Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика


Диагностика криминалистиканың ілімі ретінде



бет13/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
2. Диагностика криминалистиканың ілімі ретінде
Криминалистикалық диагностика жеке ілім ретінде кейінірек пайда болды. Ілім ретінде диагностиканың пайда болу тарихы криминалистикалық Теңестіру теориясының тарихына ұқсас. Бұл бағыттың криминалистика ғылымында қалыптасуы теңестіру теориясындай тәжірибелік (эмпирикалық) материалдардың ұзақ жылдар бойы жиналуынан тұрады.
Теңестіруді жүзеге асырудың негізгі формасы сараптама болып табылады. Ол, әсіресе дәстүрлі сараптама түрлерінде қолданылады. Ал диагностика болса сараптаманың барлық түрлерінде жүзеге асырылып, сонымен қатар, жедел-іздестіру, тергеу, сот әрекеттерінде қолданылады. Диагностиканы сарапшылар, тергеушілер, жедел қызметкерлері, мамандар мен соттар жүргізеді. Оның субъектілер шеңберінің кең көлемді екенін байқаймыз.
Теңестіру, негізінен, дәлелдеу әдісі ретінде қарастырылса, диагностика дәлелдеумен қатар, іздестіру, жедел-іздестіру мәніне ие бола алады. Бірақ та Теңестіру мен диагностиканың мақсаты бір - тергелетін іс бойынша фактілі мән-жайларды анықтау. Диагностика тұрғысынан шешілетін мәселелер (жалпы және жеке) шеңбері кеңірек.
Диагностиканың жеке мәселелері өте көп. Оларды жіктеу негізі ретінде қылмыс оқиғасын құ-райтын материалдық дүние объектілерін, қылмыстың өзін және өзге де қылмысты кұрайтын материалдық объектілерді қарастырған жөн. Теңестіру объектісі ретінде тек қана материалдық заттар қарастырылса, диагностикада объект ұғымына материалдық заттармен қатар, объектілердің жеке қасиеттері, объектілердің, құбылыстардың күй-жағдайлары, объектідегі процестер, оқиғалар, ситуациялар, оқиға механизмдері де кіреді.
Диагностика объектісі ретінде - оқиғалар, ситуациялар қарастырылса, оларды жол-көлік оқиғасына (соқтығыс, жолаушыны басып кету, аударылып калу және т.о.), кісі өлтіруге (пышақпен, атыс қаруьшен), ұрлыққа (бұзып кіру), тонауға, қаракшылыққа, контрабанда, жарылыс оқиғаларына және т.б. жіктейміз.
Диагностикалық мәселелер шешетін субъектілерге қатысты жедел кызмет-кермен, тергеушімен және сарапшымен шешілетін диагностикалық мәселелер, болып жіктелінеді. Қазіргі кезде диагностикалық мәселелерді жүйелеу өз көрінісін сараптамалық зерттеу шеңберінен тауып отыр. Сот сараптамасының көптеген түрлері негізінен диагностикалык мәселелерді шешеді. Бұл сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-бухгалтерлік, сот-қаржылық, әкономика-лык, товароведтік, технологиялық, автотехникалық, өрт-техникалық, инженер-лік, медицина-әләуметтік және өзге де сараптамалар.
Сот сараптамасымен шешілетін диагностикалык мәселелер классифика-циялық, диагностикалык және ситуациялық деп жіктелінеді.
Мысалы, сот-медицина сараптамасында негізінен диагностикалык сипаттағы мәселелер қарастырылады: өлімнің себебі, уақыты, құралы, түрі кездегі алған жарақаттары, жарақаттың дәрежесі, қан тобы және т.б. Кейде Теңестіру қажет ететін жағдайлар да туындайды, мәселен: жәбірленушінің жеке басын, өлтіру құралын, шашын, қанын және т.б. теңестірулер.
Қарудың өздігінен атылып кету фактісін анықтау үшін тергеуші осы фактіге қатысты қарудың өзін және факті жайындағы акпараттарды сарапшыға жіберуі қажет.
Диагностика тергеуші мен мамандардың қызметінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Нақты айтқанда дигностика тергеушінің болжау құру мен оны тексеру кезінде пайда болады. Ал, мамандар тергеушімен жүргізілген тергеу әрекеті шеңберінде диагностика жүргізу арқылы тергеушіге болжаулар құруға кемегін тигізеді.
Тергеушінің қызметіндегі субъективтік диагностика барынша кең тараған әдіс больіп табылады.
Криминалистикадағы мазмүды мен оның әрі қарай дамуы тергеушінің диагностиканы объективтендіруіне бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет