60
Меншіктіктікті білдіру
Қазақ тілінде бір заттың екінші бір затқа тəуелді болуын тəуелдік жалғауларынан
басқа -нікі, -тікі, -дікі формалары да білдіреді. Олардың
жіңішке нұсқалары ғана
қолданылады.
Бұл формалар ілік септіктің -ның/нің, -дың/дің, -тың/тің жалғауы мен -қы/кі, -ғы/гі
формаларының бірігуінен пайда болған.
Бұл формалар заттың кімге меншікті, тиісті екенін білдіргенде сол зат атауынан
кейін қойылады: еңбек балалардікі, бұл ақша сендердікі, мына орын менікі т.б.
Қолданылу ерекшеліктеріне қарай сөйлемнің əртүрлі мүшесінің қызметін
атқарады: Бұл пəтер Гүлсімдікі. Біз бүгін Айнұрдікіне барамыз. Сенікінен көшірді.
♦ Қажетті қосымшаны жалғаңыз.
Вставьте соответствующий
суффикс.
Көзілдірік атам....
A) -тың
B) -нікі
С) -тікі
D) -дікі
1) -тың қосымшасының
алғашқы дыбысы - қатаң ,
ал атам сөзінің соңғы дыбысы - үнді;
2) -нікі қосымшасы дыбыс үндестігіне сəйкес
келмейді;
3) -тікі қосымшасының алғашқы дыбысы -
қатаң , ал атам сөзінің соңғы дыбысы – үнді
болғандықтан жалғанбайды;
4) -дікі қосымшасы дыбыс үндестігі бойынша
сəйкес келеді: қосымша ұяң дыбыстан, атам сөзі
үнді дыбысқа аяқталған.
♦ Меншік иесін көрсетіңіз.
Укажите принадлежность лицу.
А) Оң жақтан көкпен боялған үй көрінді.
В) Оң жақтағы көкпен боялған үй Асандікі.
С) Көкпен боялған бір қабатты үлкен үйді таптық.
D) Асан оң жақтағы көкпен боялған үйге кіріп кетті.
1) -тың қосымшасының алғашқы дыбысы - қатаң , ал атам сөзінің соңғы дыбысы - үнді;
2) -нікі қосымшасы дыбыс үндестігіне сəйкес келмейді;
3) -тікі қосымшасының алғашқы дыбысы - қатаң , ал атам сөзінің соңғы дыбысы – үнді
болғандықтан жалғанбайды;
4) -дікі қосымшасы дыбыс үндестігі бойынша сəйкес келеді: қосымша ұяң дыбыстан, атам сөзі
үнді дыбысқа аяқталған.
♦ Диалогті толықтырыңыз.
Дополните диалог.
– Мынау тіркелмеген құжат кімдікі?
– ... .
А) Менікі
В)
Сенде
С) Оның
D) Сізден
1) менікі сөзі сұраққа нақты жауап береді;
2) сенде сөзі қойылған сұраққа жауап бере
алмайды;
3) оның – сұраққа жауап бере алмайды, бұл
сөзден кейін тəуелді сөз айтылуы керек;
4) сізден сөзі кімдікі?
сұрағына жауап ретінде
қолданыла алмайды.
14
Тиісті қосымшаны жалғаңыз.
Вставьте соответствующий аффикс.
Мынау көк автомобиль ағам..., оны жақында ғана сатып алды.
А) -тікі
В) -ікі
С) -нікі
D) -дікі