Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет29/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   162
II
тарау


39
ЛЕК
СИКА-
ГР
АММА
ТИКА
ЛЫҚ БӨЛІК
Лексика-грамматикалық 
бөлікке шолу
Лексика-грамматикалық бөлік бойынша тілдік құзыреттілікті 
функционалдық тұрғыдан қалыптастыру, тілдік ерекшеліктерді ескеру, 
берілген тест тапсырмалары мазмұнының аутенттілігі, шындық 
өмірге сəйкестігі, тест мазмұнының тестіленушінің тілдік деңгейіне 
сай келуіне жəне т.б. қажетті тілдік білік-дағдыларын қалыптастыруға 
бағыттау ұстанымдары басшылыққа алынды. 
Мақсаты мен міндеттері:
• тестіленушінің лексика-грамматикалық құрылымдарды орынды 
қолдана алу, тілдік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау
• тест тапсырушының білімін тілдік, танымдық, 
лингвомəдени-танымдық, ұлттық-əлеуметтік тұрғыдан тереңдету;
• берілген тест тапсырмалары арқылы коммуникативтік бағыттағы 
дағдыларды қалыптастыру.
Лингвистикалық біліктілікті бағалау тестілерін орындау үшін 
алдымен лексика-грамматикалық, фонетикалық түсінік қалыптастыру 
керек. Ол үшін грамматикалық ережелермен мұқият танысып, сол 
бойынша тілдік материалды коммуникативтік қарым-қатынаста 
қолдана алатындай деңгейге жеткен жөн. Тест мазмұнында 
мүмкіндігінше тілдік терминдер қолданылмайды, тест тапсырушы 
контекске, лексика-грамматикалық құрылымдардың тіркесуіне қарай 
дұрыс жауапты таңдай алады.
Оқу құралындағы лексика-грамматикалық бөліктің құрылымы:
• тест тапсырушы өз мүмкіндіктерін алдын ала тексеру үшін 70 
тест тапсырмасы беріледі;
• лексикалық немесе грамматикалық тақырыптың түсіндірмесі, 
ережесі мысалдармен беріледі;
• сол тақырыпқа қатысты тест тапсырмалары талданады, дұрыс 
жауапты табу жолдары көрсетіледі;
• сол тақырып бойынша түрлі тілдік дағдыларды қалыптастыру 
үшін тест тапсырмалары жауапсыз беріледі;
• тілдік дағдыларды пысықтау үшін əр тақырыпқа арналған жаттығу 
жұмыстары оқу-əдістемелік құралдың соңындағы қосымшада 
көрсетіледі;
• соңында 70 қорытынды тест тапсырмасы беріледі.
Лексика-грамматикалық бөліктің тест тапсырмаларын орындау 
үшін 50 минут беріледі.


40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет