандықтан туған сөздер. Жалпы, атамекеннің қалдырған іздері ұлт ретінде қалыптасуымызға көмектеседі. Қазан төңкерісінен кейін талай жер халқымызға қатысы жоқ адамдардың атымен аталды. Осылайша, біздің топонимдік жүйеміз талқандалды. Оның құрылымы бұзылды. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін еріксіз, халықтан сұрамастан өзгертілген атаулар қалпына келтіріліп жатыр. Дегенмен, бұл ретте атқарылар шаруалар әлі көп-ақ. Егер жерімізді, атамекенімізді қастерлейтін болсақ, онда ұлтымыздың қуатын күшейте түсеміз. Жерге деген сезім ұлтқа деген сезім екенін әбден, анық білуіміз керек. Қазақ ежелден жер тұтастығы деген мәселеге қатты көңіл бөлген. Осыдан қазақ халқының жерге деген сезімі байқалады. Осының бәрін өткен кезде «совет халқына жер ортақ» деп ұрандату жуып-шайып кетті. Мұны енді рулық деңгейде емес, ұлттық деңгейде, Қазақстан деп аталатын мемлекеттің территориясын, ауқымын елестетуге балаларды тәрбиелеу арқылы қолға алу керек. Осы жерде отырып, «менің Аралым», «менің Атырауым», «менің Оңтүстігім», «менің Жетісуым», «менің Ертісім», «менің Зайсаным», «менің Сары-Арқам» дейтін халге келтіру қажет. Әрбір жастардың ойы жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелесек мұның өзі атамекен деген ұлағатты ұғымға алып барады. Ең бастысы атамекен туыстастығы арқылы ұлттық тұтастықты сезінеміз. Қазақ ата-бабасының мүрдесі жатқан жерді қатты қадірлейді. Атамекен тұтастығы мен ұлт тұтастығын күнделікті дәрежеде балаларға түсіндіре алсақ, күнделікті өмірде осыған мән берсек, одан ұтарымыз мол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет