Тас дєуірі кезењі, тарихи ескерткіштер



бет2/33
Дата18.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#124303
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
І ДАЛА ТАРИХЫНА КІРІСПЕ
1.1 Отан тарихын ғылыми кезеңдерге бөлу негіздері

Тарих – араб-парсы сөзі, оның мағынасы - зерттеу, оқиғалар туралы әңгіме. Адамзаттың пайда болуы алғашқы қауымдық құрылысынан бастап қазіргі дәуірге дейінгі өмір сүруін, тіршілік жайын, оның өзгеруін, қоғамның дамуы, тоқырауы, өрлеу кезеңдерін жеке дәуірлерге бөліп (ертедегі дүние, орта ғасыр, жаңа заман тарихы, т.б.) зерттеуін айтады. Қазақстан тарихы Орталық Азия аумағын ежелден мекендеген қазақ халқының тарихын баяндайды.


Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде 2003 жылы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің үшінші мәжілісінде «Мәдени мұра» жобасының бағдарламасы қабылданды, ондағы басты мақсаттар:

  • ұлттық мәдениетіміз үшін айрықша мәні бар маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерінің қайта қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;

  • зор мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениет, ауыз әдебиеті, дәстүрлер мен әдеттерді зерттеудің тұтастық жүйесін құру;

  • ұлттық әдебиетіміз бен жазуымыздың көп ғасырлық тәжірибесін қорыту, тармақталған көркем, ғылыми серияларды жасау;

  • мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің озық жетістіктері негізінде толық құнды гуманитарлық білім қорын жасау.

Бағдарламаның міндеттері:

  • көне, ортағасырлық тұрақтарды, қорғандарды, қалашықтарды зерттеу, археологиялық қазбалар жүргізу;

  • ұлттық тарихымыз үшін ерекше мәні бар Қазақстанның аса көрнекті тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту, консервациялау және сақтау бойынша жұмыстар жүргізу;

  • облыстар бойынша Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің Жинағын басып шығару әзірлігі бойынша жүйелі жұмысты жүзеге асыру;

  • тарих ғылымының теориялық проблемаларын әзірлеу, ғылыми, көркем және энциклопедиялық әдебиеттерді шығару, ғылыми білімді көпшілікке тарату;

  • мемлекеттік тілде ұлттық әдебиет пен жазудың және әлемдік ойдың озық үлгілерін әзірлеу және басып шығаруды жүзеге асыру;

  • Ұлттық мұрағаттық қорды сақтау мен байытуға арналған жұмыстарды ұйымдастыру жолдары белгіленген болатын.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап қазақ тілді оқырман қауым үшін философия, тарих, заң және т.б. саладағы әлемдік ғылыми ойдың іргелі еңбектері және көркем әдебиетті басып шығару іс жүзінде тоқтап қалған болатын. Осыған байланысты өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және тарихи, мәдени мұраны толыққанды зерделеудегі ақтаңдақтардың орнын толтыру, сондай-ақ, қазақ халқының көп ғасырлық рухани тәжірибесін жинақтау, мемлекеттік тілдегі тармақталған тарихи, көркем, ғылыми серияларды жасау мемлекет тұрғысынан аса өткір қойылды.
Бағдарламаны іске асыру барысында кітаптар сериясының 16 бағыты бойынша фольклористика, тарих ғылымы, археология, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, психология, антропология, тіл білімі, мұрағат және кітапхана жұмысы, бейнелеу өнері, энциклопедиялық әдебиеттер және т.б. әзірленуі мен басылып шығарылуы, басылымға шығатын әдебиеттің ауқымын кеңейтуге, қазақ халқының бай мәдени мұрасын сақтауға және мемлекеттік тілдегі әлемдік әдебиет пен ғылымның асқан үлгідегі қорларын жасауға, ұлтты мәдени-білім және интелектуалды-мәдени деңгейде көтеруге және өскелең ұрпақты жалпыәлемдік құндылық идеалдары мен қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде және халықтың тарихи-саяси көзқарасын қалыптастыруға оң әсер ететін ауқымды мәселелер қойылды.
Осы бағдарлама шеңберінде көрсетілген мәселелерді кешенді шешу Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу, сақтау және көпшілікке тарату жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді. Осы мақсатта авторлар көмекші материал ретінде оқу құралын ұсынып отыр. Студент қауымына ескеретін нақты шешімнің сауалы, еліміздің тарихын Орталық Азия аумағынан шығару - бүгінгі күн тәртібінде шындықты бейнелеудің шарты түсінігімен ұйғарылсын. Орталық Азия аумағы деп Қиыр Шығыстағы Корей түбегінен бастап батыстағы Қара теңізге, солтүстіктегі Байкал мен Оңтүстік Сібірден бастап оңтүстіктегі қазіргі Ауғанстанға дейінгі жалпағынан созылып жатқан кең даланы айтамыз. Бұл кеңістікке қазақ халқының тікелей қатысы бар. Тегі түркіден шығатын түркі тілдес халықтың жалпы отаны. Ол тарих сахнасында Тұран деген атымен әйгілі. Қазақ халқына, сондай-ақ түркі тілдес туыс ағайындарымызға ортақ отандық жеріміз.
Орталық Азия аумағындағы тарихи-мұраны алты мың жылғы даму шеңберінде алып қарасақ, олар төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет