Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі


ә) саны (бүтіні) бойынша үлесті табуға арналған жай есептер. Ү



бет6/21
Дата27.11.2023
өлшемі399,71 Kb.
#129714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
ә) саны (бүтіні) бойынша үлесті табуға арналған жай есептер.
Ү. Пропорцианал шамалар арасындағы тәуелділікті ашуға арналған жай есептер: шамалар «үштігі»:
а) бағасы, саны, құны.
ә) қашықтық, уақыт, жылдамдық.
б) заттың массасы, жалпы саны, жалпы массасы.
в) тік төртбұрыштың ауданы, ені, ұзындығы.
Жай есептерді шығара білу оқушылардың құрама есептерді шығара білуді меңгеруіне дайндық кезеңі болып табылады, өйткені құрама есепті шығару бірқатар жай есептерді шығаруға келіп тіреледі.



  1. Есепте.

24:2*3:18 + 82:41*39:13*5 + 95:19*18:6*4 - 75:15*12:20*27




Шешуі:

  1. 24/2=12, 12*3=36, 36/18=2

  2. 82/41=2, 2*39=78, 78/13=6, 6*5=30

  3. 95/19=5, 5*18=90, 90/6=15, 15*4=60

  4. 75/15=5, 5*12=60, 60/20=3, 3*27=81

  5. 2+30+60-81=11




  1. Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі.

Бастауыш математика курсында мынадай шамалар қарастырылады: ұзындық, уақыт, масса, сыйымдылық, аудан, көлем, қашықтық, жылдамдық.
Шамалар бастауыш математикада екі түрлі себеппен оқытылады:

    1. бастауыш математика курсының негізгі мәселелері - теріс емес бүтін сандар нумерациясы мен оларға амалдар қолдану мәселесі мағынасының жан-жақты ашылуына мүмкіндік туғызу.

    2. Орта мектептегі физика, химия курстарын оқытуға оқушыларды бірте-бірте дайындау.

Бастауыш математика курсында әр шаманың өзіндік ерекшелігіне қарай оқытудың әдістемесі бар болғанымен, кез-келген шама мынандай ретпен қарастырылады:

      • шама жайлы оқушылардың не білетіндері анықталады.

      • нақты шама және оның термині енгізіледі.

      • шамаларды салыстыру жұмыстары жүргізіледі (көз мөлшерімен, беттестіру арқылы, шартты өлшеуіштің көмегімен).

      • шаманың негізгі өлшем бірлігі немесе практикалық іс-әрекетке ыңғайлы қосалқы өлшем бірлігі енгізіледі.

      • оның басқа өлшем бірліктері өмір мұқтаждығынан туындап отырғандығына оқушылардың көздері жеткізіле енгізіледі.

      • бір өлшем бірліктен екінші өлшем бірлігіне айналдыру қарастырылады.

      • бір өлшем бірлікпен берілген шамаларды қосу және азайту қарастырылады.

      • шамаларды санға көбейту мен бөлу енгізіліп, оқытылып-үйретіледі.

Үлестер туралы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін геометриялық фигуралардың, кесінділердің моделі, жолақшалар, ленталар т.б. заттарды алып, жартысын алу үшін тең екі бөлікке бөліп, бір бөлігін алуды практикалық іс-әрекет түрінде көрсету керек.



  1. Есепті шығар.

Шаршының 9 торында 1-ден 9-ға дейін сандар орналастырылды. Бірінші тізбектің сандардың қосындысы 11-ге тең. Екінші тізбектегі сандардың қосындысы 10-ға тең. Қандай сандар 3-ші тізбекте орналастырылды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет