226
мерейің үстем болсын, Астана!
Біз бүгін Астананың ажарына қарап қуанамыз. Кеудемізді мақтаныш сезімі
билейді. Осыдан небәрі бір мүшел бұрын Арқа төсінде осындай зәулім
қаланың бой көтеретініне кім сенді дейсіз. Арман болатын ол. Бірақ, бүгін сол
арман ақиқатқа айналып отыр. Қанатын құлаштай сермеген Астанаға бүгін
әлемдік қауымдастықтың өзі қызыға, қызғана қарайды. Небәрі оншақты жылда
ертегідегідей әсем қала тұрғызу қалай мүмкін
болды деп таңданады, таңдай
қағады олар.
Иә, Астана – Елбасының ерлігі. Астана – Елбасының өрлігі. Мұны бүкіл Қазақ
елі біледі, түсінеді, түйсінеді. Жаңа қаланы тұрғызудың қандай қиын болғанын
да сезеді халық. Астанадай алып қала тұрғызу үшін алып жүрек керек болатын.
Құрылыс саламын деп балғаң мен қайлаңды сайлау үшін
ыстық қайрат пен
қайтпас қайсарлық қажет еді. Алып жүректі ұлды қазақ анасы туған екен. Ол –
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қайратты ұл өз халқын қашанда қияға
бастайды. Кезінде “осындай қиын шақта қазаққа жаңа астананың керегі қанша?”
деп көлгірсіп, кері тартқандар бүгін төмен қарайды, жанарымен жер шұқиды.
Астана барда Қазақ елі бар. Астана – қазақтың жүрегі. Қазақстан ұлан-байтақ.
Оның солтүстігінде әлі қыс қаһары қайта қоймаса, оңтүстігінде дән сеуіп жатады.
Ал осы алып елдің ниетін Астананың үстінде ұстау,
ең алдымен, халықтың
Елбасына деген ыстық ықыласына, Елбасының төл перзенті саналатын Астанаға
деген сүйіспеншілігіне байланысты болса,
екіншіден, мұнда болып жатқан әр
жаңалықты жұрттың назарына күн сайын жеткізіп тұрған бұқаралық ақпарат
құралдарына, соның ішінде өзіміз сүйіп оқитын “Егемен Қазақстан”
газетіне
қатысты екендігін айта аламыз.
Тапсырма:
1. Жоспар құрыңыз.
2. Тақырыпты ашатын сұрақтар құрастырыңыз.
3. Сұрақтарға мәтін мазмұнына сай өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз.